Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1893 2 пікір 26 Қазан, 2022 сағат 12:47

Бюджет тапшылығы 2,5 пайызға дейін төмендейді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еліміздегі бюджет тапшылығына қатысты түсінік берді.

«Жалпы бюджет тапшылығы артып отырған жоқ. Керісінше, жыл сайын жалпы ішкі өнімге шаққанда бұл көрсеткішті азайтып отырмыз. Биыл 3,3 пайыз болса, келесі жылы 2,7 пайызға дейін түсеміз. Одан кейінгі жылдары 2,5 пайызға дейін азаяды. Атап айтқанда, біздің экономикамыз өсіп келді. Сонымен қатар қаржыландыратын бағыттар көп екенін ескерсек, бюджет тапшылығы болады. Бюджет тапшылығы болмас үшін керек қаражатты Ұлттық қордан толығымен жабу қажет. Алайда біз Ұлттық қорға түсетін қаражатты сақтап, оның сомасын арттыру бағытында бюджет тапшылығына барып отырмыз», - деді Ерұлан  Жамаубаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, әлемдегі ауқыммен салыстырғанда Қазақстандағы бюджет тапшылығы елеулі соманы құрамайды.

«Дүниежүзінің ауқымымен қарағанда, біздегі бюджет тапшылығы (жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3 пайыз) соншалықты көп емес. Мұнымен қоса, біздің сыртқы қарыз 24 пайыздан (жалпы ішкі өнімге шаққанда) аспайды. АҚШ-тың, Еуропа елдерінің сыртқы қарыздары 100 пайыздан асып кетеді», - деді Қаржы министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық қайта құру және Даму банкінің қарызы Қазақстан Республикасына 345 млн еуро сомасында 2,5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 11,5 жыл өтеу мерзімімен беріледі

2025 жылға қарай елімізде бюджет тапшылығы 2,5 пайызға дейін төмендейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347