Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 2626 1 пікір 31 Қазан, 2022 сағат 14:31

Ұлттық Банк базалық ставканы 16%-ға дейін көтерді...

Pushing down interest rate

Базисті пункт, базалық ставка мен инфляция мәселелері жөнінде айтсам.

Бүгін Ұлттық Банк базалық ставканы 16%-ға дейін көтерді. Кәсіби терминге салсақ, ставка 150 базисті пунктке көтеріліп отыр. Осы орайда, базисті пункт - көп әріптестерге әлі таныс емес ұғым.

1 базисті пункт - 0,01 пайызға тең. Сәйкесінше, 150 бп. - 1,5% болады. Яғни, базалық ставка бұған дейінгі 14,5 пайыздан 16 пайызға көтерілді. Арасындағы айырмашылық - 150 базисті пункт.

Базалық ставка инфляцияны ауыздықтау мақсатында нарықтан басы артық өтімділікті (ақшаны) алып тастау үшін көтерілді.

"2022 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция болжанған көрсеткіштен айтарлықтай ауытқып, 17,7% құрады. Инфляцияның барлық құрамдас бөліктері бойынша бағаның орнықты өсуі байқалады. Тұтыну бағаларының маусымдық сипатты есептемегендегі шілде айында өсуі баяулағаннан кейін ол соңғы айларда айтарлықтай жеделдеді. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 26,8% (2022 жылғы шілдеде – 17,7%) болды. Базалық инфляция жылдық мәнде 19,7%-ға жетіп, жоғары деңгейде қалыптасуда. Бұл экономикада ұзаққа созылған жоғары инфляциялық аяны қалыптастыру тәуекелін көрсетеді", - деп жазады, Ұлттық Банк.

Қарапайым түсіндірсек, қыркүйек айында инфляция 26,8 пайызға бірден секірген. Ал жыл аяғында (қараша-желтоқсан) тағы да өсетін түрі бар. Базалық ставканың осы қазандағы өсуі инфляцияны тоқтатпаса, 5-ші желтоқстанда ставка тағы да өзгеруі мүмкін.

Айбар Олжаев

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036