Жұма, 22 Қараша 2024
1768 1 пікір 1 Қараша, 2022 сағат 14:27

4 қарашадан бастап сайлаушылар сайлау учаскелеріндегі тізімде өзінің бар-жоғын тексере алады

Азаматтар басқа учаскеде дауыс берген жағдайда 4 қарашадан бастап есептен шығару куәлігін ала алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров хабардар етті.

"Жергілікті атқарушы органдарға екі тапсырма берілді. Біріншісі – жазбаша өтініштер, оның ішінде уақытша тіркелген азаматтар негізінде азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы кеңінен хабардар ету. Екінші тапсырма – ақпараттық сервистердің, дәлірек айтсақ, колл-орталықтардың, цифрлық сервистердің, интернет-ресурстардың сайлаушылар тізіміне енгізілуін тексеру және азаматтарға олардың сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы ақпарат беру бойынша барынша жұмыс істеуі керек", – деді Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, сайлаудың дұрыс ұйымдастырылуы дауыс берушілер тізімінің тиянақты жасалуына байланысты.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған бюллетень мәтіні бекітілгенін айтты. Президенттікке үміткерлердің аты-жөні алфавиттік ретпен жазылған және "бәріне қарсы" деген жол енгізілген. Орталық сайлау комиссиясы "бәріне қарсы" деген жол сайлау нәтижесіне ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді.

ОСК тағы 63 бақылаушыны аккредиттеді. Аккредиттеуге ұсыныс түсуіне қарай халықаралық байқаушылар бойынша деректер жаңартылады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5272