Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 2792 9 пікір 2 Қараша, 2022 сағат 13:03

Қаңтар батыры неге ұмытылды?!

"Таласқа түссе жан мен ту,

Жан емес маған керегі..."

Алаулаттық, жалаулаттық. Ашық аспан астында "Алаш ұлдары" мен Ерке Есмаханның концертін көрдік. Содан соң отшашуды тамашаладық. Үйге түн жарымда бір-ақ келдім. Келе сала мұрттай ұштым. Тұла бойымды әбден суық алып қалыпты. Жұмысқа бара алмай жатырмын",- дейді мәдениет саласында қызмет істейтін бір танысым.

Әдетте наурыз айы туа сала, сандықтағы шапанымызды алып шығатынбыз. Кешегі мерекеде кезек көк туға тиді. Көше толы ту ұстаған,  жамылып алған, оранып алған көп халық.

Иә, Республика күні ту ұстап шыққанның еш сөкеттігі жоқ шығар. Көк туымызды ұлттық мақтаныш, патриоттық сезіммен көтеріп жүргендер болса – мархабат. Бірақ қызық үшін, сән үшін, селфи үшін ұстап жүргендер қаншама.

Әсершіл боламыз деп, әсірешіл боп кетеміз кейде. "Әсіре қызыл тез оңар...".

Иә, бейбіт күнде бәрі батыр, бәрі патриот. Нағыз ер – ел басына күн туғанда, ту көтеріп шығар болар!

Қаңтар қасіреті кезінде, көк туды оқ пен оттың ортасынан алып шыққан Берік Әбішевтей қайсар қазақты кейіміз білсек, кейіміз біле бермейміз. Кешегі мерекеде ол азамат туралы мүлде ұмытып кеттік.

 

Мұрат Рақымжан

Семей қаласы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279