Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 3205 30 пікір 14 Қараша, 2022 сағат 13:18

Ыстамбұлдағы теракт: Қазаққа төнген қауіп

Кеше Ыстамбұлда ірі жарылыс болды. Түркия билігі мұны «теракт» деп мәлімдеді. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу билікте Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдерінің шабуылға қатысқаны туралы дәлелдер бар екенін де жеткізді.

Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланған.

Түркияның ірі қаласында мұндай көлемдегі жарылыс көптеген жылдардан кейін кеше қайталанып тұр. 2015-2017 жылдары Түркияда ДАИШ ұйымы мен күрд жасақтары бірнеше рет жарылыс жасаған.

Түркиядағы жарылыстардың хронологиясы:

2015 жылдың шілдесі: Оңтүстік-Шығыс Түркияның Сириямен шекаралас Суруч қаласында кем дегенде 30 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланды.

2015 жылдың тамызы: Стамбулдағы полиция бекетіндегі бомбадан бес полиция қызметкері мен екі бейбіт тұрғын зардап шекті.

2015 жылғы қазан айы: Түрік астанасы Анкараның орталығында екі рет жарылыс болып, ол кем дегенде 95 адамның өмірін қиды және 200-ге жуық адам жарақат алды.

2016 жылдың ақпаны: Анкарада миналанған көліктің жарылуынан кем дегенде 28 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алды.

2016 жылдың наурызы: Анкарада миналанған көлік жарылып, кем дегенде 37 адам қаза тауып, 70-тен астамы жараланып ауруханаға жатқызылды.

2016 жылдың наурызы: Стамбулдың орталығы Таксим алаңындағы танымал Истиклял көшесінде жанкешті-терроршы бомба жарып, салдарынан бес адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды.

2016 жылдың маусымы: Стамбулдың басты халықаралық әуежайы «Ататүрік»-ке шабуыл жасалып, аз дегенде 41 адам қаза тауып, тағы 239-ға жуығы жарақат алды.

2016 жылдың тамызы: Сирия шекарасына жақын Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп ауылында үйлену тойы үстінде 50-ден астам адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

2016 жылғы қазан: Түркияның оңтүстік-шығысы Хаккари ауылындағы әскери базада миналанған көліктің жарылуы кем дегенде 18 адамның өмірін қиды.

2016 жылғы қараша: Күрдтер басым орналасқан Түркияның оңтүстік-шығысында тоғыз адамның өмірін жалмаған көлік жарылысы болды. Оның жауапкершілігін ДАИШ өз мойнына алды.

2016 жылғы желтоқсан: Түркияның Ыстамбұл қаласында екі рет жарылыс болып, кем дегенде 38 адам қаза тапты, оның көбі полиция қызметкерлері еді. Сондай-ақ 160-тан астам адам жарақат алды.

2017 жылғы қаңтар: Стамбулдағы адам толы түнгі клубқа шабуыл жасалды. Нәтижесінде кем дегенде 39 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

2017 жылғы қаңтар: Қала губернаторының мәлімдемесіне сәйкес, Эгей теңізінің жағасында орналасқан Измир қаласындағы сот ғимаратында жарылыс болды. Салдарынан кем дегенде екі адам қаза тапты, полиция қызметкері мен бірнеше адам жарақат алды.

2019 жылдың шілдесі: Сирия шекарасына жақын Түркияның оңтүстігіндегі Рейханлы қаласында миналанған көліктің жарылуынан кем дегенде үш адам қаза тапты.

2019 жылдың қыркүйегі: Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр ауылында жолға қойылған жарылғыш заттың кесірінен жеті адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды.

2022 жылдың қарашасы: Жергілікті губернатордың айтуынша және жарияланған бейнелер негізінде 13 қараша, жексенбі күні Ыстамбұлдың орталығындағы жаяу жүргіншілер көшесінде болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, 81 адамды жарақат алды.

Айгүл Орынбек, заңгер:

Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал!

Стамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған деп отыр! Соңғы уақытта біздің елде «тик-ток» әлеуметтік желісінде қара жамылған қарғалар көбейіп кетті деп дабыл қағып келемін. Дабыл қағуым бекер емес!

Отырып алып уағыз айтуларынан бөлек құдды өз уақыттарын күтіп, бір нәрсеге дайындалып жүргендей көремін. Қолдарына қару алулары да бекер емес!

Парламент депутаттары шұғыл түрде Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қара Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек!

Құзырлы органдар жұмыс істеу үшін оларға заң керек! Кеш болмай тұрып, тиісті  заң шығарып бізде миы уланған зомбиларды елімізден тазартайық!

Айжан Темірхан

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434