Апатқа ұшыраған АН-72 ақиқатты өзiмен бiрге әкеткен бе?
Шекара қызметiнiң директоры генерал Талғат Есетовтiң жұмбақ қазасына қатысты тағы бiр жорамал пайда болды. Комитеттегiлер "жобалаған" болжамға сенсек, ол 25 желтоқсан күнi Шымкент қаласының маңында құлаған АН-72 ұшағын жөндеуден өткiздi деген белгi соқтырып, "Укрспецэкспорт" компаниясымен келiссөздер жүргiзген көрiнедi. Яғни, апатқа ұшыраған ұшақ қағаз жүзiнде "жөндеуден өткен", Астанада ұсталған украиндiк компанияның өкiлдерi осыған байланысты түсiнiктеме берiптi-мiс.
"Егер АН-72 ұшағы тиiстi тексеру-жөндеу шараларынан толықтай өткiзiлгенде, ұшақ дiттеген жерiне жетер едi. Жағдай осылайша ушыққан тұста, генерал жұмыс кабинетiнде өз-өзiне қол жұмсаған". Кеше "Мегаполис" басылымы апаттан қаза болған 27 адамның қазасына Т.Есетовтi жанамалай кiнәлау басталғанын осылайша астарлап жеткiзiптi.

Естерiңiзде болса, президент Н.Назарбаев 30 қаңтарда шекара қызметiнiң жаңа директоры Нұрлан Жоламановқа мемлекеттiк шекарадағы қайғылы жағдайлардың бүге-шiгесiмен танысып-бiлуге бiр ай мерзiм берген-дi. Осы мерзiм iшiнде шекарашылардың iшкi, сыртқы жағдайын, шекара маңындағы елдiмекен тұрғындарының, тiптi шекара иттерiнiң немен қоректенетiнiне дейiн бiлудi тапсырған едi. Өкiнiшке қарай, шекара қызметiнiң басшысы бұйрықты орындауға кiрiскен тұста, бiрiнен кейiн бiрi екi бiрдей шекара қызметкерi жұмбақ жағдайда көз жұмды. Т.Есетовтiң өлiмiне қатысты тексеру жұмыстары жүрiп жатқан тұста Шонжы шекарашылар отрядында тағы бiр шекарашының өз-өзiне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Шекара отряды басшысының орынбасары капитан М.Қадырәлинов ақпанның 4-iнде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Бастапқыда капитанды отбасылық кикiлжiңнен өзiне қол жұмсауға мәжбүр болыпты делiнген бейресми ақпараттың тарағаны белгiлi. Алайда ақыл тоқтатқан азамат және екi баланың әкесi мұндай қадамға басқалай себептермен баруы мүмкiн деген болжамды айтушылар да жоқ емес.
Елiмiздiң шекарасынан тыныштық кеттi. Былтырғы мамыр айындағы "Арқанкерген" оқиғасынан кейiн әлi күнге жалғасып келе жатқан қайғылы жағдайлардың түптөркiнi тексерiлiп, зерттелiп бiтпедi. Десек те, шекара қызметiндегi былық-шылық туралы деректерге қарап, жуық арада бұл саланың тазара қоймасына көз жеткiзесiз. Осы 27 адамның өмiрiн жалмаған борт нөмiрi 72859 АН-72 ұшағы 2012 жылғы жаз айында Украинада жөндеуден өткен екен. Ұшақ пайдалануға 1990 жылы берiлген. Т.Есетов пен апатқа ұшыраған ұшақтың арасындағы байланыс қаншалықты қисынды? Ұшақтың жөндеу жұмыстарына генерал-майордың қатысы бар ма, жоқ па оны алдағы уақыттарда тергеу-тексеру жұмыстарының қорытындысы көрсете жатар.
Әйткенмен, бұл ретте шетел асқан Виктор Храпуновтың сөздерiн де келтiре кеткенiмiз артық болмас. Қанша дегенмен, кезiнде Қазақстанның төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiн басқарған, саяси билiкте таныс-бiлiстiгi бар адамның бiрi ол. "Республика" порталында жарияланған сұхбатында В.Храпунов қазақ шекара қызметiндегi жағдайларға, ұшақ апатына қатысты бүй дейдi: "Жалпы АН-72 ұшағы ең мықты әуе ұшақтарының қатарына жатады. Қазақстанға әкелiнген екi ұшақтың бiрi шекара қызметкерлерiнiң еншiсiне тиген-дi. Менiңше, бұл ұшақтың апатқа ұшырауының бiр ұшығы "Арқанкерген" шекара бекетiндегi қайғылы оқиғамен тiкелей байланысты болуы мүмкiн. Бүкiл шекара қызметкерлерi жайғасқан әуе ұшағы "Арқанкерген" ақиқатын "апатқа айналдырып", шындықты қаза болған адамдар арқылы бiрге "әкеткендей" көрiнедi маған". Бұл айтылғанның астарында қаншалықты шындық барын уақыттың еншiсiне салмасқа лаж жоқ.
С.МӘДИ.
«Жас Алаш» газеті