Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаһан жаңғырығы 2269 6 пікір 22 Қараша, 2022 сағат 15:52

Қыстағы қырғынға дайындық...

Украина соғысы позициялық негізге өтті. Тараптар қысқы мезгілге дайындалуда. Жылы киім, жанармай және оқ-дәрі қорын арттыру үстінде. Ұрыс даласында артиллериялық соққы алмасу, зымыран соққыларын жасау жүзеге асуда.

Украина әскері азат еткен Херсонда қинау орындары анықталуда. Украина құқық қорғау органдары Херсонда 4 қинау орыны болғанын анықтады. Басқыншылар қаланы басып алған сәтте Украинаны жақтайтын жергілікті халықты қудалаған.

Халықаралық сарапшылар мен әскери ұйымдар Ресейдің сәтсіздігі жайлы айтуда. НАТО төрағасы Йенс Столтенберг Ресей қателік үстіне қателік жасап жатқанын айтуда. "Путин Украинаны бірнеше күн ішінде жеңемін деп ойлаған еді. Тоғыз ай өткен соң Ресей сәтсіздік үстіне сәтсіздікке ұшырауда. Украина өз жерін азат етуді жалғастырып жатыр. Жақын күндері Херсонды азат етті", - деді Столтенберг.

НАТО Украинаға көмек беруді еселеп арттыру керектігін де бас айтты. ДДСҰ болжамы бойынша биыл қыс украиндықтар үшін өте қиын болмақ. Ресей Украина билігін тиімсіз келіссөздерге көндіру үшін Украинаның инфрақұрылымдарына соққы жасауда. Жарық, су және жылу жзүйелеріне соққы жасалып, 40 пайызға жуық инфрақұрылым кешені істен шыққан. Ондаған миллион украиндық жылу мен жарықсыз қалуда. Киев билігі украиндықтарды көктем басталғанша ыңғайы келсе ауылдық аймаққа көшуге шақырды. ДДСҰ Украина аумағын атқылаудың салдарынан жүздеген емхана мен аурухана істен шыққанын айтады. Бұл науқастарды емдеуде үлкен кедергі келтіруде.

Ұрыс даласында Ресей әскері Бахмутты басып алуға тырысуда. Бахмут маңындағы ұрыстардың жалғасып жатқанына төрт айдан асты. Мобилизацияланғандардың басым көпшілігі осы бағыттағы шабуылдарға қатысуда. The Guardian басылымының жазуынша Херсон маындағы қоқыс өртеу полигонында басқыншылар өз сарбаздарының мүрдесін өртеген. Херсонды Ресей әскері зымыран соққысының астына алуда. Бірнеше бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше нысан үйіндіге айналды.

Украинаны халықаралық дейгеде қолдау артуда. Норвегия Украинаны қыс мезгілінде газбен қамтамасыз ету үшін 190 млн доллар қаржы бөлмек. НАТО-ның парламенттік ассамблеясы арнайы резолюция қабылдап, "Ресейді лаңкестік ел" деп тануды ұсынды. Люксембург Украинаға  HMMWV бронды көліктерін табыстады.

Украина әскері қыста шабуыл қарқынын бәсеңдетпейтінін айтуда. Шабуыл қарқынын бәсеңдету Ресей әскерінің бекініп алуына мүмкіндік беруі мүмкін.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541