Жұма, 22 Қараша 2024
Әдебиет 3482 5 пікір 28 Қараша, 2022 сағат 14:53

Қожа Ахмет Иасауидің ілімі

Қожа Ахмет Иасауидің ілімі – Адам баласының бұл дүниесі мен о дүниесін ұғындырып, екі дүниеде де бақытты өмір кешуге негізделген. Түркінің сакральды дүниесі мен Исламды ұштастырып, Мұсылман баласын бірлікке, жеке адам мен қоғамды тұтастыққа, жаратылыстың гармониясы мен діндер арасындағы төзімділікке бағытталған. Тіпті, мемлекетті басқаруда ұстанатын принцптерге де негіздеп кеткен. Жоқты іздеп, өзге елдердің шаблондармен шұғылданып өмір сүру арттақалыпбарады. Барымызды тану, өлгенімізді тірілту барысында Иасауи ілімін тану парыз.

Иасауи ілімінің негізі нақыл (Құран мен сүннет) мен ақыл. Ал, діни тәжірбиесі – ар ілімі. Құқықтық жағынан имам Әбу Ханифаның, діни-танымдық жағынан Матруди мектебін ұстанады. Әбу Ханифа һ 80 жылы дүниеге келген жас табиғин саналған. Сахабалардың соңғысы һ 110 жылы дүниеден өткен. Әбу Ханифа заманында өмір сүрген сахабалар: Әнәс ибн Малик, Абдулла ибн әл Ансар, Әбу Туфайл, Саһл ибн Сағт. Табиғиндер дәуірі һ 180 жылы бітеді. Әбу Ханифа һ 150 жылы дүниеден өтеді, яғни табиғиндер дәуірінде дүниеден өтеді. Пайғамбардың (с.а.у) ақидасын ұстанып: Рисәлә, Фиқһ әл Акбар, Фиқһ әл Абсад, әл Уасия және Алим уа Мутағалим атты еңбектерді тарихта алғаш хатқа түскен ақида болып жарыққа шығарды. Имам қайтыс болғансоң шәкірттері Әбу Юсуф пен Мухаммед ілімдерін жинақтап жазып мәсһабты қалыптастырады. Сенім мектебін одан ары алып жүрген келесі ғалымдар. Иманды үйрену тізбегі: Мұхаммед пайғамбар (с.а.у) – Ибн Масғуд – ибн Қаис – Ән Нахаи – Хамад – Абу Сүлеймен – Әбу Ханифа – Әбу Юсуф – әл Журжани – әл Иәди – Әбу Мансур әл Матруди. Демек Матруди ақидасын ұстанған халқымыз Пайғамбар (с.а.у) ақидасын XII ғасырдан бері ұстанып келген [1.10 б].

Иман - Иасауи ілімі бойынша аманат деп бекітілген және иманның тұрағы жан. Жан болмаса иман да, ақыл да болмайды. Ал, жансыз адам қоғамдағы міндетін де, Алланың алдындағы жауапкершілігінде атқара алмайды.

Адамның болмысы асылында үш нәрседен құралған. Олар: Тән, Жан және Рух. Мысалы: Тән – арба, Жан – арбаға жегілген ат. Рух – атты тізгіндеп отырған адам. Тән денеміз болғанда, жан иманымыз немесе имансыздығымыз осының арқасында жеке адамда, қоғамда харекетке түседі. Жанға қонақтайтын иман, атеизм немесе агностицизм болмаса бояулы жасанды идеологиялар (Уаһабизм, камунизм т.б) болуы мүмкін. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Ойдын қайдан алғанын, адам өзі сезбейді, жанның айдапсалғанын сезбеседе істейді» деген. Жан қашанда тәнді жетекке алған, айтқанына көндірген, қыл дегенін қылдырған. Тән жанның малайы десек артық айтқан болмаспыз. Ал, ұлт жанның бағдарын асыл (оригинал) иман мен түркі танымын түйістірген бабаларымыздың ілімін жаңғыртуымыз ләзім. Басқасының бәрі қазақты үлкен есеппен алғанда түркі әлемін құрдымға жібереді. Кізіргі таңда ұлт жаны кезбелікте, қайыршылықта немесе алтыбақан алауыздықта жанға қойылған иманы не идеология жоқ, сол себепті ауызбірлік деген атымен жоқ. Қазір біз бір ұлт болғанмен әрқайсымындың жанымызда әртүрлі құндылық тұр. Осыдан ұлт тағдырына алаңдамайтын мақсатсыз парақор, кеңірдегін ойлаған ақсақал, жұртты алдаған алайақ, ақшаға құмар жезөкше, шенді мен жасқа дейін жайлаған суицид, сектанттар. Көзіңді бақырайтып қойып ұлт қазнасын тонайтындар деген сияқты негативті топтардың себебіне әкелді. Сондықтан, Иасаудің ілімі халқымызды құтқаратын иман мен салт сананы ұйыстырған ілім аманат. Иасауи «Әзіз жаның аманат, жүрме бейқам» дейді. Қазақ халқының діни дүние танымы мен салт-санасы өткені мен болашағы осы ілімде. Еш үрейсіз қабылдануы қажет, себебі маралдық этикалық ұстанымдар ешқашан ескірмейді. Ұлттық идеологияда осы. Қожа Ахмет Иасауи – түркі әлемінде өзіндік іләм қалдыррып, ойлау қалыптары мен дүниетанымдық жүйемізге исламдық құндылықтар негізіндегі ар түзейтін ғылымның маральдық-этикалық арнасын көрсетіп кеткен тұлға.

Иасауи ілімінің қоғамға алғашқы үйретері шындыққа бет бұру. Шындыққа бет бұрар болса, қоғамның барлық қулықтары ашылады. Әлемді Жаратқан Шын ол Алла Тағала. Шәкәрімше айтсақ: «Шынды білгің келсе егер, ең әуелі жанды біл. Ең керекті үш сұрақпен жан құлағын бұрапқой. Келдім қайдан? Қайтсем пайдам? Өлгеннеңсоң қайда барам?» дейді. Иасауи: бағытын білген адам немесе ұлт ішкі еркіндікке кенеледі [2.209 б]. Ал, бүгінгі ашық және демократиялық қоғам құру жолында Қазақстанның тәуелсіздігі мен баянды болуы үшін елге ішкі еркіндікке жетке әрі «ерін ойлайалатын» адамдар керек. Иасауи бойынша адам жаратылысынан бір нәрсеге құлдықты аңсап тұратын жаратылыс дей келе: «Шынға құл болғандар ғана құлдықтан босайды. Оған құлдық ұрмаған жаратылысқа құл» деген. Жаратушыға құл болмаған адам нәпсі мен құмарлығының құлы атанып ел тонауды күнә көрмес, ақша мен дүниенің құлы болып ұлттың қазынасы мен кенін сатудан тағыда басқа иттіктен тайынбас. Еркін ой дұрыс жанға қонақтаған иманнан келмек әрі Иасауи іліміндегі бұл идея мемлекеттің тұрақтылығына кепіл боларлық санаға қонымды дүние. Тарихта талай империялар, патшалықтар, халифат және мемлекеттердің басталуы мен аяқталуын білеміз. Ал, біздің еліміз мәңгілік ел ма? Осындай сұрақтардан кейін бабаларымыздың ілімдерінен басқа жол жоқ екенін байқайсыз. Ар түзеу мен еркін ой мемлекеттің тірегі.

Екінші ілімі адамдар арасындағы тең құқықтыққа бағытталады. Дін аралық диолог пен толеранттылықты дәріптейді. Иасауи қазақ мұсылман түсінігінің негізін қалаушы ұстаз ретінде шынайы мұсылман бірге табақтас болып отырған адамдардың діні мен тегіне мән бермейтін адам деп анықтама берген болатын. Ал, толираттылықты Иасауи: «Адамды балшықтан жараттық» деген Құран аятына сүйеніп «Адам топырақтан жаратылса, топрақтың екі сипатын бойына алуы керек. Біріншісі: топрақтай талерантты болу «Топырақ бол сені әлем басып өтсін» десе. Екіншісі: Жер сияқты өнім беруге иәки жасампаз болуды айтты»[3.49б].

Иасауидің мемлекеттік жүйені реттеу жолында ұстанған ұстанымдары «отан», «тыныштық», «бауырластық». Осыларды талдайтын болсақ Отан ол мекен яғни кеңістік. Адам негізгі отанына баруына сынақ осы отаны, тірі кезіңдегі отаныңда адамдыққа жетсең, шынайы отанға жетеді. Сондықтан да Иасауидің отан ұстанымы – ең басты тұғыр. Отан Алланың сынақ кеңістігі. Отанды сүйю, аялау, қызметінде болу, қорғау арқылы негізгі Отанға жетеміз. Пайғамбарымыз “Отанды сүю иманнан” деген.

Заман бұл адамның өзі сүріп жатқан кезеңді лайламауы, тыныштықты бұзбауы. Алла мен адамның ортасындағы байланыс жолдарды үзбеуі. Әлеуметтік, психологиялық, эканомикалық, саяси тұрақсыздықты тудырмау. Иасауи ілімі заманның азбау үшін сопылық жолын зерттеді. Сопылықта ақиқатты сөзбен айтып жеткізу қиын. Сопылықта сөз екінші орында, бірінші орында хал. Яғни сөз деген «қал» болса, рухани тәжірбиеміз «хал» деп аталады. Адам кейкездері кейбір нәрселерді хал арқылы ғана түсіне алады. Мәуләна Румише айтсақ: «ғашықтық деген не?» -деп сұрағанға, «Мен сияқты бол, сосын көресің» деп жауап беруінің өзі, халды сөз арқылы түсіндіріп, танытудың мүмкін еместігін меңзейді. Жалпылама алғанда Иасауидің ілімін түсіну жолыда әзірше қыйындау болып тұр. Ілімді түсіну үшін Иасауидың тарихын, балалық шағын, ата-анасын, ұстаздарын, сол кезеңдегі діни және саяси ахуалды жақсылап ұғынуымыз керек. Екіншіден хал ілімін ұғарлық һәм шариғат пен ақиданы және ахлақ ілімдеріне тереңірек үңілетұғын әрі көненің жазылмаған бабалар заңын білетін орта қалыптастырып зертеуіміз керек.

Қашанда қазақтың екі сакральды құндылығы һәм құты болған. Қазақтың маңдайына біткен қос құты: Иман мен ұлттық сана. Ұлттың дәстүрлі Ислам атты кеніне, екі жолмен шабуылда жасалуы тоқтатылмады. Оның біріншісі: Ұлтқа жеккөрінішті болсада, санамызда дәстүрлі дінімізге деген менсінбеушілік пен бабаларымыздың жолын, дұрыс жолын терістейтін отырып «шірік» пен «бидағатты» ұрандатып, сопылықты, ұлттық сананы мансұхтайтын сәләфизм идеологиясы әлі күнге тайрандауда.

Тарихта қазақты ислам дінінен айыруға жасалған түрлі идеологиялық шабуылдар айтарлықтай нәтиже бермегені ақиқат. Ислам діні қазақтың қантамырлары арқылы бойына нықтап сінген. Ал бүгінгі таңдағы жастардың Уаһабизімнің жетегінде кетуі діни сауатсыздықтан емес бәлкім өзін-өзі танымаудан, тарихын танымаудан, тілін ұқпаудан, рухани тұлғалардың келешекке қалдырған білім мұраларын түсінеалмауында болар. Мәшһүр Жүсіп бір сөзінде: «Дүниеде 77 тіл бар, соның ішінде араб тілі – асыл тіл. Өйткені, Құран ғараби, араб тілінде түскен. Екінші асыл тіл – қазақтың тілі. Қазіргі жүрген замандастарымыздың (ХІХ ғ) бірде-біреуі қазақ тілін білмейді. Шіркін, білсе ғой. Дін де, ғылым да, әулиелік те қазақтың тілінде тұр», – дейді» [4]. Мәшһүрдің заманы қазақтың қаймағы бұзылмай, сөз арасы қазіргідей бөтен сөзбен былғанбай тұрған ХІХ ғасыр еді. Сол кездің өзінде Мәшһүр Жүсіп осылайша дабыл қақса, қазақ тілін білемін деп жүрген қазіргілердің жайын не деуге болады. Қазақтың тілі ертең өшсе, мен бүгін өлуге дайынмын деген сөздің астарында қазақ тілінің құдіреттілігі, руханиятты, дінді, білімді, әулиелікті толығымен қамтыған құзіретті құрал екендігін айтқан. Қазақ тілін түсіну үшін терең ілім керек, себебі; ұлттың коды тіл. Тілді қалыптастыруға талай тұлғалардың еңбегі сіңген, талайы шаһит кешті. Иә әр қазақ тіпті әрбір мұсылман рухани жаңғыруын өзінен бастайды, өзінің кім екенін білген соң, бабаларының Иләһи сенімі қандай болғандығын білгеннен соң адаспайды. Шығысқа немесе Батысқа жалтақтап түсінілуі жеңіл, қабылдаумен қазақылық руханияттан, салт-санадан айыратын идеологияларды қабыл ету өте жеңіл, бірақ бұлай етумен қазақи болмыстан айырылады. Ал, өз жұртының теңдесіз ғұламаларын түсінуге қажырлы харекет керек. Қай саланың маманы болсын рухани жаңғырудың алғашқы баспалдағы Алланы дұрыс тану арқылы ғана болмысын сақтайды, жетістікке жетеді.

Қазіргі заманда еліміздегі сәләфизм бағытына тосқауыл болатын тілдің мәртебесін көтеру, сөз қадірін, сөзге тоқтау қасиеттерімізді жастардың санасына құюдың жолын сан-қырын табу керек. Құран мен Хадисті түсіну үшінде сөзге тоқтау қабілеті керек, Ақиданы Ислам сенімін түсіну үшін тауилді (сөздің астарлын ұғыну) тауфидті (транцинденттілікті) дұрыс түсіну маңызды.

Екіншіден: Ұлттың ғасырлар бойы құнттап, қадір тұтып кележатқан исламға дейін жазылмаған дала заңдарын, баға жетпес философиясын, әдет- ғұрпын, дүние танымын мақтай отырып қазақты исламнан ажыратамын деген тәңіршілдер деген топ байбалаң салуда. Осы идеологиялар мен секталарға қарсы тұру мақсатында Иасауи ілімі мен жазған еңбектері таптырмайтын еңбек. Біз осы салада көптеген еңбектер мен зерттеулер жүргізгеніміз өте дұрыс деп ойлаймыз

Мамырбаев Дидар Жетпісұлы,
гуманитарлық ғылымдарының магистрі,
Абай атындағы қазақ ұлттық
педагогикалық университеті, аға оқытушы.

Жұбандықов Асқар,
Абай атындағы қазақ ұлттық
педагогикалық университетініңстуденті.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Тәжібаев С. Пайғамбар ақидасы (с.а.у). Алматы. Нұр Мубарак баспасы. -62б.
  2. Досай К. Зайырлы ел – қайырлы ел. Астана, -392 бет.
  3. Керімбай, Ә. Нәби, М. Төлеген. Отбасы христаматиясы. Алматы 2022. -552 б.
  4. Жамбыл Артықбаевтың «Мәшһүрдің ғибратты сөздері» аудио жинағы.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5255