Алтынбек Алдоңғаров. Шенеуніктер мектеп мәселесінен мақұрым
Еліміздегі білім беру саласын Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған кеңейтілген кеңестегі сөзінде қатты сынады. «Мұғалімдер сабаққа дайындалып, өз пәні бойынша білімін жетілдірудің орнына толып жатқан бюрократтық іс-қағаздарды толтыруға мәжбүр», деді ол. Дөп айтылған сөздер. Білім беру саласы қазір оқушының басына білім егуді емес, толып жатқан қағаздарды толтырып, сонымен ғана бас қатыруға байланып қалған. Жергілікті жерлерде білім саласын тексеруге келген шенеуніктер баланың біліміне емес, қағаздардың толтырылған-толтырылмағанына ғана қарап, мектептің жәй-күйіне баға береді. Қатардағы ауыл мектебінің психологында 39 папкі, информаторында 25 папка тағы сол сияқты болуы керек екен. Бұл министрліктен жеткізілген арнайы норматив. Енді мына қызыққа қараңыз:
Шағын ауылдың мектебінде дипломы жоқ, бірақ сырттай оқып жүрген маманды қызметке алса, директорға 100 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Директор: «Ау, дипломы бар маманды шағын ауылда қайдан табамын» десе, таба алмасаң, ол пән оқытылмай-ақ қалсын дейтін көрінеді. Міне, осы сөздерден-ақ олар үшін білімнің құны бір тиын екендігі көрініп тұр. Шенеуніктердің сайып келгендегі мақсаттары «недокомплект» деп сол мектепті жабуды ғана көздеу сияқты. Осы көзқарас мектепке, баланың білім алуына жаны ашығандық па?

Баяғыда, төменгі сыныптардың физика, химия, биология т.б. пәндеріне онжылдықты бітірген, бірақ оқуға түсе алмай қалған кейбір жақсы оқыған жастар сабақ бере беретін. Солардың алдынан оқып шыққан талай жас кейін тіпті сол саланың жақсы мамандары да болды. Ал, бастауыш сыныптарды қосып оқыту барлық уақытта практикада болды. Ал қазір... Жо-жоқ. Өліп кетсе де олай оқытуға болмайды екен. «Лучше ондай мектеп жабылсын» дейді «шалапотный шенеунік».
Соның бәрі заманмен, адаммен, жағдаймен санаспайтын заңдар қабылданғандықтан. «Шалапотный шенеунік» осы талаптарды өз ойынан шығарып тұрған жоқ, шала заңның сауатсыз тармақтарының талап еткеннін айтып отыр. Ал «шалапотный» заңды шығаратындар ешқашан мектепте қызмет етіп көрмеген... (депутаттар емес, олардың міндеті тек қабылдау үшін қол көтеру ғой, сондықтан ауызға алуға да тұрмайды) министрліктегі портфельдері жұп-жуан шенеуніктер, министрдің орынбасарлары және министрдің өзі. Сөзіміз жалаң болмас үшін министрліктегі басшылардың кімдер екендігін таныстыра кетелік.
Министр Бақытжан Жұмағұловтың өмірінде мектепке сабақ беріп көрмеген, мұғалімдіктің не екенін білмейтін, комсомол, партия белсендісі. Бірнеше жыл КазГУ-дің завхозы болған. Сөйтіп жүріп, қолдаушы ағаларының арқасында математикадан кандидаттық, докторлық қорғап, ғалым атанды. Сосын «Нұр Отанды» гүлдендірмек болып, Құдай нағыз өзіне лайықтаған орнына барып еді, бір уақытта министр болып шыға келді.
Орынбасары Мұрат Орынханов та математик. Бірақ бұ да мектеп есігін мұғалім ретінде ашып көрмеген адам. Новосібір университетінің математика факультетін бітіргеннен кейін өмір бойы КазГУ-дің матфагында қызмет етті. Осында жүріп ғылыми атағын қорғады. Жұмағұловпен жақындығының арқасында министрдің орынбасары болып шыға келді. Қазақша «ни бум-бум».
Тағы бір орынбасары Саят Шаяхметов мамандығы бойынша экономист. Мемлекеттік сатып алу саласында істеген. Одан министрліктің қарамағындағы АҚ-ды басқарды. Біраз жыл Жұмағұловтың орнын басып бұл да КазГУ-дің завхозы болды. Бұл да мұғалім болып көрмеген жан. Қазір вице-министр.
Мұрат Әбенов деген орынбасар Мәжіліс депутаттығынан келді. Сонда көзге түсіп, белсенді болып жүретін еді. Ақыры 2012 жылдың аяғында президент оны министрге орынбасар қылып тағайындады. Осы ғана «Жұмағұловтың адамы емес» сияқты, бірақ КазГУ-дің завхоздығына қатысы жоқ болғанымен бұл да математик. Мектептерде тиіп-қашып 1-2 жыл істеген, әйтеуір есігі қай жақтан ашылатынын білетін болуы керек. Бірақ негізгі жұмысы шенеунік, бизнесмен.
«Білім және ғылым саласын бақылау» деп аталатын, атынан ат үркетін комитет бар. Мектептерге қожаңдап, неше түрлі қағаздарды талап етіп келетін көбінесе осы комитеттің қызметкерлері. Оның бастығы Серік Ирсалиев деген адам. Бұл да мектептің ішіндегі жағдай түгіл есігінің қай жағынан ашылатынын білмейтін адам. Мамандығы бойынша орманшы. Ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты. 1993 жылдан бері оқу министрлігіне келіп, әртүрлі орынтақтарға секіріп жүрген еді. Бір күштінің арқасында болса керек, 1999 жылы Білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығының директоры болып шыға келді. Содан бері кім көрінген басқаратын білім беру саласында биік орынтақтан түскен жоқ. Қазір жоғарыда аталған қызметте.
Еріккен халықаралық ұйымдардың сынынан қорыққаннан білім беру саласына біздің халқымыздың менталитетіне жат, неше түрлі бақылау қызметтерін аштық. Соның бірі - балалар құқын қорғау комитеті. Әйтеуір қағаз толтырудан басқа пайдасы жоқ бұл комитетті Раиса Шер деген 60-тан әлдеқашан асып кеткен апамыз басқарады. Басқа жерлерде мұндай апайлар ендігі дем алып жатар еді, ал Раиса апамыз әлі де аттан түспей, қақшаңдап жүр. Бір сүйенері бар екені айдан анық. Бұл кісі де мамандығы педагог болғанымен мектепте сонау, 70-ші жылдардың басында 1-2 -ақ жыл қызмет еткен адам. Қалған өмірінің бәрі «атып кел, шауып кел» деген сияқты инспектор, методист т.б. сондайлар болған. Одан әрі аудандық, қалалық кеңестердің депутаты. 1996-99 жылдары Мәжіліс депутаты болған. Ол парламент таратылғанда осы министрліктің бір орынтағына қонжия қойған, содан бері мызғымай келеді. Ең қызығы, жуырда қазақ тілінен мемлекеттік қызмет агенттігіне емтихан тапсырып, «бес» алды. Қазақ тілін мүлде білмейтін, білгісі де келмейтін адамның осындай баға алғанына күлерсің бе, жыларсың ба?
Міне, білім беру саласындағы жоғарғы бастықтардың сипаты осындай. Көріп отырғанымыздай, министрлік басшылары мен қосшыларының арасында мектептің тынысын танитын, оқу ісінің меңгерушісі, директор болған бірде-бір адам жоқ. Бәрі де мектепте тер төгіп қызмет етіп көрмеген, баланың психологиясын, өскелең ұрпақтың сұранысын мүлде білмейтін, мектептің ішкі ахуалын жүрегімен де, жанымен де сезінбеген кездейсоқ адамдар. Сондықтан олардың шығарған заңы қайбір дұрыс болсын. Олар баланың басына білім мен тәрбие егуді, жақсы азамат қалыптастыруды ешқашан ойламай, тек бюджетке тиімді жағын ғана көксейтіндер сияқты. Мемлекетке келтіретін жалғыз пайдасы - директордың «жеп қоюына» тиым салуды ғана көздеу. Онымен айналысатын арнайы органдар, қаржы-бақылау, құқық сақтау қызметтері болғандықтан бізге білім беру саласы ең жоғарғы басқару органдарынан бастап төмен қарай түгел, өздерінің нақты істерімен айналысатын адамдар керек. Сонда ғана сапалы білім, саналы тәрбие болады.
Abai.kz