Жұма, 22 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 2341 6 пікір 1 Желтоқсан, 2022 сағат 16:15

Ақордадағы ауыс-түйіс: Әкімдер қалай ауысып жатыр?

Бүгін Президенттің жарлығымен өңірлердегі біраз әкімдер ауысты. Кейбірі орнында қалса, кейбірі креслосын жаңа басшыға босатып берді.

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев лауазымды қызметіне қайта тағайындалды.

Оның жасы – 46-да. Мамандығы — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі. 2018 - 2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болған. Алматы облысының әкімі қызметіне 2022 жылы 11 маусымда тағайындалған.

 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов та өз орнында қалды. 59 жастағы облыс басшысы әр жылдары маңызды қызмет орындарында істеді. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер. 2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі болған.  2019-2020 жылдары — ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары үш рет қатарынан  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал Ақтөбе облысының әкімі болып 2022 жылы 31 тамыздан бері істеп келеді.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың орнын Құмар Іргебайұлы  Ақсақалов ауыстырды. Экономика ғылымдарының кандидаты Ақсақалов 57 жаста. 2017 жылғы 14 наурыздан бастап бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған.

Жетісу облысының әкімі лауазымына Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев қайта тағайындалды. Ол алты айдан бері жаңа облысты басқарып келеді. Жасы – 60-та. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты. Ұзақ жылдар бойы әр елде елші қызметін атқарған.

2003-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы, Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

2008-2009 жылдарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

2009-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қырғыз, Әзербайжан Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов те өз қызметінде қалды. Жасы – 43-те. Мамандығы – экономист-математик. 2016 жылы Атырау қаласының әкімі болған. 2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, 2021-2022 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет істеді. 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Шымкент қаласының әкімі лауазымына Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қайта тағайындалды. Жасы – 41-де, мамандығы – инженер, заңгер. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері Шымкент қаласының әкімі қызметінде.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Айдарбек Сейпілұлы Сапаров тағайындалды. Жасы – 56-да. Мамандығы – зооинженер және мемлекеттік басқару бойынша бакалаврды бітірген. Бұған дейін 2019 жылдың наурызынан бері Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарған.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов лауазымынан босатылып, орнына облысты уақытша басқаруға оның бірінші орынбасары болған Олег Павелұлы Крук келді. Жасы – 55-те, мамандығы – инженер.

2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бүгінге дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып істеді.

Түркістан облысының әкімі лауазымына Дархан Сатыбалды қайта тағайындалды. Жасы – 48-де, Экономика ғылымдарының кандидаты.2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып істеген. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған. 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Түркістан облысын 2022 жылғы 31 тамызынан бастап басқарып келеді.

 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5272