Латын әліпбиі: Мұзафар Әлімбаевқа ашық хат
Құрметті Мұз-аға!
Жұртпен бірге Шахановтың латын әліпбиіне қатысты ашық хатына қол қойған екенсіз. («Жас Алаш», №13, 19 ақпан 2013 жыл). Соған орай өзіңізге бір ауыз сөз айтуға рұқсат етіңіз.
1940 жылы қазақ халқын латын әліпбиінен кириллицаға неге көшірді деп ойлайсыз? Оның сыры, бізге өздеріне тән в,ц,ч,щ және т.б. 9 әрпін тықпалап, біздің төл дыбысталуымызды түбірімен өзгертуді мақсат еткен. Сөйтіп, біз «багон» дегенді орыстарша «вагон», «сиркті» «цирк» деп таза орысша дыбыстайтын халге жеттік. Сөйтіп, өзімізге тілімізге тән үндестіктен айрылып қалдық. Қазірде орыс тіліне қарынға жабысқан талақтай болып, айырылмай қалғандығымыздың бір сыры сол. Енді латын әліпбиі арқылы өзімізге тән дыбысталуға көшсек, басқа себептермен бірге орыстың тілдік экспансиясынан құтыламыз ба деген бір үміт туып еді ғой. Әрине, басқа да себептері толып жатыр.
Кеңес өкіметі бізді аштан өлтірмей, тегін оқытып, тегін емдеп, тегін «мәдениетті адам» етіп тәрбиелегенімен ең түпкі мақсаты: ұлт ретінде жою болатын. 50 жылда (1939 жылы ұлттар мен ұлыстар 192 болса, 1989 жылы 102 ғана қалғанын білесіз) 90 ұлтты жойған жалмауыз советтік жүйе келесі 50 жылда тағы сонша халықты құрдымға жіберері сөзсіз еді. Соның ішінде біз де кетіп бара жаттық (20 пайыздайымыз кетіп те қалды).

Сондықтан латын әліпбиіне көшу - біздің ұлтқа өзімізше дыбыстау ерекшелігімізді құтқаруға жасалған бір жақсы қадам еді. Ал, Сіз ақсақал басыңызбен Шахановқа ерсеңіз - барлық беделден жұрдай боласыз. Егер президент «латын әліпбиіне көшпейміз» десе, ол көшу керек деп жар салар еді. Сөйтіп те атын шығарар еді.
Сіздің латын әліпбиіне көшсек бүгінгі жазылған дүниелерді болашақ ұрпақ оқи алмай қалады деген қаупіңіз негізсіз. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалы», Жүсіпбектің «Ақбілегі» т.с.с. халыққа қажетті дүниелердің бәрі кириллицамен басылмаса да кейін аударылып, қайта басылды. Яғни, керекті дүние керексіз болып қалмайды. Соның ішінде сіздің даналықтарыңыз да болашақта қазақ қандай әліпбиді ұстанса да соған аударылады. Оған сеніңіз.
А.Айталы, Ш.Елеукенов, М.Мырзахметов, Қ.Жұмаділов сияқты ағаларға да соны айтар едім. Мәселенің байыбына бармай, бетін қалқып бос шуылдап жүргендерге ере көрмеңіздер, ақылман ағалар.
Жанашыр інілеріңіз
Abai.kz