Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 14026 0 пікір 25 Ақпан, 2013 сағат 09:02

Әзірет Барбол. «Қазақстан 2030» стратегиясы: неден ұттық, неден ұтылдық?

Н.Назарбаев. «Қазақстан-2030» Стратегиясы: «Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.»

Н.Назарбаев. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: «Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде»

Н.Назарбаев. «Қазақстан-2030» Стратегиясы: «Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.»

Н.Назарбаев. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: «Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде»

Елбасымыз өткен жылдың соңында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялап, ұзақ мерзімге Қазақ елінің даму бағдарламасын жасап берген болатын. Бұл заңдылық. Өйткені кез-келген өркениетті мемлекеттердің барлығында да ұзақ мерзімді қамтитын Стратегиялық жоспарлары бар. Алайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: «Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде» - деп атағандай елдігіміздің символына айналған жаңа елордамыз - Астананың бой көтеруі, әлеуметтік-экономикамыздың күннен-күнге қарыштап өсуі, мемлекеттік үдемелі индустриялық бағдарламасының жүзеге асуы, инновациялық технологияларға қол жетіп қоғам игілігіне айналуы, жұмыссыздық барынша азайып, елімізде тұрақтылық орнап, этносаралық татулыққа қол жеткізуімідің арқасында еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, Ұйымның Саммитінің Астанада өтуі, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмені өткізуге қол жеткізудің барлығы әрине «Қазақстан-2030» Стратегиясының мерзімінен бұрын орындалуы деп ұқсақ, «қалғандары орындалу үстінде» деп Елбасымыз атаған, әлі толық орындалып болмаған, бірақ әлі «орындалу үстінде» тұрған   «Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі басым бағыттарын сөз етсек.  

Қазақстан - 2030 стратегиясы
1-ұзақ мерзімді басымдық: Ұлттық қауіпсіздік

1. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет.

2. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ.

3. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз.                            

4. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді.

5. Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.

6. Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне немесе қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білу үшін біз әлемге бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік-жігерімізді, азаматтығымыз бен отансүйгіштігімізді паш етуге тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.

7. Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.»

Қазақстан - 2030 стратегиясы
7-ұзақ мерзімді басымдық:

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРМЕН ҒАНА
ШЕКТЕЛЕТІН КӘСІПҚОЙ МЕМЛЕКЕТ

1. Бет-жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиіс.

2. Жаңа тұрпатты шенеунік - өз ұлтының отаншыл әрі әділ, ісіне адал және кәсіпқой білікті қызметшісі болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің беделін биік көтеру және қолдап отыру - біздің таяу жылдарда шешуге тиіс стратегиялық міндетіміз.

3. Кәсіпқойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік - кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың басты өлшемдері.

4. Кадрларды басқарудың жалпымемлекеттік жүйесін құру қажет, онда оларды елімізде және сырт жерлерде нысаналы әрі тиімді даярлаудың, оларды қызмет бабында жоғарылатудың әділетті тәртібі, бірыңғай ақпарат тетігі, әлеуметтік қорғау кепілдігі әрі басқарудың ең іргелі ресурсы - адамға деген сергек көзқарас қамтылуға тиіс.

5. Сонымен бірге бұл мемлекеттік жүйенің білімсіз, біліктілігі төмен қызметкерлерді ығыстыра алатын қабілеті де болуы керек. Әр қызметкер іс жүзінде өзінгің пайдалы екенін және керектігін ұдайы дәлелдеп отыруға тиіс.» - делінген ұлттың ұлы мұраттары айтылған болатын.
Енді осы жоғарыда айтылған «Қазақстан-2030» Стратегиясының басты бағыттары қай деңгейде орындалды?! Стратегияда Елбасы қойған талаптардың толық орындалмауы неліктен?! Қазақ қоғамы «2030-Стратегиясынан» не ұтты, неден ұтылды соны әлімізше талдап көрейік.
Жуырда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикадағы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңейтілген мәжіліс өткізген болатын. Сол жиында еліміздің бас прокуроры Асхат Дауылбаев баяндама жасап, соңғы кездегі құқық қорғау саласындағы басты кемшіліктерді жіпке тізгендей атап: «- Соттар қылмыскерлерді негізсіз түрде ақтап шығуын тоқтатар емес,», «-Соңғы үш жылда прокуратура наразылығына қарамастан 71 тұлғаға қатысты осындай жағдай болды. 2011 жылы Астана соты кісі өліміне қатысы бар Ботабаев деген азаматты ақтады. Ал прокуратураның барлық наразылығы алынып тасталды. Бір жыл өтпей жатып әлгі Ботабаев Іле Алатауы ұлттық паркінде болған қайғылы оқиғаға қатысы бар экстремистік топтың құрамынан табылды. Қазір ол іздеуде. Алайда судьялардың әлі ешбірі бұған қатысты өз мойнына жауапкершілік алған жоқ.» - деді бас прокурор. Елбасының: «Оның кісі өлтіргені дәлелденсе де сотталмаған ба?» - деген сұрағына А.Дауылбаев: «Иә, оның қылмысы дәлелденсе де, ол жазасын тартқан жоқ» - деп жауап берді. Аталған жағдайлардан хабардар болған Елбасы Жоғарғы Сот төрағасына: «Бұл жағдайға Бектас, неге жайбарақат қарап отырсыңдар? Жаңағы кісі өлтірген адамды сот бекер босатқан жоқ. Олар пара, яғни ақша алу жолымен босатып отыр. Неге оны жұмыстан қуып шықпадыңдар, халыққа неге айтпадыңдар?» - деп сынға алды.
- Елдегі тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздік мәселесі «Қазақстан-2050» Стратегиясында толық қамтылған, - деді Президент Н.Назарбаев. Сол секілді Елбасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовты орнынан тұрғызып: «Олар кімнің есебінен жалақы алып отырғандарын ұмытып кететін секілді. Бұл қызметкерлерге айлығы уақытында салық есебінен төленіп отыр. Неге тиісті тәрбиелік жұмыстар жоқ, неге сіздер осындай адамдарды көпшілік алдында жазаламайсыздар?» -деп мансабын теріс мақсатқа пайдаланғандарды әшкере етті.
- Коррупциямен күресетін органның қызметкерлері өздері пара алса, оған кім сенеді. Онда да жемқорлықпен біз «ұсақтарын» ғана құрықтаймыз, ал жоғарыда отырып бұйрық бергендерді ұстамаймыз, - деп атай отырып: - Мысалы, былтыр ғана қаржы полициясының 21 қызметкері осы іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Мен айтқан болатынмын, егер қызметкер қолға түссе, оның басшысы жауап беруі керек. Қаншасын ұстадыңыздар? Деген Н.Назарбаевтың сұрағына бас қаржы полицейі Рашид Түсіпбеков: «Біз аттестация өткізгенімізге қарамастан, тіпті аттестациядан кейін де біз пара алған алты қызметкерімізді анықтадық», - деді.
«Жалпы қаржы полициясы сияқты орган бізге керек пе? Әлде Сингапурдағыдай арнайы бюро жасаймыз ба? Не себепті қаржы полициясы жемқорлықпен күресе алмайды?» - деген орынды сұрақ тастады Н.Назарбаев.  
«Қазақстан - 2030 Стратегиясының «Ұлттық қауіпсіздік» атты 1-ұзақ мерзімді басымдығындағы: « Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ.» - деген ұлттың ұлы мұратын көксеген «Стратегиялық негіздерді» қалай орындалды деп айта аламыз егерде қауіпсіздік қызметкерлерінің өздері «ұлттық қауіпсіздікке»  «қауіп төндірсе»      
«Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.» - делінген «2030-Стратегиясында» айтылған басым бағытты орындадық деп те қалай мақтанамыз?! Егер де Елбасы Н.Назарбаев айтқандай: «Коррупциямен күресетін органның қызметкерлері өздері пара алып жатса?»
Сол секілді «2030-Стратегиядағы»: «Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз» - делінген «Стратегиялық жоспарды» да толық орындадық деп қалай айта аламыз?! Егер де  «2030-Стратегияда» аталған «тұрақты даму жоспарларын» жүзеге асырушы негізгі орган Мемлекеттік биліктегі жемқорлық дерті мемлекетіміз дамыған сайын күннен-күнге өсіп, еліміз өркендеген сайын тыйылмаса?!
Еліміздің бас санақшысы, қатын бастық «түгенше» түйені түгімен жұтып қашып кетіпті, Храпунов анау қазына мүлкін қармап қашып ол кетті» деген сөздерге қазақ қоғамының құлағы үйренгені сонша ол қазір «қалыпты» жағдай ретінде қалыптасты.  Мәселен соңғы кездегі отандық БАҚ-тардың бетінен түспей келе жатқан аты шулы «Храпунов ісінің» өзі мемлекеттік қауіпсіздігімізге қаншалықты сына қақты?! 2009 жылдың желтоқсан айында француздық «Билан» журналы оны Швейцариядағы ең дәулетті 300 адамның санатына қосқан. БАҚ-тағы мәліметтерде 2009 жылы оның жеке қаржысы 300-400 миллион швейцар франкіне, доллармен есептесек 360-480 миллион АҚШ долларына жетіпті. Әрбір қазақтың маңдай терінен жиылып, құралған қаржыны жымқырып, ақыры шетелге қашқан Алматы қаласының экс-әкімі болған, басынан бақайшығына дейін харамнан мал жиған, 20 қылмыстық істі мойнына жүктеген Храпунов 2004 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі, одан соң 2007 Төтенше жағдайлар министрі де болып үлгеріп еді.  
Интерполдың іздеуінде жүрген «Қазатомпром» АҚ-ның вице-президенті Рүстем Тұрсынбаев «мемлекеттік меншіктегі мүлікті талан-таражға салып» 20 млн. долларды алып шет асқан.
Осылайша шетел асқан, шетел қашқандарды тізбектей берсең кете бересің, кете бересің. Басынан бүлініп, билікте отырып, қазақтың қаржысын қымқырып қашып кеткендердің соңғы он үш жылда Қазақстаннан заңсыз шекара асырылған қаражат көлемі 300 млрд. долларға жуықтағандығын басқа емес, сол отандық билікшіл БАҚ-тың өзі жарыса жазаған болатын.
Осыдан соң «Қазақстан - 2030» Стратегиясының: «Бет-жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиіс», «Жаңа тұрпатты шенеунік - өз ұлтының отаншыл әрі әділ, ісіне адал және кәсіпқой білікті қызметшісі болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің беделін биік көтеру және қолдап отыру - біздің таяу жылдарда шешуге тиіс стратегиялық міндетіміз» - делінген «7-ұзақ мерзімді басымдығын» жүзеге асырдық, орындалды деп қалай айта аламыз?!  «Басқару корпусы батыл тазарды және жаңарды» деп қайтіп мақтанамыз, егерде дені осындай басқару корпусындағылар 300 млрд. доллар қазақ қаражатын алып қашып, елін сатып кетсе?!  
Бұл біз білетін әшкере болғандары десек, ел білмейтін, бірақ сол ел есебінен есіріп, елді елең еткізбей еңіретіп отырғандары қанша?! Қазір ең қауіптісі, қорқыныштысы осы болып тұр.     
«Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.» - делінген  «2030-Стратегиядағы» «демографиялық» мәселемізді қаншалықты шеше алдық, оған  Елбасымыз айтқан «мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайдылықпен қарамай», керісінше «Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылды» ма?! Десек те бұл мәселенің де «кенжелеп» артта қалып отырғандығын аңғару тағы да қиын емес.
Демограф Мақаш Тәтімовтің статистикалық мәліметі тастанды балаларды 80 мың деп көрсеткен. Ал, 120 мың кәрі қыздардың отбасын құрудан жеке өмірдің ләззәтін артық санауы осының дәлелі.     
Америкалық танымал саяси сарапшы Патрик Дж Бьюкененнің Орталық Азиядағы ұлттар өсімі туралы сараптамасы бойынша 2000 жылы біздің елде жылына 200 мың әйел жасанды түсік жасатса, соның 14 мыңға жуығы әлі кәмелетке толмаған қыздар екен. Ал, Қазақстанда жасанды жолмен түсік тастау Еуропа Одағы елдерімен салыстырғанда үш есе көп деген қорқынышты деректер де бар. Аяғы ауыр 100 әйелдің орташа есеппен 62-сі аборт жасатады екен. (Қалбай Әділ. «Қазақ қайтіп көбейер...» Заң газеті, №19, 2009)
Осылайша еліміздегі аяғы ауыр 100 әйелдің 62-сі ішіндегі қандай жолмен біткендігі белгісіз болған «арам сідік» баласын өзі қолша өлтіріп жатса оған не амал, не шара?! Жатырындағы тексіз «арамын» бойына шайтани жолмен «бітіргенде» бір, оны «өлтіріп» аборт жасатып алдыртқанда екі күнәлі болған қазақ қызының анандай ауыр халіне қарап қан жылағаннан басқа амалымыз бар ма?! Ал осындай жағдайды көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп өскен қоғамда жүріп: «демографиялық оппа» жағдайына тап болмадық» деп айтуға ауыз қалай барады?! Тіпті алаңдатарлығы сол - іріп, шіріп баражатқан Еуропа елдерінен асып түскендігіміз болып тұр. Сонда біздің кім болып, қайда бет алып, көш түзеп барамыз?! Жадыраған жарқын болашағымыз қайда?! Өткен тарихтағы атам қазақ айтқан: «Ұлт болудың басы - әуелі бесігін түзеген», «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлем» тербететін әйелдеріміз, әсіресе, өрімдей жас қазақ қызының анандай қасіретке душар болуы - «демографиялық оппаның»  нақ өзі болып тұрғандай.   

ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: «Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде» - деп атағандай «Қазақстан - 2030» дың әлі де орындалу үстінде тұрған негізгі басымдығы ол - «Ұлттық қауіпсіздік» мәселесі екендігінде дау жоқ. Оны жоғарыда барынша айқын дәлелдермен көрсете білдік. Сондықтан да «Ұлттық қауіпсіздік» мәселесімен айналысатын құқық қорғау қызметкерлері Елбасы айтқандай: «жемқорлықпен күресе алмай, ұлттық қауіпсіздікті сақтай алмаса, ондай органның қаншалықты қоғамға керегі бар?»
Дегенмен, Елбасы айтқандай: «ұсақтары» ғана құрықталып, ал жоғарыда отырып бұйрық бергендері ұсталмай» отырған қазіргі біздің қоғамда қанша жазықсыздар жапа шегіп отыр, қаншасы «орган қызметінен» үміт үзіп отыр ол жағы Бір Аллаға ғана аян! Бас прокурордың мәліметіне сенсек осылай демеске амал бар ма?! Дегенмен еліміздегі заңның орындалуын қадағалаушы орган - прокуратура да бұл дерттен құлан таза айыққан «аман» десем хақиқатқа харам болар. Бәріне бірдей күйе жағу біздің міндет емес, бірақ ішінара кездесетіндігі аян.  
«Қазақстан-2030» Стратегиясының Елбасы атағандай: «әлі орындалып болмаған, бірақ орындалу үстінде» болуының анығы - ұлтық қасіретімізге айналған рухани дерт, рухани кеселдің қоғамдық сипат алып, ел өміріне дендеп енуі болып тұр. Тіптен қазір қоғамда «жаны таза» адамның күн көруі екіталай болып, сондықтан мәжбүрлі түрде «халалын» «харамға» жұмсауы - бұл жазылмаған заң, бірақ, күшіне енген заңыңнан да  бетерлігі екінің бірінің көкейінде сайрап тұр.
«Адамдық борышың халқыңа қызмет ет» деп бар ғұмырын сарп етіп рухани дерттің емін тапқан рухани ұстаз Шәкәрім әулиенің «Боқты боқпен жуған мен ел түзелмес» дегені есімізге оралады  еріксіз.
Ш.Құдайбердіұлы:
Мен адамнан таза ақыл таба алмадым,
Ойланып, өзеленіп, қармағанда.
Көрсеқызар, жалмауыз, бәрі алдағыш,
Көп адамның қылығын барлағанда.
Өнерпаз , білімді елдің мінезі осы -
Аяу, жәрдем, махаббат қалмаған ба?
* * * *

«Ғылым деген бұл болса, адыра қалсын», -
Демеске бара жатыр ішім толып.
Қанеки, ақ жүрекке қайсың жеттің?
Жеттім деп тамам жанды тентіреттің.
Жиырмасыншы ғасырдың адамынан
Анық таза бір елді көрмей өттім.
Немесе,
Тамам адам періште болмай тұрып,
«Ал түзелші дегенге» ешкім көнбес.
Айла, күш - айуандықтың ең жаманы,
Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес.
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес.
Құр айтқанмен қолынан түк келмейді,
Ақ жүректі таза адам болса кем-кес.
Қас түзеймін деп жүріп көз шығарып,
«Қалмақ ойын» ойнаумен ештеме өнбес.
Жас баланы ұрғанмен шырылдатып,
Ойы толмай тұрғанда ақылы өнбес.
Араны ашық жалмауыз, арсыз төбет.
Аулақта жемтік жеуден жиіркенбес.
Адамның сыртқы дене жаралысы,
Нәпсісі айуанмен анық теңдес.
Бөлектігі - жалғыз-ақ таза ақылда,
әлің келсе, жол тап та, осыны емдес!» - деп,  «Қас түзеймін деп жүріп көз шығаратын», «Араны ашық жалмауыз, арсыз төбеттердің», «Ал түзелші дегеніне» ешкім көнбейтіндігінің»  басты себебі - «Боқты боқпен жуғанның» мысалындай деп көрсетеді әулие атам.
Шәкәрім қажының сөзімен айтсақ: «Өнерпаз, білімді ел бола тұра» «Жиырмасыншы ғасырдың адамында болған» бұл қоғамдық кесел қанша өнерлі, ғылымды, өркениетті болсақ та жиырма бірінші ғасырдың адамына жұғып, дендеп, тіпті тыйылмай отырғандығын қазір көз көріп, құлақ естіп, ет үйреніп кетті.   
Сондықтан да «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған: «Мәңгілік Ел болуымыз» үшін, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыты: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.
Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.
Бұл - тарих заңы...
«Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына бізден - қазақтардан артық мүдделі кім бар?!» - деп Елбасымыз айтқандай тек «Ұлтымыздың генетикалық коды - ұлы дәстүрлеріміз бен салт-сана, төл мәдениетімізді» жаңғыртумен ғана «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарына қол жеткізіп, ҚАЗАҚ МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛМАҚ!
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357