Жұма, 22 Наурыз 2019
Абай-ақпарат 1684 0 пікір 26 Ақпан, 2013 сағат 07:47

Оқырман ойы: Қазақтарды латын жазуы екіге бөледі деген бос әңгіме

Латыншаға өту мәселесі қолға алынғалы, әсіресе, 2012 жылдың желтоқсанынан бері оны жақтаушылар мен даттаушылар арасында қым-қыйғаш тартыс жүруде.

Латыншаға өту мәселесі қолға алынғалы, әсіресе, 2012 жылдың желтоқсанынан бері оны жақтаушылар мен даттаушылар арасында қым-қыйғаш тартыс жүруде. Бұл мәселе көп уақыттан бері көтерілген және ол әсіресе, қазақ тілінің емлесіне қатысты туындағанын тек қана 2012 жылдың басынан бері сайтымызда жарияланған бірқатар материалданда көрінеді: (http://old.abai.kz/node/14141   , http://old.abai.kz/node/14352,http://old.abai.kz/content/t-rki-tilderinin-tini-elipbi,http://old.abai.kz/content/elimkhan-zh-nisbek-elipbi-meselesi,http://old.abai.kz/content/kazak-agylshyn-elipbi-zhobalary,http://old.abai.kz/node/8578,http://old.abai.kz/content/serik-ebdireshyly-kolaily-elipbi-men-emle,http://old.abai.kz/content/zailagi-zhantuganyly-memlekettik-til-zhene-memlekettik-elipbi,http://old.abai.kz/content/serik-ergali-otarlyk-elipbiden-kytyludyn-zholy,http://old.abai.kz/content/latyn-elipbiine-koshu-t-rkiya-ezirbaizhan-ozbekstan-elderinde-kalai-zh-rgizildi,http://old.abai.kz/node/14990,http://old.abai.kz/content/s-iinshi-t-rkilik-birigude-tagy-bir-nakty-kadam,http://arasha.abai.kz/content/serik-ergali-ylttyk-zhoba,http://arasha.abai.kz/content/g-lshat-khamit-latinga-kashan-koshemiz,http://old.abai.kz/content/garifolla-esim-senator-latyn-elipbiin-biyl-anyktap-kabyldauymyz-kerek,http://old.abai.kz/content/zh-nisbek-elimkhan-orys-zhazuyn-reformalauymyz-kerek,http://old.abai.kz/content/syrym-dat-kazak-kogamy-olermen-tilshilerdin-ogei-nasikhaty-ayasynda ,http://old.abai.kz/content/latyn-elipbii-serikzhannyn-oiy).
Сайтымыздың Серікжан есімді оқырманының бұған дейін де уәжі мен пайымын жариялағанбыз, бұл жолы да соңғы жарияланымдарға түскен ең байсалды да дәйекті уәж ретінде назарға ұсынуды жөн көрдік.

Редакция

Латын әліпбиіне көшу мәселесін бұлай талқыламайды. Латын әліпбиіне көшу "Орыстан іргені аулақ салу" немесе "Санамыздағы құлдықтан арылу" емес. Латын әліпбиіне көшу деген - Қазақтың ұлттық әліпбиін жасау. Жазу ережелерімізді түзеу арқылы - Қазақ тілінің өзінің байырғы қоңыр әуенін қайтарып алу. Біз қазіргі 42 әріптен тұратын әліпбиіміз арқылы тіліміздің дыбыстық жүйесін де, дыбыс және буын үндестігі заңдарымызды да бұзып алдық. Тіпті жалпы қазақ атаулы қазақ тілінде дұрыс дыбыстап сөйлеуде үлгі алады дейтін телерадио дикторларының да қалай сөйлейтінін көріп жүрсіздер ғой. Монғолия, Қытай, Өзбек елдеріндегі қазақша телерадионы тыңдасаңыздар да осыны көресіздер. Өзбекстанның қазақшасы дыбыстары жағынан Өзбеккке ұқсап кеткен, себебі Өзбек тілінде сингармонизм (дауыстылар гармониясы) заңдылығы жоқ, қазақ тілінде бар, сол сақталмайды, сондықтан құлаққа қазақша болып естілмейді. Монғолдың қазақшасын тыңдасаңыздар, барлығы жақсы таза қазақша, алайда сөйлемдерінің әуені (интонациясы) монғол тіліне тартып тұрады: сөйлемді қатты бастайды да, соңына қарай үні өше береді. Келесі сөйлемді тағы айғайлап бастайды да, сөйлемнің соңына қарай үні өше береді. Қытай қазақтарының тілінде тіпті тілін бұрап сөйлейтін және қытай тіліндегі сияқты дауыс мелодикасы сан құбылатын акцент пайда бола бастаған. Ағылшын тілді Еуропа қазақтарының, соның ішінде қазақша жақсы білетіндерінің қазақша сөйлеген түрлері туралы мүлде айтпай-ақ қоюға болатын шығар. Ал Ресей қазақтары одан да асып түскен: Ң, Қ сияқты дыбыстарды айта алмайтын дәрежеге жеткені өз алдына, олар керісінше, әрбір сөйлемдерін бажылдап айғайлап бітіреді, келесі сөйлемде дауыстары міңгірлеп қалады да, сөйлемнің соңына қарай қайтадан айғайлай бастайды. Ең сорақысы олар ерін үндестігін мүлде сақтамайтын болыпты. Бұл енді тіпті өрескел.

Егер осымен кете берсек, қазақ тілінің өзіне ғана тән төл дыбыстық жүйесі мен өзіндік табиғи дыбыстау заңдылықтарын бұзып аламыз. Яғни, қазақ тілін жойып тынамыз. Қазақ тілі қалар-ау, оның жаратылысы мен табиғи ерекшеліктерінан ештеңе қалмайды. Егер латын жазуы осы сорақылықтарды жойып, байырғы атам қазақтың тілін өзімізге оралтпайтын болса, онда латыншаға көшудің қажеті де жоқ. "Көшудің жөні осы екен" деп көше салмау керек, алдымен қазақтың дыбыстық жүйесі мен дыбыстау ерекшеліктерін сақтау керек. Қолданысқа енгізілетін қазақтың ұлттық Латын әліпбиін жасаған топ ең алдымен бізге Қазақтың классикалық туындыларынан бірнеше романды, әңгімені, поэманы, өлеңдерді өздері жасаған латынша әліпбимен және өздері жасаған жаңа орфографиямен халыққа таратып, жазып көрсетуі керек. Көрейік қалай шығатынын, не жөнделетінін. Сосын өздері латынша жазудың жаңаша қалай дыбысталатынын көрсетіп, бізге (халыққа) дауыстап оқып көрсетуі (оқып беруі) керек.
Сол кезде көресіздер, қазіргі мүгедек қазақ тілінің қалай адам танымастай өзгергенін және қандай таңғажайып байырғы қоңыр үніне енгенін. Міне, сондай латыншаға көшуге болады. Латын тілі сырқат болып отырған, дыбыстық жүйесі де (фонологиясы), дыбыстау жүйесі де (орфоэпиясы), жазу ережелері де (орфографиясы), әуені де (интонологиясы), дыбыстарының айтылуы да (артикуляциясы), олардың құлаққа естілуі де (акустикасы) дертке ұшыраған Қазақ тілін емдеу үшін қажет. Орыстілді қазақтардың қазақша үйренген түрлерін көрдіңіздер ғой, сөздің бәрін қате сөйлейді (өйтіп қазақша үйренгені бар болсын), Қазақтарды латын жазуы екіге бөледі деген бос әңгіме, қазақтарды бөлшектеп келе жатқан дерт - рушылдық пен жершілдік. Оған қоса, уаххабшылдық пен орысжандылық та қазақты бөлшектеп жатыр. Мәңгүрттер мен көзқамандар, оралман бауырларын жек көретіндер де қазақты бөлшектеп жатыр. Сондықтан, қазақ осы күйінде қаншаға бөлінсе де, келер ұрпаққа тіліміздің дыбыстық және дыбысталу жағын таза күйінде (қазіргідей сырқат күйінде емес) сақтап қалуымыз керек.

Қазақ тілі болмаса, біз бәріміз де ұлт ретінде жойылып кетер едік. Ана тіліміз бізді осыған дейін қалт-құлт етіп сақтап, құтқарып келді. Бойымыздағы бақ пен ардың, ұлттық намыс пен сананың, рухымыздағы өрлік пен қайсарлықты, жанымыздағы имандылық пен сенімділікті - бәрін жоғалтқанда да, тіліміз бізді әлі күнге дейін ұлт ретінде сақтап келе жатыр. Енді біз сәл есімізді жинағандаймыз ғой, тілімізді құтқаратын кез келді. 1990-шы жылдары қазақы рухымыз бен сеніміміздің қазіргіден әлдеқайда жоғары болғаны рас. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы бастапқы өрекпу болатын (эйфория) болатын, енді ол алып-ұшқан сезім басылғасын, сабамызға түсіп, мәселені пайымды парасатпен шешуге болады. Орысқа да мән бермейік, көз алдындағыдан аса алмай, қырыққа бөлініп қырқысқан ағайынға да мән бермейік, қазір біз тек қана Қазақ тілін құтқару керек екенін сезінейік. Болашаққа М.Шаханов шығармалары қалай барады - ол осы жерде түк те әңгіме емес, оны шешетін біз емес, уақыттың өзі көрсетеді кімнің кім екенін, ең алдымен болашаққа Қазақ тілі баруы тиіс. Және мынадай "басы жарылған, көзі шыққан мүгедек", "тізесі тесілген, шапаны жыртылған азып-тозған" күйінде емес, байырғы қоңыр үнімен оралып баруы тиіс. Латын әліпбиі сол үшін қажет.

***

Өкінішке орай, ол мүмкін емес, Көк Түріктердің руна жазуы әріп жазуы емес. Ол - консонантты түрдегі буын жазуы. Қарапайым тілмен айтқанда, онда дауысты дыбыстар таңбаланбайды. Бұрын түркі тілі буын құрылысты тіл болатын. Дауысты дыбыстарсыз да жазуға тіл және ерін жатқан үндестігі заңдары мүмкіндік беретін. Сонда руна жазуындағы әлгі "дауыссыз дыбыс" деп отырғанымыз дыбыстың емес - буынның таңбасы болатын. Оған лайықтау үшін қазіргі тіліміздің фонетикасын (дыбыстық жүйесін) тағы көп аударып-қотарып зерттеу керек. Біз қазіргі фонетикамызды орыс фонетикасының ізімен жасадық, енді оны түркілік көне ерекшеліктер тұрғысынан қайта қарау өте ұзақ еңбектенуді керек етеді.

Ал біз үшін қазір, басымыздағы "мый" да "ми" болады, "до, ре ми" дегендегі нота атауы да "ми" болады. "Әулійе" деген байырғы сөзді қазіргіше "әулие" деп дыбыстаңыз, қазақтың тілінің быт-шыты шығады. "Жүрөгүм" деген сөзді, қазақтың теледикторлары сияқты етіп езуіңізді әрлі-берлі керіп: "жүрегім" деп дыбыстаңыз, тағы да қазақ тілі тас-талқан болады. "Қазақ тілі мен әдебиеті факултеті" деген тіркесті қазіргі жоғарғы оқу орындарындағыдай: ҚТӘФ деп қысқартыңыз, "Қазақ әдебиеті" мерзімді баспасөзін өздері айтатындай "ҚӘ" деп қысқартыңыз, сосын "ҚТӘФ" деп, сосын "ҚӘ" деп айтып көріңізші, тіліңіз қайда, езуіңіз бен ерініңз қайда екенін таба алмай қаласыз. Латын әліпбиі қазақ тіліндегі мұндай сыртаққа айналған дерттерді оп-оңай түзеп жібереді.

Келесі басты мәселе, болашақтағы қазақтың ұлттық латын әлібиінің информатикадағы шарттауларға, яғни Unicode, ANSI, KIO стандарттарына толық сәйкес келуі. Егер олай болмаған жағдайда тағы да сол - онда латын тіліне көшудің қажеті жоқ. "Латын жазуы арқылы орыстан қашып кетеміз" деп ойлау қате, Ресейдің орысында түкте шаруамыз жоқ, сонда қай орыстан қашамыз, өзіміздегі орыстар мен орыстілділерден бе, керісінше өзіміздің "сары және қара орыстарды" қазақша сөйлеуге мәжбүрлеу қажет. Ол үшін тура жол Қазақстанда ешқандай орыс балабақшасы деген болмауы тиіс, балабақшаның орысша/қазақшасы деген мүлде болмауы тиіс. Балабақша тек қана және тек қана қазақша болуы керек. Бұл сөзсіз солай болуы тиіс. Латын жазуы "қазақтардың қазіргі сақау тілін сындыру" үшін қажет, байырғы атамыз қазақтың тілін өз қалпына келтіру үшін қажет.

***

Әшірбек бауырымызға, Латын әліпбиіне көшуден саясат көруіңіз де дұрыс. Тілдің дыбыстық жүйесі тілтанушы мамандарды ғана толғандырмауы тиіс. Қазақ тілі әліпбиден өзгеріп кетпейді дейсіз, мысалы: "Құтты болсын, туған күнің құлыным!" осы күйінде айтыңызшы. Біздің қазақ та, дикторлар да осылай сөйлейді ғой. Енді "Құттұ болсұн туған күнүң, құлұнұм!" деп айтыңыз. Қайсысы қазақша, қайсысы әдемі екенін байқайсыз ба.

Біз бір нәрсені ұғып алуымыз керек. Ауырудың дәл диагнозын қоя алмасаң, ол өледі. Сол сияқты отарлықтан құтылудың бір ғана емі, ол-құлдық санадан құтылу ғана! Болды! (Геройхан ағаның жазуынан) - Гереке, біздің жастарда құлдық сана жоқ. Біздің сорлап отыруымыз елде ұлттық буржуазия жоқ, сосын зиялылар дегендеріміз жалтақ. Бұл уақытша нәрсе, іздегендер табады, тек текті ұл-қыздар үндері бір болса болды (Жаушы ағаның жазуынан).

Геройхан аға, жақсы «құлдық сана» деп «ауруымызға» диагноз қойып алдық. «Одан құтылу керек» дейсіз. Келістік. Бірақ, сол аурудан қалай құтылу керектігін немесе бұл ауруды қалай емдеу керектігін түсіндіріп берген адам болған емес. Мүмкін емі жоқ ауру шығар, мүмкін созылмалы (хронический) ауру шығар. Тәуелсіздігін жаңа алған елдердің тәжірибесіне талдау жасасақ, бұл дерттен арылу үшін бір-екі ұрпақ алмасу керек екен. Ол үшін 40-50 жыл уақыт керек. Бізге бұлай емделуге болмайды, болмайтын себебі, Қазақстандағы қазіргі мектеп және балабақша жасындағы өскіндеріміз де «құлдық санада» тәрбиеленіп келе жатыр. «Хабар» мен «Еларна»-ның, «Егемен Қазақстан»-ның рухында, яғни «Қарқындап гүлденіп келе жатқан Қазақстан» және «Данышпан кемеңгер Елбасымыздың арқасында» рухына өткізіледі неше түрлі тәрбиелік шаралар. Ал соны ұйымдастыратын балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері болса, Қазақ елінің «жайқалып гүлденудің» орнына солып, тозып бара жатқанын, «қарыштап дамудың» орнына тоналып, жоғалып бара жатқанын, аспанмен астасқан көк туы бар елдің құрдымға құлап бара жатқанын көріп отыр. Бұл жалғандықтан, көзбояушылықпен жас ұрпақтың санасын улаудан арылмай, шындықтың көзіне тура қарамай, өзіңіз айтқан «құлдық санадан» арылу мүмкін емес.

Жағымпаздықтан, жалтақтықтан, шүкіршілдіктен, тағы да әлгі жершілдік пен рушылдықтан арылмаййынша, «құлдық санадан» құтылу мүмкін емес.

Бала бала кезімізде барлық қазақ сәбилерін, қыңқылдап орынсыз жылағанда немесе еркелік пен тентектік жасағанда әжелеріміз: «Орыс келіп қалады!», «Мас орыс келе жатыр!» деп қорқытушы еді ғой бәрімізді де. Осы сөзді естігенде, жылап, еркелікпен қиғылық салып отырған қазақ баласы үрейі ұшып қорыққаннан, көзі бадырайып жым болатын. Сәбиліктен кетсек те, есейсек те біз бәріміз әлі сондаймыз, «орыс келе жатыр!»- десе әлі де бәріміз жым боламыз.

Жаушы аға, «ұлттық буржуазия жоқ» дейсіз мынадай экономикасы жертонау мен елтонауға, жемқорлық пен құлқынномикаға негізделген елде ұлттық буржуазия болуы мүмкін бе. «Зиялыларымыз жалтақ» дейсіз, Жаңаөзенде өз халқын әйелі мен бала-шағасымен қоса қырып салғанда наразылық білдіріп, осылай бірігіп Ашық хат жазбаған, Кедендік Одаққа күмп беріп, қайтадан бодандыққа басы бүтін байланғанда осындай ашық хат жазбаған, шетелден келетін қазақтардың көшін тоқтатып қаңтарып қойғанда басы бірігіп Билікке және халыққа арнап осындай Ашық хат жазбағанда, енді келіп «2025-ші жылдан көшеміз-міс» дейтін алыпқашпа сөзге даурығып қарсы шыққан топты «Зиялы қауым» деуге аузыңыз бара ма. Егер әлгі 66 алдыңғы үш жағдай бойынша осындай Ашық хат жазып, азаматтық ұстанымдарын білдіргенде, онда бұл төртінші Ашық хатына да құлақ түрер едік. Халқы млн-дап аштан қырылып, арыстары шетінен асылып-атылып жатқанда Сталин мен Голощекинді мақтап-мадақтап жырлар жаза берген Жамбылдың рухани інілері ғой бұлардың бәрі де. Шіркін, сол 66-ның бәрі де сол аталарына ұқсап, 100 жасқа келіп, бәріне бір-бір облыстың аты берілер ме еді. Халықтың, елдің тағдыры үшін бұлар дауласпайды, «пәлен деген әжетхана» сыйлығының лауреаты, «түген деген басынан шіріген балық мемлекеттің мемсыйлығы» үшін шуылдап таласады. «Зиялы қауым» деген не.

«Түзге шықсам батырмын, үйге келсем қатынмын: қатын ауру, бала жас, келі түйіп жатырмын» ,- деген ғой Сырым шешен. Сырым батырдың әулиелігі де сол ғой. «Зиялымыз» бар, «зиялы емесіміз» бар Біз бәріміз де керісіншеміз: үйде ғана Батырмыз, ал түзге шыққанда Қатынбыз. «Қатын қайраттанса қазан қайнатады» деген бар ғой. Әлде қазан қайнатарлық та қауқарымыз жоқ па. Латын жазуына көші туралы ұсыныс-талап Геройхан аға, Сіз айтқандай, қайтер екен деп тасталған «пробный шар» немесе халық ішіне тағы бір жік салуға арналған «яблоко раздора» ғана емес, бұл - Билік тарапынан ұшырылған кезекті тамыр басушы зонд. Біз латын жазуына көшуді пайдаланып, саясат деген алдамшы, ал қазіргі Билік басындағылар деген уақытша нәрсе ғой, ал ұлт пен тіл мәңгі, сондықтан осы арқылы тілімізді түзеп алсақ болды. Ал ол дүниеге келгенде Қазақты құрту үшін келген. Тіпті бесікте жатқанда да: «Мен қазақты жоқ қыламын»деп іңгәлап жатқан.

Серікжан,
«Абай.кз» сайтының тұрақты оқырманы

0 пікір