Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 2481 4 пікір 16 Желтоқсан, 2022 сағат 12:05

Ресей Киевті қайта шабуылдамақ...

Ресейдің "Киевті үш күнде басып аламын" дегеніне де он айдың жүзі болды. Соғыс позициялық негізге өтті. Ресей әскері басып алған біршама жерден шегінді. 

Ресей ақпан-наурыз айларында Киевті басып алуға талпынды. Алайда Киев, Сум және Чернигов аймағында жеңіліс тауып, Ресей әскері шегінді. Батыстың Украинаға көмегі артты. Мариупольді қорғаған украин сарбаздары тарихи миссиясын орындап, Киевке бағытталуы тиіс Ресейдің кәсіби әскери бөлімшелерінің соққысын өзіне қабылдады. Бұл Украина әскеріне екі ай уақыт ұтуға мүмкіндік берді. 

Украина әскері жаз бойы қиян-кескі шайқас жүргізіп, Северодонецк-Лисичанск бағытында ұрсы салды. Шілдеде әскери бөлімшелер қоршауда қалмауы үшін қаланы тастап, кері шегінді. Жаздың басында Украинаға батыс алыс қашықтықтағы Ресей әскери нысаналарын жоюға мүмкіндік беретін зымыран кешендерін (М270, HIMARS) табыстады. Бұл зымыран кешендері соғыстың беталысын өзгерте білді. Ресейдің әскери қоймаларына, базалары мен бекеттеріне ұдайы соққы жасап, майдан шебіне жақын 70-100 шақырым қашықтықта орналасқан нысандар жойыла бастады. Жойылған оқ-дәрі қорын толықтыруға кедергі жасау үшін жеткізу тораптарына да соққы жасалды.

Ресей әскері айқын жеңіліс таба бастады. Оны Мәскеу стратегиялық шегініс деп атаса, Батыс сарапшылары жеңіліс деп нақты атады. Қыркүйектің басында Ресей әскері Харьков облысынан шегіне бастады. Украина әскері Харьков облысын екі апта ішінде азат етті. Азат ету операциясына дейін облыстың 26 пайызы оккупацияда болса, қазір 4 пайызы басқыншы қолында қалып отыр. Операция жалғасын Луганск-Донецк бағытында тапты. Луганск облысы 100 пайызы басқыншы қолына өткен жалғыз облыс болатын. Қазір Украина облыстың 6 пайызға жуық жерін азат ете білді.

Киев бұл жетістіктерге тоқтап қалмай, Херсон облысын азат етуді бастады. "Херсон қаласы үшін шайқас Сталинградтан кем болмайды" деген болжам жасалған еді. Дей-тұра Украина зымыран кешендері қаланы ұрыссыз қайтаруға мүмкіндік берді. Қалаға апаратын үш көпірге ұдайы соққы жасаудың арқасында Ресей әскері азық-түлікпен, қарумен қамтамасыз ету жүйесін жоғалтқандықтан, қаладан шегінуге мәжбүр болды. Ресей қаладан шегінген сәтте әйгілі Антонов көпірін жарып жіберді. Бұл украин сарбаздары өкшелей қумасын деген мақсатпен жасалған болатын.

Ресей билігі Украинада сәтсіздіктер барын ашық мойындаған емес. Алайда мобилизация жариялауының өзі сол сәтсіздікті мойындаумен тең шара еді. 300 мың адамды әскерге мобилизациялап, олардың тең жартысын Украина соғысына жіберді. "Қалған 150 мың сарбаз әлі дайындық полигонында жүр" дейді ресейлік әскери сарапшылар.

Мәскеу Киевті келіссөз үстеліне отырғызу мақсатында инфрақұрылым кешендеріне соққы жасаумен келеді. Жылу, жарық жүйелерін ұдайы зымыран соққысына алу арқылы Киевке халық тарапынан болуы мүмкін психологиялық қысымды арттыруға болады дейді. Украина халықты жылу және жарықпен қамтамасыз етуде үлкен қиындықтарды бастан кешіруде. Алайда "бұл келіссөзге итермелемейтінін" ашық айтуда.

The Economist басылымына Украина қолбасшысы Залужный: "Ресейде мобилизация болды. "Олар соғыспайды, үлкен мәселеге тап болды" деуге сенудің қажеті жоқ. Олар соғысады. Патшалары "соғысыңдар" деген соң олар соғысады. 

Мен екі шешен соғысының нәтижесін қарап, зерттеп шықтым. Тура қазіргідей жағдай болған.Ресейде мобилизацияланғандарды қамтамасыз ету жоғары деңгейде емес, дегенмен олар бізге бірқатар мәселелерді туындатады. Біздің бағамдауымызша оларда 1,2-1,5 млн әскери резерв бар. Ресей қазір 200 мың сарбазды соғысқа дайындауда. Күмәнсіз олар Киевке шабуыл жасайды деуге болады", - дейді.

Залужный Ресей ақпан-наурыз аралығында Донбасс, оңтүстік Украина және Беларусь бағытында жаппай шабуылға шығады деген болжам жасауда. Оның айтуынша бұл шабуылды тойтару үшін дайындық жүріп жатыр. Ал Ресейді тізе бүктіру үшін Батыстан келетін қаруды арттыру керек дейді.

Ка Мырза

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498