Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2886 13 пікір 22 Желтоқсан, 2022 сағат 14:05

Финляндия: Ресеймен соғысуға дайынбыз!

Фин армиясы дәл қазір Украина секілді соғысуға сақадай сай тұр. Бұл туралы елдің қорғаныс күштерінің қолбасшысы, генерал Тимо Кивинен «Bloomberg» агенттігіне берген сұхбатында айтты.

«Біз де дәл қазір Украинадағыдай соғыс жүргізуге қабылеттіміз. Айтарлықтай қорғаныс қабілетіміз бар», - деді.

Генерал Кивинен Финляндия қазіргі уақытта жан басына шаққандағы «Еуропадағы ең үлкен от қуатына ие» екенін, өз елінің әлі күнге НАТО-ға кірмегеніне көңілі толмайтынын айтқан.

«Біз қазірдің өзінде НАТО-ға мүше болуға керекті әскери критерийлерге жауап береміз және қорғаныс шығындарымыз ЖІӨ-нің 2%-ын құрайды», - деді Кивинен.

Финляндия қарулы күштерінің басшысы елде Франция мен Германияны біріктіргеннен де көп артиллерия бар екенін және қарулы қақтығыс болған жағдайда 280 мыңға дейін сарбазды жұмылдыра алатынын атап өтті.

Тимо Кивинен бұған дейін Финляндияның Ресейдің болжамды шабуылына ондаған жылдар бойы дайындалғанын және соғыс бола қалса, табанды түрде қарсылық көрсететінін айтқан. Ол Финляндияның Ресеймен тікелей қақтығысып қалса, «қатты жаңғаққа» айналатынына сенімді.

2022 жылдың мамыр айында НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруге өтініштерін қабылдады. Түркия болса Швеция мен Финляндияға бірнеше шарт қойып, келіссөздердің басталуына тосқауыл қойды.

Биылғы MTV Uutiset жазғы сауалнамасында Украинаға жасалған шабуыл финдердің Ресейге деген көзқарасын нашарлатқаны белгілі болды. Әрбір бесінші фин «Ресей Финляндияға қарсы әскери әрекеті мүмкін» деп есептейді.

Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі соғыс туралы жаңалықтар алаңдаушылық туғызатынын айтады. Сауалнамаға 1700 фин қатысқан. Жалпы, егжей-тегжейлі жауаптарда Ресей ешқашан өзгермейді деген ой басым. КСРО ыдырағаннан кейін Ресей демократияға бет бұрды деген үміт сейілген сияқты.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402