Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Алаң 4665 12 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 14:29

Орыс тілі жылы: ТМД - мемлекет емес!

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысын қолдап, РФ президенті Владимир Путин ТМД-да 2023 жылды «Ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы» деп жариялау туралы шешім қабылданғанын айтты.

«...ТМД аясында орыс тілін насихаттау жөніндегі халықаралық ұйым құру. Әрине, біз бұл бастаманы жүзеге асыруға барынша көмек көрсетеміз. Бұл – Қазақстан президентінің идеясы. Бұл ұсынысты ол менімен сәл ертерек бөлісті. Ресей бұл бастаманы қолдамай тұра алмайды», – деді ол.

ТМД аясында орыс тілін насихаттау жөнінде президенттердің ойластырған шаруасы бар шығар. Дегенмен, мен де өз тарапымнан мынадай ойларыммен бөліскім келеді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ол өзінің барлық мүшелерінің тәуелсіздігі мен теңдігіне негізделген. Сондықтан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің мемлекеттік тілдері де бір-біріне тәуелді емес. Дегенмен көркем әдебиет ұлт пен ұлтты, әр алуан халықты рухани жағынан жақындастыра түседі. Сондықтан әдебиеттің бір саласы көркем аударманы кеңінен өрістету керек.

Біздің классикалық әдебиетіміз орыс тіліне біршама аударылған. Бірақ, әзербайжанның, армянның, белорустың, қазақтың, қырғыздың, молдованның, орыстың, тәжіктің, өзбектің тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзара әдеби қарым-қатынасы бұрынғы деңгеймен салыстырғанда төмендеп кетті. Бұл тілдерде жазылған көркем шығармалар қазір Біріккен Ұлттар Ұйымының тілдерінде еркін сөйлеп танылуға зәру. Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының тілі. Сол себепті 2023 жылы әзербайжанның, армянның, белорустың, қазақтың, қырғыздың, молдованның, тәжіктің, өзбектің соңғы ширек ғасырда жасалған жаңа көркем әдебиеті орыс тіліне сапалы тәржімеленіп, ТМД елдеріне кеңінен таратылуы керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының тілі – орыс тіліне аударылған көркем әдебиет, ол мейлі қай тілден жасалса да бәрібір, орыс әдебиетін байытады.

Әрі бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде орыс тілінің абыройын асыратын игі шаруа болып табылады. Әлбетте РФ президенті Владимир Путиннің «біз бұл бастаманы жүзеге асыруға барынша көмек көрсетеміз» деген сөзі бізді үміттендіреді...

Байбота Қошым-Ноғай

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1517
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3289
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5861