Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3352 0 пікір 13 Тамыз, 2009 сағат 11:32

Сейсембаев Келімбетовпен әңгімесінде банк капиталында «тесік» барлығы туралы сөз арасында ғана айтып кетті – ҚҚА басшысы

Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. «Альянс банк» АҚ соңғы акционері Марғұлан Сейсембаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетовпен әңгімесінде банк капиталында «тесік» барлығы туралы сөз арасында ғана айтып кетті. Бұл туралы ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігінің (ҚҚА) төрағасы Елена Бахмутова сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Сейсембаев мырзамен әңгіме менің кабинетімде болды. Бұл 1-ші ақпан күні, үкіметтің БТА банкті қосымша капиталдау туралы шешім қабылдар қарсаңында болды. Сейсембаев пен Келімбетов мырзалар сөйлесіп отырды. «Самұрық-Қазына» 24 млрд көлеміндегі қаржыны Альянс банкке депозитке орналастыру шарттарын талқыланып жатты. Сейсембаев банк акционері және директорлар кеңесінің төрағасы ретінде бұл депозит келісімде көрсетілген мақсаттан басқаға жаратылмайтыны туралы жеке кепілдік пен міндеттер беріп жатты. Осы әңгіме барысында Сейсембаев мырза сөз арасында, мен дәл қайталасам, «сіздер банкте 700 млн долларлық тесік бар екенін ескеріңіздер» деп айтты... Ол кезде  $1,1 млрд-тық ешқандай құнды қағаздар туралы айтылған емес», - деді ол сәрсенбі күні ҚҚА-де өткен баспасөз мәслихатында.

Банкте жүргізілген тексеріс нәтижесінде бұрынғы топ-менеджерлер Жомарт Ертаев пен Алексей Агеев қол қойған құжаттар табылғанда, барлық үш фигурант та ҚҚА-ға ешқандай келісім-шарт туралы хабары жоқ екенін мәлімдеді.

«Банкте ешқандай құжат болмағаны себепті біз Ертаев пен Агеевтің қолы бар бір ғана құжат таптық. Сондықтан осы тексеріс қортындысы бойынша, сәуірдің басында біз барлық фигуранттардан – Ертаев, Агеев және Сейсембаевтан сұрадық. Олар таңқаларлық бірауыздылықпен бізге ешнәрсе білмейтіндігі, еш нәрсеге қатыспағаны туралы айтып және ешқандай мәліметтеріміз жоқ деп жауап берді. Қазір жарияланып жатқандар – соны жариялап жүргендердің ұятының ісі болсын», - деді Е. Бахмутова.

«2008 жылдың басында біз тікелей Альянс банктің директорлар кеңесі мен ірі акционерлерге жағдаят онша көңіл көншітерлік емес және өтімділігі бар қағаз бар, бірақ оның тәуекелдігі де бар деген алаңдаушылығымызды білдірдік. Оған біз, ол қағаздар аса сенімді және өтімді, және банкке тиесілі деген көз жеткізерлік жауап алдық. Ол аз десеңіз, біз жыл бойына, банкте өтімділікке қатысты елеулі проблема туындағанда, және Альянс банк Ұлттық банктен қаражат сұрағанда, неге банкке тиесілі құнды қағаз сатылмайды деген сауал қоятынбыз? Оған жауап ретінде банк менеджменті шатаса, ауызша түрде, бұл сыртқы келісім бойынша ковенант болып табылады, және сондықтан банк, банк активтерінің өтімділік деңгейін ең төменгі деңгейде ұстап тұруы тиіс деп түсіндіретін», - дейді ҚҚА басшысы. 

Бұл ретте ол, М. Сейсембаев өзінің ашық хатында айтқан бридж-қаржыландыруға ҚР заңнамасымен тікелей тыйым салынғанын атап өтті.

«Бридж-қаржыландыру дегенге тыйым салынған. Қарызға алынған ақша есебінен акционерлік капитал құруға тыйым салынған, субординирленген қарыз арқылы қарызға капитал тартуға болады, ал осындай жолман банк капиталына құр жел үру – менің айтарға сөзім жоқ», - деп қортындылады Е. Бахмутова.

Альянс банк активтерінің көлемі бойынша Қазақстан банктерінің арасында алтыншы орынды алады. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-маусымында Альянс банктің активтері 596 млрд теңгені, жеке капиталы – «минус» 488 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде банктің таратылмаған шығыны 6455,3 млрд теңгені құрады. 2009 жылдың 2 ақпанында мемлекет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы «Сеймар Альянс» қаржы корпорациясынан банктің  76% қарапайым акцияларын пакеті үшін 100 теңгеге сатып алатынын жария етті. Бұған айырбас ретінде қор банкке 24 млрд теңге қаржылай көмек көрсетілуі тиіс. ҚР БҚА ҰӘҚ-ға банктің акцияларын сатып алуға 2009 жылдың 3 маусымында рұқсат берді. Акцияны сатып алу туралы келісімшарт әлі күнге дейін жүзеге асырылған жоқ. «Самұрық-Қазына» Альянс банктің капиталына кіру процесін 2009 жылдың соңында аяқтауды жоспарлап отыр. 13 сәуірде «Альянс банк»  сыртқы займдарын қайта құрылымдайтыны және 2009 жылдың 19 наурызында және 10 сәуірінде өтелуі тиіс міндеттемелері бойынша дефолтқа жол бергенін мәлімдеді. 8 шілдеде банк өзінің сыртқы қарызын қайта құрылымдау бойынша кредиторлармен ұстанымды уағдаластыққа қол жеткізгенін хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290