Сенбі, 23 Қараша 2024
Абай.tv 10152 23 пікір 13 Қаңтар, 2023 сағат 13:25

Ресей ыдырауға бет алды. Ингуштер бас көтерді

Өткен аптада Түркияда, Ыстамбұлда Ингушетия тәуелсіздігін жақтаушылардың сиезі өтті. Сол жиында «Тәуелсіз Ингушетия комитеті» құрылды. Бұл 7 қаңтар еді. Су жаңа құрылған комитет құрамына игнуштердің қоғам және саясат қайраткерлері мен белсенділері кірген. Сиезді ұйымдастырушылар, комитетті құрушылар өздерін: «Саяси партия емеспіз. Қоғамнан ешқандай артықшылық статус күтпейміз», - деп мәлімдеген.

Комитеттің мақсаты – Тәуелсіздік идеясын жақтаушылардың басын біріктіру, Ингушетияның мәдени, діни тамырын сақтап қалу, Ингушетия тәуелсіздігінің негізін қалау. «Қауіпсіздік мақсатында Комитет басшылығының есімдері жарияланбайды. Бірақ, біз өзге қапқаздық бауырлармн байланыс орнатып жатырмыз», - дейді ұйымдастырушылар.

Қазіргі этапта Комитет ақпараттық-насихаттық, қоғамдық-саяси бағыттарды жұмыс жүргізуде. Ыстамбұлдағы жиында Ингушетия территориясындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндамалар жасалған. Комитет Ингушетия қазір оккупацияда деп есептейді.

Аталған жиынға қатысты Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Гончаренко пікір білдіріп: «Ингушетия Тәуелсіздік жолына түсті», - деді.

Осыған дейін:

- 2022 жылдың маусымында Жоғарғы Радада «Азат Қапқаз» депутаттық тобы құрылған. Оның құрамына билік пен оппозиция партияларының өкілдері кірген.

- Ал былтыр мамырда Жоғарғы Рада Ичкерия тәуелсіздігі мен черкестердің геноцидін мойындау туралы бастама көтерген.

- Былтыр қазанда Рада Шешенстанды «Ресейдің уақытша оккупациялап алған территориясы» деп мойындаған.

- Ал қазанның соңында Ойрат-қалмақ Конгрессі «Қалмақия Республикасының тәуелсіздігі туралы» арнайы декларация қабылдаған.

- Бұл Ресей Украинаға соғыс ашқаннан бергі бодандықтағы республикалардың алғашқы бас көтеруі емес. Варшавада, Прагада, Гданскіде Ресейдің еркін халықтары форумдары өткен. Киевте Ресейдегі Кремль режимінен қысатық көрген этностардың жиыны да ұйымдастырылған.

- Еупопадағы Шешен диаспоралары қараша айында 2 рет Ичкерия Тәуелсіздігін жақтаушылардың сиезін өткізген. Бірін – Францияда Сүлейменов бастаған топ өткізсе, екіншісін – Бельгияда мойындалмаған Ичкерия Республикасының премьері Ахмед Закаев өткізген.

Осыдан бірнеше күн бұрын америкалық «Atlantic Council» («Атлантикалық кеңес») зерттеу орталығы халықаралық саясат бойынша сарапшылар арасында сауалнама жүргізген. Оның нәтижесі «Financial Times» басылымында жарияланды. Сауалнамаға қатысқан 167 сарапшының тең жартысы алдағы 10 жыл ішінде Ресей бірнеше бөлікке ыдырайтынын айтқан.

Респонденттердің 40 пайызға жуығы: «Ресейде революция, азаматтық соғыс немесе дезинтеграия салдарынан дағдарыс болады», деп есептейтін болса, Еуропалық сарапшылар (49 пайызы): «Ресей сөзсіз ыдырайды», деп пікір білдірген.

Сауалнамаға қатысушы сарапшылардың 14 пайызы: «Ресей алдағы 10 жылда ядролық қару қолдануы мүмкін», десе, тағы 10 пайызы: «Сол 10 жылда Ресей мемлекеті заңдық тұрғыда жойылатынын», айтқан. Сол 10 пайыз сарапшылар: «Ресей ыдырауынан кейін бірқатар автократтық мемлекеттер демократиялық жолға түседі», деп болжаған.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440