Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2854 0 пікір 13 Наурыз, 2013 сағат 09:39

Оңтүстікте Наурыз той басталды

Наурыз мейрамы түбі  бір түркі жұртына ғана емес, күллі шығыс елдеріне ортақ мереке. Жаңғыру мен жаңарудың, ынтымақтың мерекесі саналатын бұл  мейрамды тойлау елімізде жыл сайын  қарқын алап келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  жарлығымен мереке 21-23 наурыз күндері атап өтіледі. Алайда, мерекені жалпықалықтық сипатқа, өзінің төл бейнесіне қайта қауыштыру өмір талабы. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі 2013 жылғы наурыз мейрамына арналған шараларды 14- наурыздан бастап, 23 наурызға дейін  жалғастыруды  қарастырып отыр.

Жаңа сипатта ұйымдастырылып отырған биылғы мейрам халқымызыдң көнеден келе жатқан Наурызнама  дәстүрін  заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталып отыр. Осыған  байланысты мерекелік шаралар 9 күнде 9 түрлі атау  бойынша ұйымдастырылмақ. Әр күн өзіндік сипатта, өзіндік ерекшеліктермен аталып өтіледі.

14-наурыз күніне «Көктем шуағы» атауы беріліп,  облыс әкімі  ардагерлерді көктемнің келуімен құттықтамақ. Жастар қарияларға қолғабыс жасап, түрлі  қайырымдылық шараларын өткізеді. 1917 жылға дейінгі күнтізбе бойынша бұл күннің 1 наурызға сәйкес келетіндігін ескерсек мерекелік шараларға «Көктем шуағы» атауының берілуі орынды саналады. Бұл қазақтың арасында  тек қана батыста ғана сақталып қалған «көрісу» дәстүрін жаңғырту болмақ.

Ал, 15 наурызға «Тағзым күні» атауы берілді. Бұл күні Шымкент қаласында Төле бидің 350 жылдығына,  Абылай ханның 300 жылдығына арналған  ақындар айтысы өтсе, мешіттерде  ата-бабалар рухына арналып Құран  бағышталады. Қаза болған шекарашылар рухына да Құран бағышталып,  шекарашылар ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

16 наурызда «Алас күні» атауымен  жалпықалықтық сенбілік өткізілмек. «Аластау» ұғымы ертеректе «тазару, тазалану» дегенді білдіреді. Облыс аумағында  бертінге дейін Наурыз мерекесі қарсаңында  арықтарды тазалау, ағаш  отырғызу дәстүрі болған. Бұл дәстүр соңғы кездері сиреп бара жатыр. Сондықтан, мерекелік шаралар барысында бұл игі дәстүрді жаңғырту  көзделіп отыр.

17 наурыздың тақарыбы «Береке күні» болмақ. Бұл күні түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Балалар үйлеріне, қарттар үйіне жәрдем беріледі.

18 наурыз-«Өніс күні».  Осы күні  дүниеге келген сәбилерге сыйлықтар жасалып, аналарын құттықтау көзделіп отыр. Сондай-ақ сенбілік кезінде отырғызылған  ағаштар  Наурыз мерекесі  қарсаңында  дүниеге келген сәбилерге арналады.  Өткен жылы  мол өнім жинаған ауыл еңбеккерлері марапатталады.

19 наурыз-«Жайнау күні». Бұл күні  барлық көшелер мен аулалар Ұлыстың ұлы күніне орай безендіріліп, түрлі көрмелер ұйымдастырылмақ.

20 наурыз-«Шаттық күні» аталады. Бұл күні  түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, облыс басшылары  зиялы қауым өкілдерімен  кездеседі. Телеарналарда мәдени-көңіл көтеру бағдарламаларына баса назар аудару да ескерілуі тиіс.

Мерекенің сегізінші күні, 21 наурыз «Үйлесім күні» деп аталып, бұл күні мерекенің негізгі нышандарының бірі «Алтыбақан» тігіледі. Түрлі  этно-мәдени орталықтардың концерттік  бағдарламалары ұсынылады.  Бұл күні кешке Шымкент қаласы Ордабасы алаңында эстрада  әншілерінің қатысуымен Жаңа жыл таңын  қарсы алуға  арналған концерттік шара ұйымдастырылады. Облыс әкімі  тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды.

Тоғызыншы күн, 22 наурыз «Ұлыс күні» аталып, мерекенің негізгі шаралары ұйымдастырылады. Бұл күні концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Бұл күндері «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының таңғы бағдарламалары  Ұлыстың ұлы күніне арналған бағдарламалар ұйымдастырып, облыстағы зиялы қауым өкілдері қатысатын болады.Әрбір күннің мән-маңызы  түсіндіріледі.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Тел: 55-00-05; 39-23-79,

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5418