Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3064 9 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 12:17

Депутат болам десеңіз...

Парламент Мәжілісінің депутаттарына қойылатын талаптар:

- ҚР азаматтығы;

- Соңғы 10 жылда республика аумағында тұруы;

- Кем дегенде 25 жаста болуы керек.

Қандай құжаттар өткізу керек?

- Өзіңіз түсетін округтік территориялық комиссияға арнайы өтініш жазу (арнайы шаблон бар);

- Өмірбаяндық деректер (арнайы шаблоны бар);

- Салық органынан өзіңізге және жұбайыңызға активтер мен міндеттемелер туралы декларация өткізгеніңіз туралы анықтама;

- Мүшелік жарна төлегеніңізді дәлелдейтін құжат (Мәжіліс 1 050 000 тг, Мәслихат 350 000 тг).

Қалай жүзеге асырамыз?

  1. Тұрғылықты жеріңіз бойынша Салық органына барып өзіңіз бен жұбайыңызға декларация өткізіп, ол туралы анықтама алыңыз (ал декларацияның дұрыс не қате кеткені туралы жауап тек 10 күн шамасында белгілі болады, ол жауап СК-на беріледі);
  2. Анықтамамен өзіңіздің ОСК-ға барып өтініш пен биография туралы қағазды толтырасыз;
  3. Содан кейін ОСК Сіздің құжаттарды Прокуратураға, Миграциялық полицияға жібереді (толтырған мәліметтеріңіздің дұрыстығын, шетелде тұрғаныңызды не тұрмағаныңызды тексеру үшін);
  4. Егер барлығы сәйкес келсе құжаттары барлық талаптарға сай деп тіркеуге алады;
  5. Содан соң Сіз мүшелік жарнаны төлейсіз;
  6. Ал осы уақытта ОСК Салық басқармасына сұраным жібереді Сіздің тапсырған декларацияңыз бойынша барлығы сәйкес пе екендігін білу үшін;
  7. Салық органы барлығы тапсырған декларацияның жауабын береді. Егер осы жерде СО Сіздің декларацияда ауытқу бар десе, Сізді СК тіркеуден алады, барлығы дұрыс болса Сіз кандидат ретінде ресми тіркелесіз!
  8. Кандидат ретінде ресми тіркелгеннен кейін ғана, ресми үгіт-насихат науқаны басталғаннан кейін ғана Сіз агитация жүргізе аласыз. *Оған дейін агитация заңсыз болып табылады.

Құжаттарды тапсыру уақыты 08.02.2023 ж. Сағат 18:00-ге дейін.

Кандидаттарды тіркеу: 20.01-18.02 аралығында.

Агитация 18.02.2023 cағат 18:00-ден бастап 18.03.2023 cағ: 00:00-ге дейін.

18.03.2023 - тыныштық күні

19.03.2023 - сайлау күні

Арайлым Назарованың желідегі парақшасынан алынды

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381