Дүйсенбі, 25 Наурыз 2019
Абай-ақпарат 1784 0 пікір 21 Наурыз, 2013 сағат 08:53

Қанат Балқыбек. Қазаққа қазақша әліппе қажет

 

Әлемнің ең көп тараған тілдеріне жататын ағылшын, испан, орыс тілдерінің лексикалық құрамының едәуір бөлігін кірме сөздер құрайды. Мысалы, түрік және орыс тілдерінде сырттан кірген сөздер 30-40 пайызды құраса, мадияр тілінде 60 пайыз, ал әлемнің ресми тіліне айналған ағылшын тілінде - 75 пайыздан асып жығылады. Әлем тәжірибесіне сүйенсек, кез келген тілге кірме сөздер өте қажет қуат көзі болып келеді. Жаңа сөздермен қоса жаңа ұғымдар, жаңа дүниелер келеді. Тілдің лексикасы байи түседі. Ұлттың әдебиеті мен мәдениеті рухани серпіліс алады, ғылым саласы өркендейді.

Қазақ лексикасында да кірме сөздер бар. Бірақ олардың түгелге жуығы орыс әліппесін қабылдамай тұрып енгендер. Демек, өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан бері қазақ тіліне сырттан жаңа сөз құйылуы тоқтаған (зауыт, пойыз тәрізді санаулы сөздерді есептемегенде). Егер тіл үнемі жаңа сөздермен толықтырылып тұрмаса, бірте-бірте ескіре бастайды. Осыдан кейін: «Тіліміздің аясы неге кеңеймей жатыр, неге бәсекеге қабілетсіз болып барады?», -  деп таң қаламыз.

 

Әлемнің ең көп тараған тілдеріне жататын ағылшын, испан, орыс тілдерінің лексикалық құрамының едәуір бөлігін кірме сөздер құрайды. Мысалы, түрік және орыс тілдерінде сырттан кірген сөздер 30-40 пайызды құраса, мадияр тілінде 60 пайыз, ал әлемнің ресми тіліне айналған ағылшын тілінде - 75 пайыздан асып жығылады. Әлем тәжірибесіне сүйенсек, кез келген тілге кірме сөздер өте қажет қуат көзі болып келеді. Жаңа сөздермен қоса жаңа ұғымдар, жаңа дүниелер келеді. Тілдің лексикасы байи түседі. Ұлттың әдебиеті мен мәдениеті рухани серпіліс алады, ғылым саласы өркендейді.

Қазақ лексикасында да кірме сөздер бар. Бірақ олардың түгелге жуығы орыс әліппесін қабылдамай тұрып енгендер. Демек, өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан бері қазақ тіліне сырттан жаңа сөз құйылуы тоқтаған (зауыт, пойыз тәрізді санаулы сөздерді есептемегенде). Егер тіл үнемі жаңа сөздермен толықтырылып тұрмаса, бірте-бірте ескіре бастайды. Осыдан кейін: «Тіліміздің аясы неге кеңеймей жатыр, неге бәсекеге қабілетсіз болып барады?», -  деп таң қаламыз.

Орыс әліппесі арқылы келген компьютер, концерт, цемент, актер сияқты толып жатқан шұбар сөздерді  қазақша деп айта алмаймыз (себебі олар әу басте орыс тілі үшін, орыстың әліппесімен транскрипцияланған) Я қазақшалап: кәмпүйтір, кәнсерт, семент, әктөр деп жаза алмаймыз (себебі орыс әліппесі бейне бір компьютерлік бағдарлама тәрізді оған рұқсат бермейді).

Кез келген ұлттың әліппесі бұратана сөздерді сол тілге транслитератор сияқты ыңғайлап тәржімелеп тұруы қажет. Бөтен сөздер сол күйі өңделмей кіріп жатса, вирус тәрізді ол тілге зиянын тигізеді, тіл құрылымын іштен бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

Қазақ тіліне де сондай бір әмбебап, тіл қауіпсіздігін қорғай алатын әліппе ауадай қажет.

Оқырман қауымның назарына жаңа бір әліппені ұсынғым келеді. Бұл ағылшын не ежелгі латын тілінің әліппесі емес, Ахмет Байтұрсыновтың «Төте жазуы» негізінде әзірленген өзіміздің қазақ әліппеміз:

 

Латынша жазылуы

Оқылуы

Латынша жазылуы

Оқылуы

1

Aa

а

14

Nn

ен

2

Bb

бы

15

Oo

о

3

Cc

шы

16

Pp

пы

4

Dd

ды

17

Qq

қу

5

Ee

е

18

Rr

ер

6

Ff

еф

19

Ss

ес

7

Gg

ге

20

Tt

ты

8

Hh

һа

21

Uu

у

9

Ii

и

22

Vv

ве

10

Jj

жі

23

Ww

уа

11

Kk

кі

24

Xx

икс

12

Ll

ел

25

Yy

игрек

13

Mm

ем

26

Zz

зет(зы)

 

Бірден қазақтың Ә, Ө, Ү, Ұ, Қ, Ғ, І, орыстың Щ, Ч, Ц, Э, Ю, Я әріптері қайда деуіңіз мүмкін. Барлығын осы 26 әріппен көрсетуге болады. Тіпті 22-сі де жетіп тұр, қалған төрт әріпті (F, V, W, X) кірме сөздер үшін пайдаланамыз.

Қазақ тілі сингармонизм (дауыстылар үндестігі) қағидасына бағынады. Сол себепті жіңішке сөздерде жіңішке дауыстылар, ал жуан сөздерде жуан дауыстылар жазылады. Мысалы: Алматы, Тобыл, Іле, өзен, Мұрат, қажы, семіз, өркениетіміз, қазақтылық, әсем. Бұларды Almati, Tobil, Ile, ozen, Murat, kaji, semiz, orkenietimiz, kazaktilik, asem деп жазамыз.  Е әрпі жіңішкеліктің белгісі, сол себепті Е әрпі бар сөздер де жіңішке болып келеді.

Әрине, сингармонизм заңына бағынбайтын сөздер де жоқ емес. Олар көбінесе құрама не «қазақыланбаған» сөздер: Өзбекстан, Ақтөбе, Шымкент, Ақылбек, парламент, балет, агент т.б. Бұл сөздерді Ozbekstan, Aktobe, Cimkent, Akilbek, parlament, - деп немесе апостроф арқылы: Ozbek'stan, Ak'tobe, Cim'kent, Akil'bek, parla'ment - деп те жазуға болады. Меніңше, апострофты тек 1-ші сынып оқулықтарына ғана жазған дұрыс болады. Келе-келе сол азын-аулақ сөздердің жазылып-айтылуына көзіміз үйреніп те кетеді.  Орыс тілінің әр сөзінде әр түрлі болып өзгеріп тұратын екпіндерін де жаттап алдық қой. Ал ағылшын тілінің әрбір сөзінің жазылуы бір бөлек болса, айтылуы да бір бөлек. Көбісі ешқандай ережеге бағынбайды. Соған қарамастан бұл тілге деген сұраныс күннен-күнге артуда.

Ал енді жоғарыдағы balet, agent сөздеріне келетін болсақ, оларды өзгертусіз сол күйі жазамыз. Қазақ тілінің дауыстылар үндестігі заңымен олар енді «бәлет», «әгент» болып оқылуы керек. Бұл кез келген ұлттық әліппенің заңдылығы. Өзіміз жақсы білетін орыс әліппесі де сырттан келген бөтен сөздерді автоматты түрде «орысшаландырып» тұрады: nation - нация, football - футбол, қазақ - казах, Есіл - Есиль.

Сонымен бөтен сөздер өзгертілмей  жазылса да әліппе арқылы «қазақылануға» ұшырады.

Ал енді Е әрпі ұшыраспайтын: бір, үкі, өмір, әкім, күміс тәрізді жіңішке сөздерді қалай жазамыз?  Латын әліппесін пайдаланып жүрген неміс, түрік, мадияр халықтары жіңішке дыбыстарды умлаут арқылы жазады: Ü, Ö, Ä. Алайда қазақ тілінде ол тілдерде кездесетін U, O, A әріптерімен қатар I әрпінің де жіңішке түрі бар. Умлаут арқылы ол - Ï болып жазылады. Сонда бір, біз, сіз, кім сияқты жиі ұшырасатын сөздер: bïr, bïz, sïz, kïm боп жазылады. Бұл сөздерді қолмен жазғанда мүлдем түсініксіз болып кетуі мүмкін.

Сол себепті жіңішкелікті білдіру үшін умлауттың орнына акут белгісін қолданғанымыз дұрыс болады («жіңішке белгісі»). Мысалға: bíz, síz, kím, bírlik, ómir, ákim, kúmis, tájik, Pákistan.

Қазақ тілінде сингармонизм қағидасына бағынбайтын тағы бірқатар сөздер бар: қадір, құрмет, қызмет, қорек, мұғалім, лағынет. Байқасаңыздар бұл сөздердің барлығында Қ не Ғ әріптері кездеседі. Оларды: qadír, qurmet, qizmet, qorek, mughalím, laghinet - деп жазу керек. Демек, көп мамандарға ұнап қалған Q әрпіне де қолданыс таптық.

Тек бұл әріпті Қазақстан, Қарағанды, қуырдақ, қызыл, бақа тәрізді сөздерге қолданбауымыз қажет. Біріншіден Қ әрпі қазақ тілінде өте жиі кездесетіндіктен жазуымыздың визуальды көркемдігі жоғалады (Qazaqstan, Qaraghandi, quurdaq, qizil, baqa). Екіншіден эстетика заңдылықтарына да қайшы келеді. Және ең басты себеп - осы әріп арқылы біз өз тілімізді оқшауландырып аламыз.

Ал енді латынның K және G әрптерін қолданатын болсақ тіліміздің «қазақыландыру» механизмін іске қосамыз: Karpat (оқылуы - Қарпат), Kuban (Құбан), bambuk (бамбұқ), karat (қарат), uragan (ұраған), Madagaskar (Мадағасқар), Kandagar (Қандағар).

Сингармонизм қағидасынан тыс тағы бір сөздер кездеседі: Ahmet, rahmet, Halel. Бұл сөздерде Q әрпінің рөлін H әрпі атқарады.

Ш әрпінің орнына Сh диграфын қолданамыз: chapagat, Chardara, alacha, Kachgar. Ал E, I, Y сынды дауыстылардың алдында жалғыз С-ны жазсақ та болады: Cimkent, nece, etikci, cini.

Сондай-ақ  A, O, U сынды әріптердің алдында және сөз соңында жалғыз С жұмсақ К болып оқылу тиіс: compania, comanda, telehicaya, vocal, facultet, act.

Ақпарат құралдарында ұсынылған кейбір латын әліппесінің нұсқаларында C әрпін түріктерше Ж әрпі ретінде жазу ұсынылыпты. Ол дұрыс емес. Себебі оғұз тілдеріне жататын түрік тілінің C (Дж) әрібі біздің Ж емес Ш әрпіне сәйкес келеді.

Ал енді U және I әріптеріне келетін болсақ олардың әр қайсысы төрт түрлі болып оқылады. Жоғарыда айтылғандай жуан және жіңішке (ұ/ы, ү/і) нұсқаларымен қатар, қысқа және ұзақ түрлері болады: у/и, уы/иы. Дифтонгтарда қысқа и мен у көбінесе ашық буындарда кездессе: aina, Aicha, Aijan, jauhar, Europa, aula; ұзақ и мен у негізі жабық буындарда ұшырасады: kair, bairgi, oincik, baursak, Bayanaul. Бұл заңдылықтарға бағынбайтын азынаулақ: Айт, қайт, сөйт, бүйт сияқты сөдерді Y әрпі арқылы жазған абзал: Ayt, kayt, sóyt, búyt. Сондай-ақ сөз соңында: май, Семей, Арай сөздерін: may, Semey, Aray деп жазамыз да, қалайы, жабайы, арнайы сөздерін: kalai, jabai, arnai деп жазалық.

Дифтонгтан тыс сирек кезігетін У мен И дыбыстарын Y, Ì(кірме сөздерді) және Ù әріптерімен жазамыз: yman, teledydar, mìnìstr, Lìsacov, sùret, tùra, bùra. H, V әрптерінен бұрын және кейін, сырт сөздерінің C әрпінің алдында I әрпі көп жағдайда ашылып айтылады, сол себепті белгілемей де жаза беруге болады: respùblica, atletica, tehnica, micro, himia, tarih, ghibrat, Ráchit, Chicago, activ, Vilnius, victorìna.

Ал U әрпі сөз соңында әрқашан ашық оқылады: aru, su, oku, kóchu.

Көптеген авторлардың әліппе нұсқаларында ұшырасатын түріктердің İi және Iı әріптерін қазақ әліппесіне қолданудың қажеті жоқ. Біздің тілімізге қарағанда түрік тілінде үндестік қағидалары жиі бұзылып тұрады, сол себепті Анадолыдағы ағайындар осы әріптерді қолдануға мәжбүр. Және де түрік тілінің әліппесі осыдан бір ғасыр бұрын құрастырылғанын да ескерген жөн. Оның үстіне бұл әріптер кез келген компьютер мен ұялы телефонда бола бермейді.

Тіліміздің тағы бір ерекшілігі: Е әрпі A, O, әріптерінің алдында жазылса И әрпіне айналады: teatr (тиатр), meteor (метиор), real (риал), feodal (фиодал).

Ң дыбысын Ñ әрпімен белгілейміз (татар мен қырым татарлары сияқты): oleñ, oñay, toñ, meñ, añ. Қазақ тілінде N әрпі K, G, B әріптерінің , -ir, -iz, -il жұрнақтарының алдында Ң әрпіне айналады, сондықтан ондай сөздерді N әрпімен жаза береміз: dank, janka, tenge, angime, enbek, janbir, kanbak, ónir, konir, koniz, teniz, kónil, jenil. Және де ілік септік жалғаулары әрқашан Ң әрпімен аяқталатындықтан:  kímnin, nenin, ceteldin, Alachtin - деп жаза берсе болады.

Ал әңгіме басындағы орыстың щ, ч, ц, э, ю, я әріптерін өзге елдер сыңайлы: sch, tch, ts, e, yu, ya деп түсірсек те болады: aschi, tuschi, Scherbakov, Tchehia, Tchaikovsky, Vitsìn, tsetse, export, mer, Ecuador,  Yugoslavia, ayu, koyu, koyan, Yamal.

Қазақтың Ш әрпі өзге түркі тілдерінде, орыс тілінде көбінесе Ч әрпіне айналып жатады: Чубарколь, Чимкент, Чунджа, Кокчетав. Сол себепті өзге халықтардың  Ч дыбысын С әрпі-мен не Ch диграфымен жазсақ ол сөздер керісінше қазақшалануға ұшырайды: Chapayev (оқылуы - Шапаев), Sabancilar (Сабаншылар), Ceboksari (Шебөксәрі),  chukchalar (шұқшалар), cempion (шемпион), Mancester (Мәншестер), match (матш).

Және соңғысы ia, io, ie дифтогтарының оқылуына келетін болсақ, тіліміздің ережесіне сай олар екпінді буындарда ия, ио, ие болып оқылады да, екпінсіз буындарда йа, йо, йе болып оқылуы тиіс: piaz (пияз), karia (қария), stadion (стадион), madeniet (мәдениет), bie (бие); және екпінсіз: Austria (Ауыстрйа), Germania (Германйа), Túrkia (Түркйа), pianìno (пйанино), Vietnam (Вйетнам).

Қазақ әліппесіне арнайы белгілері бар әріптерді еңгізудің қажеті жоқ. Себебі жүре-бара көзіміз бұл әріптерге үйреніп алған соң, барлық сөздерді ешбір белгі-сызықшаларсыз да жазып-оқуға болады.

Егер қазақ тілін осы әліппеге көшірсек ырық бермей жүрген мыңдаған бұратана сөздер бірден «қазақшаланады»:

adres (оқылуы - әдрес), aliment (әлімент), anegdot (әнегдот), artel (әртел), aut (ауыт),     balzam (балзам), benzin (бензін), cabìnet (кәбинет), lazur (лазұр), laureat (лауриат), litsenzia (літсензйа), maz (маз), magnat (мағнат), maket (мәкет), mayak (маяқ), mentalitet (ментәлітет), mìnus (минұс), muzyca (мұзика), pаrfumer (парфүмер), prezident (презідент), reis (рейіс), termin (термін), urna (ұрна), facultet (фәкүлтет), cempionat (шемпйонат), Аngola (Аңғола), Аnkara (Аңқара), Аrgentina (Әргентина), Berlin (Берлін), Polcha (Полша), Gollandia (Ғолландйа), Paraguay (Парағуай), Gana (Ғана), Ekaterinburg (Екәтеріңбүрг), Baku (Бақу), Praga (Праға), Pireney (Піреней), Apenìn (Әпенин), Brussel (Брүссел), Helsinki (Хелсіңкі), Kama (Қама), Rìga (Риға), Bulgaria (Бұлғарйа), Malta (Малта), Ghimalay (Ғималай), Kalìmantan (Қалимантан), Islandia (Ысландйа), Kabul (Қабұл) т.б.

 

Сондай-ақ қазақтың ауызекі тілінде ғана қолданылып жүрген, өгей сөздерді де енді еңгізе аламыз:

ábsalut (әбсәлүт), aduacat (адуакат), acumilatir (әкүміләтір), actual (әктуал), bombi (бомбы), belet (белет), dìzil (дизіл), cansert (кәнсерт), lazir (лазыр), lampi (лампы), lezbi (лезбі), lenzi (лензі), magezin (мәгезін), massi (массы), machine (мәшине), medisìna (медісина), metir (метір), pasti (пасты) restaran (рестаран), rayal (райал), slesir (слесір), symbil (симбыл), salerke (сәлерке), startir (стартыр), termis (терміс),  tuberculez (түберкүлез), sement (семент), elevatir (елеватыр)  т.б.

Kazakstan Respùblicasinin ulttik ánurani:

 

Altin kún aspani,

Altin dán dalasi,

Erliktin dastani,

Elime karaci!

Ejelden er degen,

Dankimiz cikti goy.

Namisin bermegen,

Kazagim mikti goy!

Menin elim, menin elim,

Gúliñ bolip egilemin,

Jiriñ bolip togilemin, elim!

Tùgan jerim menin, Kazakstanim!

 

Elimizdin kalari: Almati, Astana, Karagandi, Atirau, Cimkent, Kostanay, Kizilorda, Oral, Kokcetau, Semey, Túrkistan, Petrapaul, Oskemen, Pauladar, Taraz, Kapchagay.

Ozen, kólder: Ertis, Sirdaria, Tobil, Esil, Nura, Alakól, Caspy, Balkach, Aral, Zaisan.

Ozge jer-su ataulari: Mangistau, Jetisu, Sari-Arka, Kazigurt, Baikonir.

 

Nakil sozder:

 

Teginde adam balasi adam balasinan akil, gilim, ar, minez degen narselermen ozadi. Odan baska narsemen ozdim goy demektin bári de akimakcilik...

Abay

 

Óz aldina el bolu'ga ózinin tíli, adebieti bar el gana jaray alatindigin bíz umitpaumiz kerek.

Ahmet Baitursinov

 

Ulttin tíli - sol ulttin jani, jan-duniesi. Ol jurekti soktirip turgan kan tamiri siakti. Egerde kan tamiri jabilip kalsa, jurek te sogu'in toktatpay ma?

Muhtar Auezov

 

Abai.kz

0 пікір