Журфактың екінші курсында оқимыз. Студенттік балдәуреннің нағыз шағы. Түннің бір уағы. №5 жатақханада топаралық КВН өтетін болып, бір бөлмеге жиналып алып, командамыздың «Кірпіш» атты қабырға газетін шығарып жатқанбыз. Ғабит Мүсіреп, Әлімжан Аблесенов, Ормаш Мырзағалиев, Тілеукен Әлжекеев, Нұржан Қуантайұлы бар. Несін айтасыз, басымыз толған тың идея, шабыт деген шалқып тұр. Шатпақ аралас шаржсымақтарды қағаз бетіне түсіріп әлекпіз. Ғабаң - бас редактор, Алик - бас кеңесші, Нұржан мен Ормаш - бас эпиграммашы, Тілеукен - бас суретші, мен - бас фотограф. Таңертең газет тастай болып дайын тұруы керек. Кенет, жарық өшсін де қалсын. Шу ете қалыстық.
Ең көп оқылған
0 пікір
Үздік материалдар |