Сенбі, 23 Қараша 2024
1711 1 пікір 8 Ақпан, 2023 сағат 12:25

Қазақ банкі АҚШ-тың санция құрығынан босады

АҚШ қаржы министрлігі ресейлік Сбердің Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкі "Береке банкіден" (Bereke Bank) санкцияны алып тастайды. Себебі, аталған қаржы ұйымы қазір қазақстандық компанияға тиесілі және оған ресейлік "Сбер" жетекшілік етпейді. Бұл жөнінде The Wall Street Journal жазды.

Банкті санкция тізімінен алу туралы шешім 6 наурызда күшіне енеді.

Америка қаржы министрлігінің мәліметінше, "Сбердің" Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкі қазір Қазақстандағы ірі қаржы мекемелерінің бірі және елдің қаржы секторы үшін маңызды рөл атқарады.

АҚШ қаржы министрлігі былтыр қыркүйек айында Қазақстандағы аталған банктің иесі - "Бәйтерек" холдингінен мекемені санкция тізімінен алып тастау туралы өтініш алған. АҚШ қаржы министрлігінің хабарлауынша, Bereke Bank сонымен бірге санкциямен тыйым салынған әрекетпен айналыспайтынын және қажет жағдайда АҚШ конгресіне қажетті ақпаратты беретінін айтқан.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383