Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2445 0 пікір 8 Ақпан, 2023 сағат 14:35

Қазақстан Түркияға тағы 60 құтқарушы жібереді

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екінші эшелонның құрамында 60 адам енді. Олардың ішінде құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен кинологтар бар.

Құтқарушылардың екінші тобы 150-ге жуық апаттық-құтқару құралдарын және 160-тан астам дәрі-дәрмек түрін жеткізеді.

Осылайша, Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамға жетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1108
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2645
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 767
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 734