Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 3617 52 пікір 24 Ақпан, 2023 сағат 12:48

Украина дағдарысы. Қалыс қалу және Ресей ықпалы

Бүгін Украина соғысының басталғанына, дәлірек айтсақ Ресейдің импершіл билігінің Тәуелсіз Украинаға соғыс ашып, қалаларында қанқасап жасай бастағанына тұп-тура бір жыл. Кремль статегтерінің: «Киевті 3 тәулікте, бүкіл Украинаны 6 тәулікте жаулап аламыз», - деген блицкригтерінің быт-шыты шығып, майданның кей тұстарында «әлемнің екінші әскері» деп әсіре мақталған армияның ойсырай жеңілгенін көрдік. Жә, ол бөлек әңгіме...

Кеше БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейге қарсы, соғысқа қатысты арнайы қарар қабылдады. Қарардың атауы: «Украинадағы жан-жақты, әділ және тұрақты бейбітшілік принциптері туралы», деп аталады.

Онда Ресейге бірнеше талап қойылған. Біріншісі: Украинаның БҰҰ-да мойындалған барлық территориясынан әскерді алып кету. Екіншісі: Украинаның территориялық тұтастығын толық мойындау.

Резолюцияны 141 мемлекет қолдады. 32-сі қалыс қалып, 7 мемлекет қарсы дауыс берген.

Қарсы болғандар: Ресей, Беларусь, Солтүстік Корей, Еритерия, Мали, Нигерия мен Сүрия.

Орталық Азия елдері қалыс қалғандар қатарында: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан т.б.

Қазақстан Украинадағы соғысқа татысты БҰҰ қарарларында осыған дейін де қалыс қалып келген еді.

Әуелі: Қазақстан билігі Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын ауызша айтты. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та, ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасы да осы ауандағы мәлімдемелерді жасады. Бұл сөз.

Ал Украинаның Халықаралық деңгейде мойындалған территорияларының сақталуын талап ететін қарарларға дауыс беруде үнемі қалыс қалып келді. Бұл іс.

Сөз бен істің айырмашылығын және аталмыш мазмұндағы қарарларды қабылдауда Қазақстанның қалыс дауыс беруінің бірнеше себебі бар. Соның ең бастысы - солтүстік көршілеріміздің экономикалық, саяси және географиялық ықпалы.

Қалыс қалу туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді де сөйлеген. Бүйдеген: «Қалыс қалу да – позиция. Біз ұлттық мүддемізді ескере отырып дауыс бердік», - деген.

Украинадағы соғыстың басталғанына бір жыл толуы қарсаңында, әлем елдері Украинаға қолдауды күшейтті. Күні кеше ғана Еуропаның 27 мемлекеті бірлескен мәлімдеме жасап, Украинаға әскер, материалдық және гуманитарлық көмекті көбейтетінін мәлімдеген. Ал оның алдында «Бухарест тоғыздығына» мүше мемлекеттер ортақ мәлімдеме жасап, Ресей басқыншылығын айыптаған.

Abai.kz

52 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279