Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3545 0 пікір 8 Сәуір, 2013 сағат 05:08

Мұхтар Шерім. Шекспирдің шапаны

Былтырғы ҰБТ (ұлттық бірыңғай тест) есіме түссе, есекке теріс мініп, Кеңкелестер ауылына  кетіп бара жатқандай күй кешіп, көңілім  құрттап кетеді...

Әлі есімде, бір топ қыздар болып, ҰБТ-ға дайындалып тұрғанбыз. Бір кезде көзілдірігі мұрнына жабысып қалған бір ағай жүгіріп келді де:

- Қыздар, бұтқа дайынсыңдар ма? - деп сұрады.

- Бұты несі ағай? - деп сұрадым мен.

- Бұтқа келдіңдер ме? Бұт деймін?

- Бұт емес, ҰБТ ғой ағай...

- Бәрі бір емес пе? Бұған дейін БҰТ болатын, қазір ҰБТ болыпты. «Шпаргалка» пайдаланбаңдар, биыл ерекше тексеру басталады!

Жоғарғы оқу орнынан білім алып, Абай атам айтпақшы, дүниенің бір «силикатный кіріпіші» болуды армандап тұрғанмын, бір кезде беттерін тұмшалап алған, қолдарында автомат, пистолет, гранат, пулемет, минометі бар бірнеше қарулы топ жетіп келді. Келген бетте бәрі хормен:

- Хенде хох! -деді екінші дүние жүзілік соғыстағы пәшестердей зәремізді алып. Біз сүмірейіп тұрмыз.

- Руки вверх! Қолдарыңды көтеріңдер!

Бәріміз қолдарымызды көтеріп едік, қолтығымызға жасырған «шпаргал­каларымыз» жерге түсіп жатты. Ұялы телефондарымызды жинап алды. Қасымда тұрған қыздың ұрты бұртиып тұрған.

- Аузыңды аш! - деп бұйырды тексеруші.

- Аузы ашылмайды,- дедім мен.

- Неге?

- Кеше желім жұтып қойыпты...

Сөзіме сенбеген тексерушілер қасымдағы қыздың аузын күштеп ашып, ішінен ұялы телефонын суырып алды. Сол екен, тексерушілер қыздардың  ауыздарын аңқита ашып, көмекейлеріне фонар жарығымен қарап жатты. Шашымыздың арасына дүрбімен қарады.  Бір кезде еңгезердей жігіт:

- Көйлегіңіздің етегін көтеріңіз...-деп сыбырлады.

- Неге?

- Ышқырыңызда не бар?

- Ұялмайсыз ба ағай, ышқырымда ышқыр бар...

Ұятсыз екен, бас салып, сумаңдаған қолын жүгіртіп өтті. Бетімді басып, есімнен танып қала жаздадым...  Осындай оспадар тексерістен кейін, ҰБТ-ға кезекпен кіре бастадық. Мектепті алтын медальмен бітірген қыз кіріп кеткен. Бір уақытта ботадай боздап, балдақпен шығып келе жатыр.

- Не болды? Балдақпен шығып келе жатқаның қалай?- деп жамырай сұрастық. Сөйтсек, тесттен аз бал жинап, құлап қалатындарға алдын- ала балдақ береді екен...

- Тестте қандай сұрақтар бар? - деп сұрадым мен.

- Шекспирдің шапаны дейді. А) Оқалы, оюлы шапан, ә) жыртық шапан, б) кір-кір шапан...

- Сен қайсы жауапқа тоқталдың?

- Күйіп кеттім! Шекспир қазақтың шапанын қашан киіп жүр? Орнымнан тұрдым да, профессорға келіп: «Ағай, Шекспир шапан кимеген, мен тест тапсырудан бас тартамын!»-дедім. Сөйтсем, Шекспир баяғы заманда Шымкентке қыдырып келген дейді ме, бір тойға қатысып, шапан киген дейді ме... Құрысыншы!

- Сұрақтар қызық, «Шыңғысханның тісі қай жылы түскен?» дейді ме, әнші Роза Рымбаеваның машинасының нөмірі қандай?» дейді ме? «Ыбырай Алтынсарин насыбай атқан ба?» сияқты сүмірейген сұрақтар!  - деп күйінді құрбым қызып кетіп. Бір кезде шіреніп, бір абитуриент жігіт келді. Басынан бу бұрқырап тұр. Кеудесіне жұмыртқа қойып еді, бес минутта пісіп қалды...

- Алтын медәлің бар ма? - деп сұрадым мен.

- Жоға,- деді ол маңғазданып,- қорғасын медальға бітіргенбіз...

- Ондай да медаль бар ма?

- Қалауын тапсаң, қалайы медаль да аласың!

Қайран, қазақтың бұты... ой, кешіріңіздер, ҰБТ-сы! Қор болдың-ау, жастарымызды қорладың-ау! Көңіл-күйім күйіп қалған таба нандай болып, тест тапсырып отырмын... Маған да Шекспирдің шапаны келді... Шалағай сұүрақтарға қарным ашып, ішімнің шұрылдағаны. Сол екен, бақылаушы жігіттер жетіп келіп, ішіме құлақтарын тосқаны...

- Ішіңде кім сөйлеп жатыр?

- Ұялы телефон жұтып алғансың!

Дереу ішімді рентгенге түсірді. Зонт жұтқызды. Түк таппады, ішек қарынымнан басқа. Сөйтіп жүргенде, тесттен тентек болып шықтым. Қазір жындыханадамын, Шекспирдің шапанын жамылып жатырмын... Қайран, ҰБТ!

ҰБТ-ны тарқатып айтайын ба? ҰБТ-ұятсыздар, бетсіздер, топастар! Әне, керек болса!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5348