Бейсенбі, 18 Шілде 2024
Қоғам 4691 21 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 14:03

Дос Көшім: Мен - Назарбаев емеспін, «Ұлт тағдыры» - «Нұр-Отан емес!

Саясаткер Дос Көшім «Қасқа жол» бағдарламасында берген сұхбатында 2019 жылы президент сайлауына түскен Әміржан Қосанов туралы пікір білдірді.

«Әміржан Қосановты «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымы ұсынды. Мен Назарбаев емеспін, «Ұлт тағдыры» «Нұр-Отан емес». Ол менің партиям емес. Сол жердегі әрбір адам менімен тең не менен артық. Сонымен бірге, «Ұлт тағдырының» басшылығына келген адам не 90-жылдары тәуелсіздік үшін күрескен Азат қозғалысының басшысы болуы керек, не болмаса Желтоқсан көтерілісіне қатысқан болуы керек», - деді саясаткер, «Әміржан Қосановты сіз басқаратын ұйым ұсынды» деген журналистің сөзіне жауап беріп.

Саясаткердің айтуынша, сол сайлауда халықты алдап кеткен еліміздегі оппозиция өкілдері.

«Ең басты алдап кеткен ол – оппозиция. Саясатта жүргеніме 35 жыл болды. Мен ондайды көрген жоқпын. Сол жылы бір айғы сайлауалды науқанда Тоқаевтың бағдарламасын бірде-бір оппозицияның адамы сынаған жоқ. Бәрі, неге екенін қайдам, Әміржанды сынады, ал негізгі біздің өмір бойы қарсы болып келе жатқан билік жүйесін ешкім ауызға алып айтпады.

Ең қызығы біз бір ұлтшылды ұсынған жоқпыз ғой. Біз сол оппозицияның адамын ұсындық. Ол ҚДТ-ның басшысының бірі болды, «Әділетті Қазақстанның» басшысы болған, Болат Әбіловтың орынбасары болған адамды ұсындық қой. Біз ойладық, оппозицияның адамын ұсынайық, оппозиция қосылатын шығар деп, бірақ олар қарсы шықты. Осындай қызық жағдай болды», - дейді спикер.

Дос Көшім сол кезде біздегі әділетсіз сайлау жүйесі болмағанда Әміржан Қосановтың президенттікке сайланатынын айтты.

«Біріншіден, Әміржанға 4 миллионнан астам адам дауыс берді дейді. Бізді сынайтын адамдар «Әміржан 40-50 пайыз алды, сүйтіп оның бәрін өзі беріп қойды деп» айтады. Шындығында, оны істеген Берік Имашев бастаған Орталық сайлау комиссиясы. 16 пайызын Әміржанға берген. Оның 16 пайыз алмағанын халық біледі. Әміржан тек Алматының өзінде  70 пайыз алды. Егер бізде әділетсіз сайлау болмағанда, Әміржан Қосанов президент болар еді.

Екіншіден оны алдады дейді. Алдады деп президенттікке түскен адамға бір-ақ нәрсені айтады. Егер ол президент болған соң, бағдарламасында айтқан нәрсені істемесе. Ол президент болған жоқ, қалай алдайды? Оның үстіне, Әміржан кейін Үкіметтен қызмет те алған жоқ», - деді спикер.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1256
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 1984
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2026