Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3239 0 пікір 11 Сәуір, 2013 сағат 06:40

Шығыс Түркістанның қилы тағдыры (жалғасы)

07.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №5 қаулы қабылдап, ШТР Уақыттық үкіметінің Әскери істер меңгермесін құруды, Әскери істер меңгермесінің ұйымдастыру, әскери түзім жобаларын жасауды Петр Романович Александровқа тапсырды.

***

07.01.1945

Ужұңшин мен Жушаулияң Жяңжиешіге телеграмма жолдап: «Шыңжаң Әскери істері қиын кезеңге жетті. Мұндағы жеңу-жеңілу - артқы шеп қамдауына және Кеңес Одағымен болатын депломатияға байланысты болып отыр» - деді.

Жяңжиеші дереу Гоминдаң үкіметі орталық Әскери істер комитеті артқы шеп қамдау бөлімінің бастығы Юифипыңға Батыс солтүстік тасжол мекемесінің бастығы Хыжыңуды, Қазына министрлігі Ақша мекемесінің бастығы Даймыңлиды, Шыңжаң өлкелік Қазына меңгермесінің жаңа тағайындалған бастығы Луиұюынды, 8-соғыс районы әскери пунктының бас бақылаушысы Банфуды бастап Шыңжаңға барып, астықпен қамдау, әскери керек-жарақ жөткеу, қатынас құралы қатарлы артқы шеп қамдау мәселелерін шешуге кірісуді тапсырды.

***

08.01.1945

07.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №5 қаулы қабылдап, ШТР Уақыттық үкіметінің Әскери істер меңгермесін құруды, Әскери істер меңгермесінің ұйымдастыру, әскери түзім жобаларын жасауды Петр Романович Александровқа тапсырды.

***

07.01.1945

Ужұңшин мен Жушаулияң Жяңжиешіге телеграмма жолдап: «Шыңжаң Әскери істері қиын кезеңге жетті. Мұндағы жеңу-жеңілу - артқы шеп қамдауына және Кеңес Одағымен болатын депломатияға байланысты болып отыр» - деді.

Жяңжиеші дереу Гоминдаң үкіметі орталық Әскери істер комитеті артқы шеп қамдау бөлімінің бастығы Юифипыңға Батыс солтүстік тасжол мекемесінің бастығы Хыжыңуды, Қазына министрлігі Ақша мекемесінің бастығы Даймыңлиды, Шыңжаң өлкелік Қазына меңгермесінің жаңа тағайындалған бастығы Луиұюынды, 8-соғыс районы әскери пунктының бас бақылаушысы Банфуды бастап Шыңжаңға барып, астықпен қамдау, әскери керек-жарақ жөткеу, қатынас құралы қатарлы артқы шеп қамдау мәселелерін шешуге кірісуді тапсырды.

***

08.01.1945

1-реткі Құлжаға әскери көмек беру соғысында жеңіліске ұшырағаннан кейін, Жушаулияң Литиежүнді Үрімжіден Жыңға барып, Құлжаға көмектесу соғысына қолбасшылық етуге жіберді. Литиежүн сол күні Жыңға барысымен, Жаңа 45-дивизия 3-полкінің командирі Хууынсы, запас 7-дивизия 19-полкі командирінің орынбасары Фанюрын, 29-тасымал басқармасының бастығы Зыңшысұн, Әуе армия атретінің бастығы Шұйянмолардан ұйымдасқан Жаңа 2-армия алдыңғы шеп қолбасшылық орнын құрды. Ол арнаулы айропланмен Құлжа кеңістігіне барып, Жяңжиешының «Сталинграт ұрыхынан да асып түсетін рухпен соңына дейін берік тұрыңдар!» деген телеграмма бұйрығын Айродром қатарлы базаларда бекініп жатқан гоминдаң әскери бөлімдеріне жеткізді.

***

09.01.1945

Жушаулияңның Құлжаға көмек беру әскери жобасына сай, Литиежүн Дахиянзыда мынадай соғыс бұйрығын жариялады:

1). Жалпы беттік шабуыл осы айдың 11-күні басталады.

2). Шиеифың Дахиянзы маңына топталған әскери бөлімдерді бастап, Көгершін асуы арқылы Құлжаға жорық жасайды. Тағы бір бөлім Турасуға соғыс ашады.

3). Фанюрын әскери бөлімді бастап, Ашалы асуынан асып, Құлжаға бағыт алады.

4). Лиюишияң жауапты болып, Жыңның батысындағы жерлерді және тас жолды қорғайды. Сонда-ақ, Арасан, Бұратала аудандарында «аластау» жүргізеді.

5). Хууынсы партизандар қосынының әскери күшін мұрындықтай түсу үшін жаңа Артайға шабуылдағансиды.

6). Жалпы шабуыл кезінде әуе армиясы құрлық әскерге сәйкесіп, әрбір айроплан күніне бірнеше рет ұшады.

***

09.01.1945

Ужұңшин Алтайдың уәлиі Гаубоюиді шақырып алып, оған Алтайды құлшына орнықтыруды, Алтай аймағында тұратын армия командирлеріне мемлекет қорғанысын нығайтып, отан териториясын қорғау жөнінде құлшыну керек екенін жеткізуді талап етті.

***

11.01.1945

АҚШ-тың Үрімжіде тұратын консулы Уаррит Ужұңшинге Алтайдың уәлиі амандаса барып, АҚШ-тың газет-журналдарында жариялап, бүкіл дүние жүзінің назарын аудару үшін «Құлжа оқиғасының» жағдайын егжей-тегжейлі білгісі келетінін білдірді.

***

11-16.01.1945

11-қаңтар күні Лиюишияң Ашалы асуындағы әскери күшін күшейтумен бірге, тағы бір батолион әскери күшін Бұраталаға орналасып, Арасанға жорық жасауға жіберді. 12-қаңтар және 16-қаңтар күндері ілгерінді-кейін Шияуиңпанды, Лаушаупаңды (жер аттары) басып алып, Қарабұхыда Ерден партизандар қосынумен тіресті.

***

11-19.01.1945

Гоминдаң армиясы Құлжаға әскери көмек берудің жаңа соғыс қимылын бастады.

Партизандардың әскери күшін айналдыра түсу үшін, алдымен Сыминтузы мен Сантайдағы әскери бөлімдер зеңбірекші бөлімдердің күндіз-түні атқылап сәйкесуінде жаңа Артайға жалған шабуыл жасады.

Ханюрын бастаған әскери бөлімдер Ашалы асуынан шығып, терістік қарлы асуға жорық жасап, 12-қаңтар күні терістік қарлы асуын басып алды. олар партизандар атретінің тосқауылдап соққы беруіне ұшырағандықтан, 18-күні оңтүстік қарлы асуды әрең басып алып, 19-қаңтар күні Мазар сайына кірді. Сонымен бір уақытта, Шиеифың бастаған әскери бөлім Көгершін асуына шабуыл жасап, 12-қаңтар асуды басып алды.

16-қаңтар күні Турасудың оңтүстігін басып алды. 16-қаңтар күні Шиеифың бөлімдері Білікшінің маңына жетіп, Құлжа айродромына небары 20км қалды.

***

12.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №6 қаулы қабылдап, ШТР Уақыттық үкіметінің Әскери істер меңгермесін бекітті. Петр Романович Александровты меңгерме бастығы етіп тағайындады.

Тұрақты армия құруды, әскери шен түзімін жолға қоюды да ұйғарды. әскери шен - жай әскер, орта командир, аға командир, жоғары дәрежелі командир деп төрт дәрежеге бөлінді. Пагон мен киім Кеңес Одағы армиясыныкіне ұқсатылды. Пагондар көк, қызыл, ақ түспен жиектеліп, атты, жаяу, зеңбірекші әскерлерді сол арқылы парықтайтын болды.

***

12.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №3 бұйрығын жариялап, Почта-телеграф, Қатынас-тасымал мекемелерінің тез арада Құлжа, Сүйдің, Қорғас, Нылқы, Тоғызтарау, Текес, Моңғұлкүре, Күнес, Сұмыл қалашықтарында қызмет өтеу құрылымын құрып, Құлжа мен аудандар арасындағы Телефон арқылы хабарласуды қалпына келтіруді ұйғарды. Сонымен бірге, телеграмма, жай хат, заказ хат, ақша перевод, бес келеге дейінгі посолканы почта арқылы жіберу кәсіптерін жолға қоюды белгіледі.

***

14-19.01.1945

14-қаңтар күні партизандар қосыны қақаған қатты суыққа қарамай, трактордың сыртын болатпен қаптап, ішіне плимот орнатып алып, Айранбақ қатарлы үш бекіністі күндіз-түні атқылап, ондағы гоминдаң армиясын гоминдаңның көмекші әскерлері келуден бұрын тып-типыл жойып жібермекші болды.

17-қаңтардан бастап,  ШТР Уақыттық үкіметі бұқараны толассыз аттанысқа келтіріп, Ашалы асуы мен Пәнжім өңіріне жіберді. Олар партизандар қосынымен бірге Шиеифың бастаған көмекке келетін армияның негізгі күшін Білікші сайында қоршап алып, минометтен оқ жаудырды.

19-қаңтар күні Шиеифың бөлімдері жарымынан астамы шығындалғандықтан, шегінуге мәжбүр болды. Мазар сайына жорық жасаған батыс бөлімше әскери бөлім - Панюрын бөлімі соққыдан тоз-тоз болды. Партизандар қосыны оларды қуа соққылап, Турасуға дейін қуып барып, Көгершін асуынан асырып тастады. Гоминдаң армиясының Құлжаға көмек беру соғысы біржолата жеңіліске ұшырады.

Бұл жолы гоминдаң армиясынан бір мың үш жүздей адам өлді және жараланды. 160 шамалы описер қолға түсті. Партизандар қосыны 3 минмет, 20-дай ауыр-жеңіл пұлемет,, 700 дей мылтық олжа түсірді.

***

16.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №8 қаулы мақұлдап, мынадай ұйғарым жасады:

1). Оқу-ағарту меңгермесіне қарасты мәдени мұралар басқармасын құрып, шегара ішіндегі мәдени мұралар мен ежелгі ескерткіштерді қорғауға жауаптандыру тиіс.

2). Бас ауырухан, Бас дәріхана, Денсаулық сақтау комитетін құру керек.

***

16.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі шешім жасап, Тоғызтарау аудандық үкіметті ұйымдастырып, құрды. Жанболат Солты әкім болып тағайындалды.

----------------------------

Жанболат Солты* (1887-1952) ШТ Тоғызтарау ауданының адамы. Қазақ. Ірі мал иесі. Ұлттық жоғары жік адамы. Іле аймағы уәлиінің орынбасары болған. ШТ қолдан кеткеннен кейін, ұлт-азаттық көтеріліске қатынасқан. 1952-жылы атылған.

***

19.01.1945

Ужұңшин Жяңжиешіге мынадай ұсыныс қойды:

1). Орталық мүмкіндік жар берген көлем ішінде Шыңжаң өлкесіне қатынас-тасымал астық және қажетті бұйым жағынан көмек берсе.

2). Кеңес Одағымен сыртқы қатынасты белсене ретке салып, Қытай-Кеңес Одағының экономикалық істестігін орнатып, саяси жақтағы қаскөнемдікті бәсеңдетсе.

***

1945-жыл, қаңтар айның орта шені.

ШТР Уақыттық үкіметі Кеңес Одағынан бір топ әскери тәрбиешілерді ұсыныс етіп, Қорғаста командирлер курсын ашты. Курстың әр кезектік мерзімі үш ай болды. Жиыны үш кезек ашылды. Олар оқу бітіргеннен кейін, партизандар қосынына командирлікке бөлінді. Сонымен тұрақты Ұлттық армия құруға және құралды күрес өрістетуге таяныш әзірледі.

***

1945-жыл, қаңтар айның 20-нан ақпан айының 2-не дейін.

Партизандар атреті Кеңес Одағы әскери қызметкерлерінің селбесуінде Айранбақ, Айродром, Гұюаңмияудағы гоминдаң армиясының базасын зеңбірекпен атқылады.

28-қаңтар күні жаппай шабуылға өтті. Қиян-кескі шайқас арқылы түскі сағат үште Гұюаңмияуды алды. Жиаңшуанчуанды атып өлтірді.

Сосын Айранбақ пен Айродромға сұрапыл шабуылға өтті. Түнгі сағат онда Айранбақты алды. пыңжүние қалдық бөлімдерін бастап, Айродромға қашып барды.

Дудыфу Литиежүнге телеграмма жолдап, қоршауды бұзып шығуды бекітуін өтінді.

30-қаңтар күні, түстен кейін Литиежүн Жушаулияңға бекіттіріп, телеграмма арқылы Дудыфуға әскери бөлімді бастап қоршауды бұзып шығу бұйрығын берді.

Түнде Дудыфу қалдық бөлімдерінен мыңдай әскерді, ханзу бұқарасынан үш мыңдай адамды бастап, Айродром қоршауын бұзып шығып, қарлы боран, қақаған аязға қарамай, Жыңға қарай бет алды.

31-қаңтар күні, түсте олар Білікші сайына барғанда партизандар қосынының қоршауына түсіп, ақпан айының 1-не дейін шайқасты. Дудыфу өзін өзі өлтірді. Саурылияң, Пыңжүниелер ілгерінді-кейінді оққа ұшты. Тірі қалғандары түгелдей тұтқынға түсті.

...

Жалпы, Айранбақтағы шабуыл жасау, қорғану соғысы сексен неше күнге жалғасты. Соғыс бір күн толастамады. Партизандар қосыны жау армиясынан жиыны 1 мың 6 жүзден аса адамды жойды. 3 мың 7 жүздей адамды (көбі гоминдаң армиясының бала-шағалары мен ханзу бұқарасы) тұтқындады. 2 мың 1 жүздей мылтық, 6 миномет, 98 ауыр-жеңіл плимот, ұша алмайтын 54 айроплан, 16 автомобил және басқа әскери қерек-жарақ олжаға түсті. Сөйтіп, Құлжа жағы гоминдаңның әскери, әкімшілік күштерінен біржолата тазартылды.

***

21.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №5 бұйрық жариялап, мемлекет мал-мүлкін санаққа алуды; басқару мекемесі тізімдеген мемлекет тәуелділігіндегі ірі және шағын заводтарды, шеберханаларды, сауда дүкендерін Сауда-өнеркәсіп мекемесіне өткізіп беруді; Сауда-өнеркәсіп мекемесі жауапты болып, оны майға немесе жекелерге сатып беруді ұйғарды.

***

23.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №6 бұйрық жариялап, мынадай ұйғарым жасады:

1). Қазына-финанс мекемесі барлықтырысшаңдықтар арқылы ақша айналымын меңгеріп, зат бағасын орнықтырады.

2). Мемлекеттік бәнке аймақтардың орталық қаласында, аудан қалашықтарында бөлімшелерін құрады. Кәсіп көлемін аудан дәрежелі орындарға дейін кеңейтеді.

3). Мемлекеттік бәнке қарыз берген барлық ақшаны қайтарып алады. Мекеме орындары мен жекелердің бәнкеден есеп ашуына жол беріледі және осімді аманат кәсібін жолға қояды.

***

23.01.1945

АҚШ-тың Үрімжіде тұратын консулы Уаррит Ужұңшинге амандаса барып, «Құлжа оқиғасының» жаңа ахуалдарын ұғысты.

***

25.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №12 қаулы мақұлдап, армияны қажетті нәрселермен қамдауды қамтамасыздандыру үшін жекелердің қолындағы автомобилдерді, жанармайды, жабдықтарды, матиралдарды алуды, алынған заттарға лайықты баға кесуді, жасырып қалушыларды әскери заң бойынша жазалауды ұйғарды.

***

25.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі мемлекеттік Бақылау комитетін құруды, Ғайни Иолдашты төрағалыққа, Уақаш Ажыны оның орынбасарлығына тағайындауды ұйғарды.

***

27.01.1945

Осы айдың орта шенінде гоминдаңның көмекке келген әскери бөлімдері Құлжаның солтүстік маңына шабуыл жасап кірген қатерлі шақта, ШТР Уақыттық үкіметі Әскери істер меңгермесінің бастығы Петр Романович Александров олжаға түскен бұйымдар тиелген автомобилмен Кеңес Одағына қашып кетпекші болды.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №13 қаулы мақұлдап, Петр Романович Александровты  Әскери істер меңгермесінің бастығы міндетінен алып тастауды ұйғарды.

***

28.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №15 қаулы мақұлдап, Ұлттық мәдениетті ілгерлету қоғамы жинаған 1944-жылдық «ұшыр» мен «зекетті» түгелдей әскери қаражат етуді ұйғарды.

***

30.01.1945

Ужұңшин Құлжадан айрылғаннан кейін «Құлжа оқиғасын» қалай шешу жөнінде мынадай көзқарастар ортаға қойды:

Егер Қытай мен Кеңес Одағы ортасындағы қарым-қатынас оңалса, оқиғаны жартылай әскери, жартылай саяси жолмен шешуге болады. Ал, Қытай мен Кеңес Одағы арасындағы депломатиялық қатынас оңалмаса немесе Кеңес Одағы көріністе елемегенсіп, астыртын желіктіре беретін болса, онда бүкіл Шыңжаң жағдайы былығады. Орталық армия Іледе жеңілген соң, армиямыздың Кеңес Одағы мен әрқайсы ұлттар алдындағы беделі барынша түсті.

***

1945-жыл, қаңтар айының аяқ шені.

Оспан Ісламұлы ШТР Уақыттық үкіметімен байланыс жасамақ болып, 12 кісілік уәкілдер үйірмесін Ілеге жіберді. Олар Шиху маңына жеткенде гоминдаң армиясы мен сақшыларының тосқауылына ұшырап, амалсыздан қайта қайтып кетті.

***

1945-жыл, қаңтар айының аяқ шені.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Рахымжан Сабырхажиевті Әскери істер меңгермесінің бастығы етіп тағайындады.

***

1945-жыл, қаңтар айының соңы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Петр Романович Александровты партизандар қосынының бас қолбасшысы міндетінен қалдырып, оның орнына Иван Григориевич Палиновты қоюды ұйғарды.

***

1945-жыл, қаңтар айы.

ШТР Уақыттық үкіметі Құлжада аудандардан уәкіл шақырып, жиналыс ашты. Уақыттық үкіметтің құрлымдарын қайта реттеді. Сондай-ақ, Кеңес Одағы ақылшысының ұсынысына сай, Үкіметтің билік жүргізу программасын жасады:

1). Ханзуларға қаратылған зұлымдық саясаттың түп тамырына балта шабу.

2). Үкіметті демократиялық әкімшілік тұлға етіп құру.

3). Армия халыққа тән болу.

4). Ұлттардың терезесін тең ұстау.

5). Дінге құрмет ету.

6). Әр дәрежелі мәнсаптыларды халық сайлау.

7). Кеңес Одағымен достасу саясатын атқару.

8). Оқу-ағартуды дамыту.

9). Ұйғыр зазуын үкіметтің ортақ қолданатын жазуы ету.

***

1945-жыл, қаңтар айы.

ШТР Уақыттық үкіметі Шыңжаң өлкесінің ақшасын, фабиды жол беруден сырт, өз алдына қағаз ақша яғыни Қазына меңгермесіне қарасты «Мемлекет бәнкесінің мерзімді щегін» (100, 300, 500, 1000 юандық) таратуын, оны көбінесе Іле аймағында, онан соң Тарбағатай, Алтай аймақтарында айналымға салуды ұйғарды.

***

1945-жыл, қаңтар айы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі шешім жасап, Сүйдің аудандық үкіметті ұйымдастырып, құрды. Абыла Ажы әкім болып тағайындалды.

***

1945-жыл, қаңтар айы.

ШТР Уақыттық үкіметі гоминдаң әскери бөлімдерінің оңтүстік Шыңжаңнан жолға шығып, Текес ауданын басып өтіп, Ілеге көмекке келуін тосу үшін Калинов бастаған бастаған құралды бөлімді Текес ауданына жіберді. Ол Моңғұлкүре партизандар қосынына басшылық ететін болды.

***

03.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №19 қаулы қабылдап, әскерлік міндет өтеу заңындағы белгілемеге сай, 20 дан 22 жасқа дейінгі азаматтардың әскерге барып, үш жыл әскери міндет өтеу керектігін бекітті. Сонымен бірге, қазіргі жағдайға байланысты, 23 тен 45 жасқа дейінгі азаматтарды да әскерге алу керек деп шешті. Командирлерге де, әскерлерге де тұрар орын, киім-кешек, азық-түлік беруден сырт, жерлік үкімет олдардың да отбасындағыларға жан санына қарай көмек беруді ұйғарды.

***

04-11.02.1945

АҚШ, Англия, Кеңес Одағы басшылары - Розвелт, Щерщилл, Сталиндер Ялта мәжілісін ашып, құпия келісімге қол қойды.

***

06.02.1945

Ужұңшин оңтүстік Шыңжаңның жағдайын орнықтыру үшін, өлкелік үкіметтің жорасы, қосымша құрлыс меңгермесінің бастығы Юилиңюн бастаған «Оңтүстік Шыңжаң үгіт-нәсихат үйірмесін» оңтүстік Шыңжаңның жер-жеріне жіберуді және Хотан, Қашқар секілді жерлерде қамауда жатқан адамдарды ыңғайға қарай босатуды ұйғарды. Сонымен бірге, Үрімжі түрмесінен босатылған оңтүстік Шыңжаңның беделді кісілерін үйірмемен бірге ала кетуді тапсырды.

***

07.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №13 бұйрық жариялап, Егін, орман, мал, су шаруашылығы мекемесіне ауыл шаруашылығындағы халық саны мен егістік жер көлемін тезірек тізімге алуды тапсырды. Ауыл шаруашылығына көмектесуге, су құрлысын жөндеуге, мал нәсілін жақсартуға, жайылымды құнарландыруға, жер-жерде мал дәрігерлік пункттерін құруға, ағашты жоспар бойынша кесуге, ағаш матиралдарымен қамдауды қамтамасыздандыруға жауапты болуды бұйырды.

***

08.02.1945

Жияңжиешы Жушаулияңға телефон беріп, «Шыңжаңның қазіргі ауқымына қарағанда, Шиңхайдағы екі атты әскер дивизиясын Шыңжаңға көшіру орынды»- деді.

***

10.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №21 қаулы қабылдап, әскери керек-жарақпен қамдау мәселесін шешу үшін, аудандардан 1300 әскери ат алуды ұйғарды.

***

12.02.1945

Әлихан Төре гоминдаң үкіметінің Шиңхайдан атты әскер 5-корпусин Шыңжаңға жөткемекші болып отырған хабарын естіп, Шиңхай өлкелік үкіметтің төрағасы Мабуфаңға былай деп хат жазды:

«Сіз бізден шалғай тұрсаңыз да, Сіздің көмек беруіңізді үміт етеміз. Өйткені, біздің дініміз бір... Біз үкіметті қолымызға алған соң, мен Сізді ислам дінінің көсемі етіп көрсетемін».

***

13.02.1945

Фатей Юаневич Лескин бастаған партизандар қосыны орағытып өтіп, Сантай мен Утайдың аралығына барып, келесі күні Сантайдағы гоминдаң қарауылшы әскерлеріне шабуыл жасады. Осы кезде ШТР Уақыттық үкіметі жіберген атты әскерлер де Талқы асуындағы гоминдаңның қарауылшы әскерлеріне сұрапыл шабуыл жасады. 15-ақпан күні талқы асуын алды.

***

14.02.1945

Тасқорған партизандар қосынының жауаптысы Нұражы жергілікті қайраткерлерді, партизандарды шақырып жиын ашып, халқаралық жағдайды баяндады. ШТР Уақыттық үкіметінің күрес жүргізу жөніндегі үндеу хатын оқып берді. Соңында тәжірибе-сабақтарды қортындылай келіп, Оңтүстік Шыңжаңда қарулы күрес жүргізуге әзірленуді ұйғарды.

***

15.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі қаулы қабылдап, мыналарды ұйғарды:

1). Шаруаларға 1000 ат және 15000 пұт тұқымдық бидай қарыз беріліп, егіншілік өндірісі қалпына келтіріледі.

2). Сүзек ауыруы таралып отырғандықтан, Денсаулық сақтау меңгермесі ерекше комиссия құруы керек. Арнаулы қаражат ажыратып, аудан әкімдері мен болыстар, зәңгілер* көмусіз қалған өліктерді, мал жемтіктерін жинатып дизенпексиялатуы, көмдіруі тиіс. Құлжа ауданындағы жұғымды ауырулардың емханасының қаражатын молайту, және 50 төсек қосылсын.

3). Ең жоғарғы сот мекемесінде өлім жазасына кесуден сырт, үкім ету ұқығы болады. өлім жазасына үкім ету ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі бекіткеннен кейін барып атқарылады. Аудандарда аудандық сот біртіндеп құрылады.

--------------------------

Болыс, зәңгі* - қазақ руларының төмен дәрежелі ұйымының басшы атауы. ШТР Уақыттық үкіметі құрылғаннан кейін бұл түзімді қалпына келтіріп, оған ауданнан төменгі ұйымдарды басқартты.

***

18.02.1945

Сұмыл ауданында сібе ұлты бұқарасы ШТР Уақыттық үкіметінің үндеуіне үн қосып, 150 неше адамдық Сібе партизандар қосынын ұйымдастырды. Оған Бабанту Нара жауапты болды.

***

18-20.02.1945

18-ақпан күні Жушаулияң Петей Иванович Лескин партизандар қосынымен қиян-кескі соғысып жатқан Сантай әскери бөлімдеріне Жыңға шегіну бұйрығын берді. Олар көмектесу үшін келген Сантай әскери бөлімдеріне Жыңға шегіну бұйрығын берді. Олар көмектесу үшін Сантайдың шығысындағы Луансанзыге келген гоминдаң әскери бөлімін де сол күні түнде Дахиянзыға шегіндірді. Партизандар қосыны Сантайды басып алды. Осы кезде Хушыңяң Бұраталадағы әскери бөлімге Жыңға шегіну бұйрығын түсірді. Бұратала ауданының әкімі Шүйсұңтау мекеме қызметкерлері мен ханзу бұқарасынан бір бөлігін бастап, 20-ақпан күні түнде Шыңға шегінді.

19-ақпан күні Жияңжешы Құлжаға әскери көмек беру соғыс қимылының жеңіліске ұшырағаны жөнінде Жушаулияңға: «Литиежүн, Лиюишияң, Шиеифың міндетінен алынып, өз кіналарын қызмет көрсету арқылы жууға қалдырылсын!» -  деп телеграмма берді.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413