Сенбі, 23 Қараша 2024
Не көріп жүрсіз? 3506 2 пікір 24 Наурыз, 2023 сағат 14:39

Бас мүфти тиктоктағы имамдарға ескерту жасады

Әлеуметтік желіде халықтың сұрақтарына жауап беріп отыратын дін қызметкерлері туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты.

«Қазір тиктокта тікелей эфирде отыратын имамдар танымал. Кейде қиыс кетіп жатса бірін-бірі түзеп жатады. Осы ұстаздардың барлығын діни басқарма бақылай ма?» деп сұрады жүргізуші.

«Қазір білікті ұстаздарымыз, ғалымдарымыз көбейіп келеді. Кейде, иә, шатасып та жатады. Бірақ шариғатта бұл шатасуға болады деген сөз емес. Осыны ұмытпау керек. Діни басқарма әр кезде де мұны имамдарға, ұстаздарға ескертіп отырады. Байқаңыздар, асығыстық жасамаңыздар, білетін дүниені айтыңыздар. Білмейтін болса, кейінге қалдырып, анықтап барып айтыңыздар деп ескертіп отырамыз. Халыққа Аллаһтың Құранын қате айтсақ, ол Құдайдың аманатына қиянат қылғанымыз. Пайғамбар сүннетін де қате айтпау керек. Ең үлкен нәрсе – білмегеніңді «білмеймін, анықтап, кейін айтып берейін» деу», - деп айтты Наурызбай Тағанұлы.

«Біз діни басқармаға шақырып алып, насихат айтып жатырмыз. Немесе біздің наиб-мүфтилеріміз, уағыз-насихатқа жауапты азаматтар өңірлерге барған кезде қателескен дін қызметкерлері болса, жолығып, насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дін қызметкерлеріне айтарымыз – егер бір сұрақты білмесеңіз, қысылып, ұялып қате жауап бергеннен «білмеймін, кейін айтып берейін» деген абзал. Елді, жамағатты шатастыру – күнә. Ал имамдар бірін-бірі әлеуметтік желіде сынағаннан гөрі, қателікті ушықтырудан гөрі, алдын алып отырған дұрыс»,- деп түсіндірді Бас Мүфти.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

;t=4306s

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371