Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Ақмылтық 2718 10 пікір 30 Наурыз, 2023 сағат 13:12

Ант қабылдау ОСК-ның емес, Президенттің міндеті!

Құрметті Нұрлан Мәжитұлы!

Сіз бүгін орасан зор заң бұзушылықтарға жол бердіңіз!

Ант және ант қабылдау деген жай нәрсе емес. Мемлекеттік қызметкердің бірінші қадамы осы ант беруден басталады.

Өзіңіз жақсы білесіз, депутаттар беретін анттың мәтіні: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық Заңмен бекітілген.

Анттың аталған Конституциялық заңмен белгіленген мәтінін ешкімнің өзгертуге және бұрмалап айтуыға құқығы жоқ!

Егер, ант мәтінінің сөздері бұрмаланса, бұл аталған заңға қайшылық жасағандық болады.

Сіз сегізінші шақырылым депутаттары ант берген кезде екі үлкен қателік жасадыңыз.

Бірінші, депутаттардың антын қабылдау Сіздің құзыретіңізге кірмейді! Сіз Президенттің құқығын таптап, өз қызметіңізді асыра пайдаландыңыз.

Екінші, анттың мәтінін дұрыс айта алмаған депутаттардың да антын қабылдап, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық Заңының бұзылуына жол бердіңіз. Бұл жерде «түсіністікпен қарау» деген қазақы қағида жүрмейді...

Сіз осы екі мәселе бойынша сот алдында жауап беретін боласыз!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052