Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 3704 25 пікір 10 Сәуір, 2023 сағат 12:41

Қош бол, Ресей! Арма, Баку!

Бүгін Қазақстанға Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлаған еді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге ресми сапармен 2022 жылдың 24-тамызында барған болатын. Кездесуде екі ел президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланып, Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырған.

Әзірбайжан мен Қазақстанның достық қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде. Мұны бірнеше жыл бұрынғы Таулы Қарабақ үшін болған соғыстың нәтижесінен де анық аңғаруға болады.

Қазақстанның ресми билігі соғыс жағдайында белгілі бір позициясын көрсетпегінімен, қазақ қоғамы бауырлас елдің басым түсуі үшін болысқаны әмбеге аян. Сондай-ақ, Қазақстан билігі Қарабақты қирандылардан аршуға және онда мектеп салуға бейіл екенін айтқан-тұғын.

Тоқаевтың шақырумен болғалы жатқан кездесудің мемлекетіміз үшін маңызы зор. Өйткені Ресей Украина жеріне басып кіргенге шейін елімізден шығатын мұнай Еуропаға Каспий құбыр консорциумы (бұдан әрі – КҚК) арқылы жіберілетін. Ал КҚК Ресей жерін басып өтетін, оның үстіне акцияның көп бөлігіне де солтүстіктегі көршіміз иелік еткен. 1500 км-ге созылып жатқан мұнай құбырының өткізу мүмкіндігі жылына 67 млн тоннаны құраған. Дегенмен 2022 жылдың шілдесінде Ресей соты Қазақстан мұнайының 80 пайызын экспорттайтын КҚК жұмысын «экологиялық заң талаптарын бұзғаны» үшін 30 күнге тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл, әрине, қоғам арасында теріскейдегі теріс пиғылды көршіміздің елімізге көрсеткен бопсасы ретінде бағаланған.

Осыған қарап-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге сапарының мән-маңызын түсінікті деуге болады. Ендігі кездесуде де дүниежүзіне мұнай экспорттау мәселесі қаралатыны сөзсіз. Тіпті, мұнайды Каспий теңізімен Әзірбайжан арқылы экспорттау мәселесі көтеріледі деуге негіз бар.

Ресейлік БАҚ қазірден байбалам салып жатыр. Олардың айтуынша, Әзірбайжан Қазақстанға 2023 жылы Баку-Супса мұнай құбыры арқылы еліміздің 5 млн тонна мұнайын тасымалдауын және Қара теңіздің Грузияның жағалауын шайып жатқан бөлігі арқылы өткізуді ұсыныпты. Қазіргі таңда Әзірбайжан мұнайының барлығы Баку-Тблиси-Джейхан (бұдан әрі – БТД) арқылы экпортталады.

БТД – Каспий мұнайын Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Түркияның Джейхан портына тасымалдауға арналған құбыр. Ресейлік БАҚ-тың сөзінше, Қазақстан Ресейді айналып өтіп, мұнай экспортын ұлғайтуға тырысып жатыр және биыл 1,5 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр.

«Жындының сандырағы» расқа айналса, еліміз үшін Ресейді де, Ресей мен оларға достық қарым-қатынастағы елдерге салынатын санкциялардан айналып өтудің де бірден-бір жолы екені айтпаса да түсінікті.

Асылан Қуанышұлы

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584