Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3647 0 пікір 23 Сәуір, 2013 сағат 11:02

«МАЛАЯ ЛЕНИНА» ҚАНДАЙ КӨШЕ?

 

Алматыда не көп, жұрттың көбі біле бермейтін түсініксіз көше көп. Қаладағы көшелердің ұзын саны бір жарым мыңнан асады. Солардың мыңнан астамы әлі күнге кеңестік дәуірді еске салып тұрғандай. Бірер мысал.

Фурманов көшесімен Қажымұқан көшесіне дейін жетіп, шығыс жаққа қарай бұрылған жерде автобус жүргізушілері мен кондукторлары «Малая Ленина» аялдамасы деп хабарлап жатады. Ал бұл қандай көше, оның атауы әлі өзгерген жоқ па еді, деп сұрасаңыз, оны ешқайсысы білмейді. Бұл маңға жолымыз түспеген соң мұны біз де білмейді екенбіз. Содан сол маңда тұратын тұрғындардан сұрастыра келіп, бұл көшенің қазіргі атауы Сапар Байжанов атындағы көше екенін анықтадым.

 

Алматыда не көп, жұрттың көбі біле бермейтін түсініксіз көше көп. Қаладағы көшелердің ұзын саны бір жарым мыңнан асады. Солардың мыңнан астамы әлі күнге кеңестік дәуірді еске салып тұрғандай. Бірер мысал.

Фурманов көшесімен Қажымұқан көшесіне дейін жетіп, шығыс жаққа қарай бұрылған жерде автобус жүргізушілері мен кондукторлары «Малая Ленина» аялдамасы деп хабарлап жатады. Ал бұл қандай көше, оның атауы әлі өзгерген жоқ па еді, деп сұрасаңыз, оны ешқайсысы білмейді. Бұл маңға жолымыз түспеген соң мұны біз де білмейді екенбіз. Содан сол маңда тұратын тұрғындардан сұрастыра келіп, бұл көшенің қазіргі атауы Сапар Байжанов атындағы көше екенін анықтадым.

Сапар Байжанов - танымал журналист, қоғам қайраткері болғанын екі қазақтың бірі білетініне шүбә келтірмеймін. Ал ендеше аялдаманы неге «Сапар Байжанов» деп хабарламайтынына таңқаламын. Жүргізушілер мен кондукторлар келімсектерден болса бірсәрі, онда кінә таға алмайсың, өйткені оларға бәрібір ғой. Бірақ та жүргізушілер мен кондукторлардың көпшілігі дерлік өзіміздің қаракөздер болған соң ренжуге тура келеді. Осыны айтсаң: ой, аға, қойыңызшы басты қатырмай, бізге қалай айт, дейді, солай хабарлаймыз, деген уәж айтады. Демек, бір жағынан бұларға да кінә тағу қиын. Өйткені автобазадан шыққанда жол көрсеткішін сондағылар белгілеп жібереді екен.
Осындайда қалалық әкімдіктің осы салаға жауап беретін бастықтары, әсіресе ономастикаға жауап беретін қызметкерлері не қарап отыр деген ой келеді. Мүмкін олардың бәрі қызмет бабындағы көлікпен немесе өздерінің жекеменшік көлігімен жүретіндіктен мұндай «ұсақ-түйектерді» байқамайтын да шығар. Сондықтан ол азаматтардың тым болмаса аптасына бір рет қала көшелерін жаяу аралап, ондағы жәйттерге көз тастап, құлақ түріп жүргендері жөн болар еді-ау. Әйтпесе күні бойы кабинетте отыра бергенмен іс бітпейтіні бесенеден белгілі ғой.
Көлік демекші, қазір қала әкімдігінің басқарма бастықтарына дейін қызмет бабындағы көлікпен жүреді, ал ол көліктер кешке дейін қаңтарылып тұрады да қояды. Ал сол басқармалардың бастықтары таңертең жұмысқа келіп, кешке үйлеріне қайтқаннан басқа қай жерлерге барады екен?
Кезінде Президент Аппараты отырған, қазір Алматы қаласының әкімдігіне берілген ғимараттың жан-жағы неше түрлі машиналарға толып тұрады. Ал Президент Аппараты Астанаға көшкенге дейін мұндағы тәртіп басқаша болатын. Мысалы, Президент Аппаратының жетекшісі мен оның орынбасарынан басқалары қызмет бабында жеке көлікпен жүрмейтін. Олар зәуде бір жерге жиналысқа немесе басқа бір іс-шараларға бара қалса, кезекші машиналарды пайдаланатын. Ол машиналардың саны бес-алтаудан аспайтын.
Ал енді Рубинштейн көшесіне келейік. Сәтбаев көшесінен оңтүстікке қарай Малая Алматинка (тарихи атауы - Бекенбай) өзенінің бойымен өтетін Луганская көшесі бар. Сергей Луганский - алматылық, Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған даңқты жерлесіміз. Бір қызығы, осы Луганская көшесі өзеннің шығыс жағы да, ал батыс жағы Рубинштейн деп аталады. Біріншіден, бұл не деген жаңылтпаш екенін түсіну қиын, ал екіншіден Рубинштейн деген кім өзі?
Мен энциклопедияларды ақтарып, интернетке де кіріп көрдім. Рубинштейн деген композитор, ғалым, балет бишісі және т.б. лауазым иелерін кездестірдім. Олардың бәрі де революцияға дейін Петербургте тұрған, кейіннен біразы шет елдерге кеткендер екен. Солардың ішінде Қазақстанға ат басын тірегендері туралы дерек жоқ болып шықты, яғни бұл жайында еш жерде жазылмаған. Ал қазақстандықтардың ішінен көше атын иеленерліктей Рубинштейн деген белгілі есім ұшыраспады. Ендеше жергілікті жұртқа белгісіз Рубинштейн көшесі қашанғы қала бермек?
Қала іргесіндегі «Тау самалы» (бұрынғы Каменка) кентінде А.Гроза деген көше бар екен. Сұраған жандардың бәрі оның кім екенін білмейтін болып шықты.
Жалпы біздің қазақ ат қойғыш қой. Аялдамаға да ат қоя салатыны бар. Абай даңғылымен жүргенде Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Сайын көшелерінің арасында «Между домами» деген аялдаманы естігенімде не күлерімді, не жыларымды білмей дал болдым. Автобустың кондукторы солай деп хабарлап тұр. Бұған не деуге болады?


Ғазизбек ТӘШІМБАЙ,
Қазақстанның құрметті журналисі
Алматы

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621