Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алаң 2547 4 пікір 14 Сәуір, 2023 сағат 14:39

Украина сұраған ұшақтар: Пентагонның құпия құжаттары

Кеше Германия қорғаныс министрлігі Польша тарабының өтінішіне сай өздері сатып берген «МИК-29» ұшағының 5 данасын  Украинаға беруге келісімін бергенін мәлімдеді. Оның алдында Словакия Украинаға осы типті ұшақты беретінін мәлімдеген.

1990 жылы екі Германия қосылған кезде неміс үкіметі Кеңес одағынан қалған сол замандағы ең озық соғыс ұшағы саналатын МИК-29 ұшағының 24 данасына ие болған. 2003 жылы оның 22 данасын Польшаға сатып берген. Екі жақты келісім бойынша, егер Польша ол қаруларды үшінші тарапқа бермек болса, Германия тарабының рұқсатын алуы керек болған. Алдында да Германия Украинаға танк беру мәселесінде екіұдай болып, артынан келісімін берген еді.

«Еуропаның қауіпсіздігі үшін соғысып жүрміз», - деген Зеленский НАТО елдерін өздеріне F-16 соғыс ұшағын беруге үндеп келеді. Бірақ, мүше елдер соғыстың басқа бағытқа бет алып, шиеленісуінен сақтанып, әзірге тартынып тұр. Бірақ, Англия, Франция, Нидерланд беруге кетары емес екенін жасырмайды. Ағылшын әскерилері Украина ұшқыштарын тәрбиелеуге кірісіп те кетті.

Таяуда әлемжеліде жария болған «Американың құрия құжаттары» делінген материалда НАТО әскерінің Украинада жүргені, Пентагонның соғыс ұшағын бергені айтылған. Украина тарабы ол құжаттарды Ресейдің кезекті ойыны десе, Кремль тарабы Ақ үйді арандатып отыр деп айыптаған.

Кеше Американың заң орындары құпия құжаттарды жария етті деген күдікпен 21 жастағы Массачусетс штаты теңіз армиясы азаматтық бөлімінің ақпарат штабының мүшесі Jack Douglas Teixeira ұсталғанын мәлімдеді. Ол құпия құжаттар алғаш жарияланған «Discord» компютер ойыншылары тобының админы екен.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627