Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2441 7 пікір 14 Сәуір, 2023 сағат 14:49

Бізде сот деген бар ма өзі?..

Сіздер Президенттің құқығы тапталып жатқаны туралы араша түсіп жазған арызды қарамайтын сотты көріп пе едіңіз?!

Көрмесеңіз, көріңіз! Ондай сот біздің Қазақстанда бар екен!

Естеріңізде болса, Үстіміздегі жылдың 29 наурыз күні Мәжілістің VIII шақылым депутаттарының антын қабылдау салтында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қызметін асыра пайдаланып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық Заңдармен бекітілген құқығын шектеген бассыздығы үшін және Р. Қожасбаев бастаған бір топ депутаттың Конституциялық Заңдармен бекітілген анттың мәтінін бұрмалап айтқанын көре тұрып түзетуге әрекет етпеген әрекетсіздігі үшін, Н. Әбдіровке шара көру; сондай-ақ  «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық Заңы мен «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Конституциялық заңының талаптарына сақтай  отырып, 29 наурыздағы өткен ант беру салтын заңсыз деп танып, ҚАЙТА ӨТКІЗУ туралы шешім шығару жөнінде Жоғарғы Соттың төрағасы А.А. Мерғалиевтың атына арыз берген болатынмын (Көшірмесі қоса тіркелді).

Жоғарғы Сот 3 сәуір күні аталған арызымның (№6001-23-12/3ж-ФЛ-М-1855) тіркелгендігін хабарлады.

Орындаушы – КАЛМУРЗАЕВ ЕРКЕБУЛАН НАЛИБЕКОВИЧ деген жігіт екен.

Ең өкініштісі, Жоғарғы Сот Президенттің құқығы тапталып жатқаны туралы жазылған сол арызды дұрыстап оқымастан Орталық сайлау комиссиясына жолдай салған.

Жоғарғы Сот маған берген жауабында: «...арызда көрсетілген сұрақтарды қарау Жоғарғы Соттың құзырына кірмейтінін түсіндіреміз», - депті (Көшірмесі қоса тіркелді).

Өзіңіз білесіз, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 105 - бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталық референдум комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерді қарайды», -деп жазулы тұр.

Демек, біздің Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің бұл нормасын ілікке алып тұрған жоқ!

Сонда, жай қарапайым азамат емес, Президенттің құқығы тапталып жатқаны туралы арызды қарамайтын бұл қандай Жоғарғы сот?!

Бізде сот деген бар ма өзі?!

Ауыт Мұқибек,

«Ерен еңбегі үшін» медальінің және «Құрмет» орденінің иегері.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625