ҰҚК: «Күдебаев таудың арасымен елден қашқан»
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев «тауды кесіп, елден қашқан» деген болжам айтты ҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов.
«Жорамал бар, ол таумен кеткен болуы мүмкін. Жұмыс жалғасып жатыр. Түсінесіздер ғой, ол жерде тау жотасы 672 шақырым ғана. Оның өзі шыққан жерде, тауда, елді мекенде шаруашылығы бар. Негізінде, өткізуге көмектескендер де болуы мүмкін. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз», - деп түсіндірді Алдажұманов.
Ол Бас прокуратураның қашқын шенеуніктің үстінен қылмыстық іс ашқанын еске салды.
«Қандай ақпарат болса да, мен енді Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сіздерге бере алмаймын. Менің тобым жұмыс істеп жатыр, тергеу жүріп жатыр, тергеу бөлек, ішкі тергеуіміз бөлек. Қырғызстандық әріптестерімізден күтеміз – олар осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы жауапты, олар бізге әзірге ақпарат бере алмайды», - деді Ерлан Алдажұманов.
ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Сенат кулуарында Күдебаевқа көмектескендер болуы мүмкін екенін айтты.
Abai.kz