Жексенбі, 24 Қараша 2024
2616 3 пікір 20 Сәуір, 2023 сағат 16:31

Қырғыз шенеуніктеріне қырғыз тілін білуі міндет болды. Бізде ше?

Қырғызстан «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын қабылдады. Ол бойынша енді Қырғыз шенеуніктеріне мемлекеттік тілді (қырғыз тілін) білуі міндет болады, деп хабарлайды Mezgil.kz.

Нақтырақ айтсақ, «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасына сәйкес, Қырғызстан шенеуніктерінің мемлекетті тілді меңгеру деңгейі ортадан кем болмауы тиіс. Бұл туралы Жоғарғы Кеңес (Парламент) отырысында Мемлекеттік тіл жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиев айтты.

ЖК отырысында депутат Дастан Бекешев: «Мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктер енді қайтеді», - деп сұрады.

Оған: «Заң жобасының 5 бабыны сәйкес, мемлекеттік және муниципалды қызметкерлер қырғыз тілін білуі міндет. Бұл дегеніңіз, орыс тілділердің құқық шектеу емес. Аталған заң жобасының 10 бабында: «Мемлекеттік құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу керек», - деп жазылған. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда өзге тілдерде де жүргізуге болатыны көрсетілген», - деп жауап берді Осмоналиев.

Оның айтуынша, 2017 жылы Қырғыз үкіметі Қырғызстанның мемлекеттік қызметкерлеріне қырғыз тілін меңгеру көрсеткіші В1 деңгейінде болуы керек деп белгілеген.

Еске сала кетсек, Өзбекстан Республикасында мемлекеттік тіл туралы заң 1989 жылы 21 қазанда қабылданған болатын. 2021 жылы 26 маусымда билік ол заңға түзетулер енгізіп, қайта қабылдады

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588