Жексенбі, 24 Қараша 2024
1658 0 пікір 21 Сәуір, 2023 сағат 13:44

Алматыдағы 1116 ғимарат тектоникалық жарықтың үстіне салынған

Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты.

Спикердің сөзінше, Алматыда жылына 300-ге жуық жерасты дүмпулері болады. Жыл басынан бері 44 жер сілкінісі тіркелді. Оның үшеуі қала тұрғындарына сезілді. Мегаполисте 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан. Оның 754-і сейсмикалық төзімді, 362- сі сейсмикалық төзімді емес.
Айтуынша, тектоникалық процестердің белсенділігі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер етеді.
«Осыған байланысты 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1600-ден астам көпқабатты тұрғын үйлерді паспорттауға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді Асқар Әмрин Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VIII шақырылымының екінші сессиясында.
Бұған дейін Ерболат Досаев ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізілетіні туралы айтқан еді.

Сондай-ақ, ол кеше Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде Алматыда әр үйдің кіреберісіне жер сілкінісі кезінде эвакуацияланатын орынның картасы ілінетінін мәлімдеді.
Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты Нұрсәрсен Өзбеков Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты болжам айтқан.
Маманың сөзінше 2023 жылы Алматыда жеті балдан асатын жойқын жер сілкінісі болмайды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578