Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 4253 5 пікір 24 Сәуір, 2023 сағат 12:57

Құм мен түйенің мекені дегенге намыстандым!

Әскерде оқыс оқиғалар жиі кездесетін. Мүмкін, жас кезімдегі тарпан мінезімнен де шығар. Бірде казармада бір топ солдат теледидар көріп отырғанбыз. Бір кезде Қазақстанды, орманды Көкшетауды, әсем Бурабайды көрсетті. Қызғанды ма, әлде әдейі айтты ма, қасымдағы өнкийген бір орыс жігіті «Это – не Казахстан» дегені. «Почему так думаешь?» дедім оған, анау «Казахстан – это одни пески и верблюды, больше там ничего нет» деді елдің алдында қырсыға.

Намысым келіп, ашуланғаным сонша, орынымнан атып тұрып, белдігімді ағытып, темір жағымен әлгінің бетінен тартып жібердім. Тағы бірнеше рет құлаштай ұрғаным есімде. Көтерле берген ол ыңырана бетін басып, қайтадан отыра кетті. Білдіктің темірі құлағын жырып кетіпті. Командиріміз осы үшін маған қатаң сөгіс беріп, осылай енді қайталанса, сержанттықтан алып тастайтындығын ескертті. Дегенмен, командирдің сөгісінен бұрын, ана жігіттің еліміз туралы айтқан сөзін ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдім.

Ұрып жығып, соттала жаздадым.

Кеңес Одағының соңғы жылдарында, сонау 1988 жылдары Кавказдағы Арменияда қатты жер сілкінісі болғаны әлі есімізде. Сонда, Одақ құрамындағы барлық республикалар шет қалмай, шама – шарқы келгенше, көмектескен болатын. Ол кезде біз әлі жаспыз. Айтайын дегенім, сол бір қиын - қыстау күндерінде, түк болмағандай, армян жігіттері қалада гүл сатып жүретін. Бірде, солардың біреуінен, - сіздерде жер сілкініп, көптеген адамдар зардап шегіп жатыр. Ал, сіздер болсаңыздар, жайбырақат гүл сатып жүрсіздер, - деп айтқаным бар. Сонда, әлгі гүл сатып тұрған жігіттің, төбеден түскендей қылып, - жер сілкініп, қырылатын адам қырылып жатқан шығар, онда менің қақым қанша, - дегені. Ішімнен, - еліне жаны ашымайтын, мынау не деген эгоисттер, - деп ойладым. Әрине, армяндардың ішінде де жақсы адамдар кездесетін шығар. Дегенмен, осы елдің азаматшалары мен азаматтары, анау қасындағы әзірбайжан, грузин немесе балкар, құмықтар секілді азаматтық қасиеті жоғары емес – ау деп кейде ой түйесің. Өмірде маған жолыққан армяндардың ұрда – жық, даурықпа, өркөкрек болып келетінін үнемі көріп жүргенім.

Кезінде, әскерде жүргенімде де, осы армян жігіттерінің кесірінен сотталып кете жаздаған едім. Енді, сол оқиғаға келейік.

Бірде көрші ротадан екі қазақ жігіті іздеп келді. Олардың бөлімінде, менің ротама қарағанда, біраз қазақ бар еді. Көп арласпасам да, анда - санда көргенімде қай жақтан екенін сұрап жүретінмін. Әскерге жақында ғана келген жас сарбаздар екен. Маған айтқандары, - сондағы армян жігіттері бұларға күнде тиісіп, ойларына келгендерін істететін көрінеді. - Реті келгенде сөйлесермін,- дедім әлгілердің абыржығандарын басып. Кейін тағы бірнеше рет келді. Әлгі армяндармен сөйлеспекке нар тәуекел деп, бір күні казармаларына бардым. Қазақтардың айтқаны – Арекелян дегені бастайтын көрінеді. Сөйтіп бұларды жабылып ұратын секілді. Сан жағынан қазақтар аналардан көп болғанымен, жуас жігіттер екен.

Казармаларына келгенде, сондағы бір қазақ жігіті оны меңзеп көрсетті. Ол болса шалқасынан төсекте жатыр. Ірі жігіт екен. Қалғандары ар жағында домино ойнап отыр. Қасына кеп - Ей, ара (армянша «жігіт» деген сөз) я с тобой поговорить пришел,- дедім. Ол болса орнынан қозғалмай - Какой дурак тебя сержантом назначил?!, - дегені намысыма тие сөйлеп. Домино ойнап отырғандары өре түре келді. Анау орнынан қозғалмай әлі жатыр, маған не істей аласың дегендей түр көрсетіп. - Выходи один на один, - деп аяғынан теуіп жібердім. Ол орнынан атып турды. - Ты – трус, один сможешь выйти?,- дедім жабылып кетеме деп қауыптеніп.

Сендер тыныш тұрыңдар дегендей болды қасындағыларға өз тілінде сөйлеп. Сөйтті де айғайлап маған тұра жүгірді. Сілтеген жұдырығын тигізбей жалт бұрылып, ту сыртына шықтым. Қасымда тұрған табуреткамен бүйірінен ұрғанымды білем. Бері қарай бұрылған ол екі аттап, бүгіліп отыра кетті. Осыны пайдаланып тепкілей бастадым. Қарап тұрған жақтастары жабыла кетті. Нағыз қырғын енді басталды. Шамам келгенше аналармен сермесіп жатырмын. Бір мезгілде, - Ну- ка прекратите!, - деді біреу айғай сап. Қарасам, кезекші бөлім майоры кеп тұр. Айғай-шу сап басылды. Ареклян мықшиып әлі отыр. Жақтастарының бірнешеуі оны көтеріп, төсегіне жатқызды. Майор: - Қай жерің ауырып тұр?, - деді анаған. – Қабырғам,- деді анау ыңырсып. Медпунктен зембіл әкелуге бір солдатты жіберді де, - кім кінәлі,- дегендей бізге қарады. - Мынау кінәлі деп,- бәрі мені көрсетті. - Өз ротаңа бар, кейінірек сөйлесеміз, - деді маған жеки қарап. Казармадан шығып бара жатып алыстан қарап тұрған қазақ жігіттерін көрдім. Алаңдап ротаға келдім. Соттап, дисбатқа (дисциплинарный батальон) айдап жіберсе не істеймін деп ойладым.

Жарты сағаттан кейін әлгі майор және капитан Васильев бір- екі солдатпен маған келді. - Әкел погондарыңды, - деді майор ызғармен. Иығымдағы погондарымды жұлып алып, қолына бердім. - Мынаны штабқа алып барыңдар, - деді жанындағы солдаттарға. Аналар мені штабқа алып келді. - Сотталатын болдым-ау, - деп ойладым. Өңі қоңырқай полковникті анда-санда сыртынан көрүші едім. Қарсы алдымда сол тұр. Полк командирі екен. Әлгіндегі майор мен капитан Васильев те келді.

- Ал, сайра сарбазым,- деп полковник маған иек қақты. Болған жайтты қаз-қалпында айтып бердім. - Ана қазақтар сонда өздерін қорғай алмай ма?, - деп полковник ренжи сөйлеп. - Сенің кінәң – аналарды қорғаймын деп іздеп барғаның. Оларда да кінә бар. Төбелес ашпай, сөйлесуге болмай ма?, - . Біраз нәрсені анықтап сұраған соң мені - сыртта күт, - деп шығарып жіберді. Ойым он саққа жүгіріп, есік алдында біраз жүрдім. Аздан кейін кезекші солдат мені ішке шақырды. Полковниктің алдына қалтырап әрең келдім.

- Сен өзі мұндай төбелесті бірнеше рет қайталаған көрінесің. Берілген сөгістерін бар екен. Ананың қабырғасына ауыр зақым келтіріпсің. Осы ісің үшін әскери трибуналға беріп, соттатып жіберуге болар еді. Дегенмен осы жолы аналардың өздері кінәлі. Саған соңғы рет ескерту береміз, еліңе аман кеткің келсе, тыныш жүр. Пагондарын қайтарып бер - , деді капитанға қарап.
Қуанғанымнан казармаға жүгіріп келдім. Біраздан соң рота командирі пагондарымды әкеп берді. - Пагондарыңды тағып ал. Қайткенмен де сен жарадың, полковник сені батыл қазақ екен деп мақтады, - . Капитан осыны айтып жымиып күлді де - обьектідегі бөлімге кете бер , - деді артынан.

Сөйтіп әскерде жүргенімде, осы армяндардын кесірінен , сотталып кете жаздағаным бар.

 

Бейсенғазы Ұлықбек

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364