Экс-елші: Менің қазақ географиясы жайлы танымым жақсы!
![](https://abai.kz/content/uploads/2025/02/ke.png)
Батыс Қазақстандағы алма бағы мен жүзім алқабы АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Дэниел Розенблюмді неліктен қатты таңғалдырды? Ол АҚШ-қа оралған кезде қандай ұлттық тағамды сағынады? Бұл туралы дипломат «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасовтың «Born Bold. Travel Boldcast» авторлық подкастында кеңінен айтып берді.
Дэниел Розенблюм Қазақстанда еңбек еткен жылдары барлық өңірлерді аралаған. Тарихи және туристік жерлерді зерделеген дипломат Қазақстандағы туризмнің зор әлеуетін ерекше атап өтті. Ол подкаст барысында өз әсерлерімен және Қазақстандағы саяхат тәжірибесімен бөлісті.
«Менің қазақ географиясы жайлы танымым америкалықтан да жақсы», — деп атап өтті бұрынғы елші және Батыс Қазақстанға жасаған сапары туралы әңгімеледі.
«Мен Оралға іс-сапар барысында алма бағы мен жүзім алқабына барып, ұмытылмас әсер алдым. Бұл ерлі-зайыпты ғалым-зерттеушілерге тиесілі. Олар зерттеу жұмыстарымен айналысып, алма мен жүзімнің бірегей сұраптарын өсіреді. Олардың басты мақсаты — биологиялық әртүрлілікті сақтау. Бізді өнімнен дәм тату үшін баққа шақырып, ағаштан жаңа піскен жемістерді үзіп алдық. Оның дәмі ерекше болғаны соншалықты, сөзбен жеткізу қиын. Бұл азық-түлік дүкенінен табылатын барлық нәрседен де әлдеқайда дәмді. Бәлкім, мұны жол бойында фермерден жеміс сатып алумен салыстыруға болар. Бірақ мен бұл ерекше орынға қатты таңғалдым», - дейді Розенблюм.
Дипломат АҚШ-қа оралған соң, қазақтың «бесбармақ» тағамын сағынатынын да атап өтті.
Подкаст Қазақстанның туристік әлеуеті туралы көбірек білуге ұмтылатын және елге шетелдік меймандардың көзімен қарағысы келетіндер үшін пайдалы болмақ.
Толық шығарылымды Kazakhstan Travel YouTube арнасынан тамашалауға болады:
«Born Bold. Travel Boldcast» — Қазақстандағы туризм туралы ағылшын тіліндегі тұңғыш подкаст. Оның негізгі мақсаты — елдің туризмін ілгерілету, еліміздің дәстүрлері, мәдениеті және туристік бағыттары туралы тереңірек ақпарат беру.
Abai.kz