Сенбі, 23 Қараша 2024
1735 7 пікір 3 Мамыр, 2023 сағат 15:11

Дайрабаев: «Балаларым өз тірлігіне өздері жауап береді»

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев істі болған балалары үшін кешірім сұрамайтынын айтты.  

«Маған қоятын кінәңіз болса, соны айтыңыз, сол үшін кешірім сұраймын. Балалар өз тірлігіне өздері жауап береді. Айып етпеңіздер», - деді Ж. Дайрабаев.

Журналистер «Балаларыңызға нашар тәрбие бердіңіз бе?» деген сұрақ қойды.

«Оны уақыт көрсетеді, алдын ала сәуегейлік жасай алмаймын. Құқық қорғау органдары өздері шешеді. Соттың жұмысына мен араласа алмаймын», - деп жауап берді депутат.

Сөз соңында шетелде осындай жағдай болса, лауазымды тұлғалар отставкаға кететіні айтылып, Ж. Дайрабаевтың депутаттық мандатты неге тапсырмайтыны сұралды.

«Мен отставкаға кеткеннен гөрі қазақ халқына өздерің сияқты пайдам көп тиеді. Ауыл шаруашылығын дамытамыз», - деді ол.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Тараз қаласының соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарған екі күдіктінің Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары болып шыққан.

Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясы депутаты Жигули Дайрабаев мандатын тапсырмайтынын мәлімдеді.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Ж.Дайрабаевтың тұрғын үй және жер мәселесіне қатысты дауларға қатысы туралы ақпарат тарап, оған депутат бүгін жауап берді.

«Жалпы, кез келген адам құнды зат сатып алғанда жеті рет өлшеп барып шешім қабылдайды. Отбасыма деп сатып алған үй уақыт өткен соң заңсыз деп есептелгені кімге керек? Мұндай тәуекел ешкімге де қажет емес. Өздеріңізге осы бір сұрақты қойып көрсеңіз, бірден түсінесіздер деп ойлаймын. Нотариус арқылы жасалған келісімшартымыз заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған. Ақша талап етіп жүрген азаматты танымаймын да. Білуімше, ол – үй сатқан әйелдің бұрынғы жұбайы (ажырасқан). Ерлі-зайыптылардың арасына кірісетін адам емеспін. Ол азамат менің осы лауазымымды пайдаланып, бопсалау жолын таңдаған. Айта кетейін, мұндай әрекет бірінші рет емес. Осыдан біраз уақыт бұрын мені кінәлаған адам қаралағаны үшін соттың шешімімен жазаланып, айыппұл төлеген болатын. Бұл әрекетін тоқтатпаса қайтадан сотқа жүгінуіме тура келеді», - деп жазды депутат Меркедегі үйі туралы.

Ал, Кеңес ауылындағы жерге қатысты жағдайдың 20 жыл бұрын болғанын айтады.

«Жерге қатысты компанияның иелері – ағайынды Иембердиевтер (Ерлан мен Нұрлан Ергешбайұлдары). Олар қазір Қазақстанда. Шатаспасам, Алматыда тұрады. Жердің де, ақшаның да иесі осылар. Менің бұл іске ешқандай қатысым жоқ. Кезінде мен тек жалдамалы қызметкер болдым. Меркі ауданында 1 метр де жерім жоқ. Сондықтан да, ауылдағы наразы адамдардың арыздары жер иелері Иембердиевтерге жолдануы тиіс деп есептеймін. Ауыл тұрғындары мені негізсіз кінәламай, қайта көмегіме жүгінгені дұрыс еді. Әлі де кеш емес», - дейді Жигули Дайрабаев.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354