Сенбі, 23 Қараша 2024
1624 1 пікір 5 Мамыр, 2023 сағат 13:06

Қазақстан тұрғындары 30 млрд-тан астам теңгесін интернет алаяқтарға берген

Елімізде интернет-алаяқтық қылмыстары жиіледі. Биыл үш айдың қорытындысы бойынша бұл бағытта 10 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Ол – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға көп, деп хабарлайды ranking.kz порталы.

Жалпы, алаяқтық қылмыстарының жартысына жуығы интернетте жасалған. Атап айтқанда, 4,7 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылға қарағанда бұл – 4,2%-ға көп. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, «Алаяқтық» бабы бойынша 43,5 мың қылмыс тіркелді. Оның ішінде 20,6 мыңы – интернет-алаяқтық.

Әрбір 5 алаяқтық қылмыстың екеуі еліміздегі қос мегаполисте жасалған – Алматы (І тоқсанда 1 949 оқиға тіркелген) және Астанада (І тоқсанда 1 903 оқиға тіркелген). Сондай-ақ, бұл бағыттағы құқық бұзушылықтар өршіп тұрған өңірлер қатарында Қарағанды облысы (692 оқиға), Шымкент қаласы (640 оқиға) және Алматы облысы (517 оқиға) бар.

Жүргізілген зерттеу қорытындысына сәйкес, респонденттердің 55,8%-ы алаяқтар қуылығын асырмақ болғанын айтқан. Оның ішінде 34,2%-ы телефон алаяқтары болса, 32,7%-ы интернет арқылы жасалған.

Осылайша, биыл І тоқсанында «Алаяқтық» бабы бойынша тіркелген қылмыстардан келген залал 79,6 млрд теңге болды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Жалпы, былтыр жыл басынан соңына дейін келтірілген шығын сомасы – 110,8 млрд теңге.

Сонымен, алаяқтардың қулығына алданған қарапайым тұрғындардың залалы – 30,4 млрд теңге. Ал, келтірілген шығынның 48,8 млрд теңгесі – мемлекетке, 515,7 млн теңгесі – бизнеске тиесілі.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5348