Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4446 13 пікір 10 Мамыр, 2023 сағат 14:09

9 мамырды мереке деп санайтын қазақтар үшін...

1941 – 1945 жылдардағы Герман – Кеңес соғысында КСРО жағынан:

Қаза тапқандар – 43.3 млн.

Хабарсыз кеткендер – 5 млн.

Жараланғандар – 46.25 млн

Бас сүйегі талқандалып, тірі қайтқандар – 775 мың

Жалғыз көзбен қайтқандар – 155 мың

Соқыр боп қайтқандар – 54 мың

Бет-ауызы адам көргісіз болып қайтқандар – 501 342

Мойыны қисайып қайтқандар – 157 565

Омыртқасына зақым келгендер – 143 241

Жыныс мүшесі жұлынып қайтқандар – 28 648

Бір қолын беріп қайтқандар – 3 млн 147 мың

Екі қолын беріп қайтқандар – 1 млн 10 мың

Бір аяғын беріп қайтқандар – 3 млн 255 мың

Екі аяғын беріп қайтқандар – 1 млн 121 мың

Аяқ –қолдары ішінара жұлынып қайтқандар – 418 905

Мүлдем қол-аяқсыз қайтқандар («Самауыр») – 85 942

Неміс тұтқынына түскен кеңес жауынгерлерінің санын Германия 5 млн 270 мың деп көрсетсе, РФ Қарулы Күштері Бас штабы 4 млн 559 мың деп көрсетеді.

Соның арасында 11 373 жауынгерімен 1942 жылдың жазында Харьков түбінде талқандалған Шымкенттік 102-атқыштар дивизиясының жауынгерлері де бар...

Ал сіздер мереке дейсіздер...

Соғыстан мүгедек болып қайтқан солдаттардың кейінгі тағдырын оқысаңыздар, денеңіз түршігеді..

Мәскеу, Ленинград, Киев секілді бас қалалардың сәнін құртып, жұрттың көзіне күйік болмасын деп соғыс мүгедектерінің талайын Охот теңізіне баржалармен батырған, одан қалғандарын Ладога көлінің ортасындағы Валаам деген аралға апарып тастаған.

Өмір Шыныбекұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383