Сенбі, 23 Қараша 2024
3329 7 пікір 10 Мамыр, 2023 сағат 16:43

Украина: «ТМД елдері басшыларының Ресейдегі парадқа қатысуын дұшпандыққа балаймыз»

Украина ТМД елдері басшыларының 9 мамырда Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысуын «дұшпандық әрекетке» балады.

«Әскери шеруден бір түн бұрын Ресей Федерациясы Украинаны қиратып, адам өлімін көбейте түсу үшін 25 зымыран жіберді, оның ішінде 15-і Киевке түсті», - делінген хабарламада.

Украина ведомствосының мәлімдемесінде Орталық Азия мен Кавказ халықтарының 78 жыл бұрын нацизмді жеңуге баға жетпес үлес қосқаны айтылған.

Енді келіп олардың басшыларының Ресейдегі парадқа қатысуы «Украинаға деген дұшпандық, өз егемендігі мен өмірі үшін күресіп жатқан украин халқына деген құрметсіздік» деп бағалады.

9 мамырда Мәскеуде өткен әскери шеруге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Беларусь, Армения сияқты ТМД елдерінің жеті президенті қатысқан болатын.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383