Ресей мен Грузия арасында визасыз режим орнамақ
Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Грузияға қатысты бірқатар жарлықтар қабылдады. Бұйрықтар визасыз режим мен әуе қатынасына байланысты, деп хабарлады Arbat.media.
Ресейде 15 мамырдан бастап Грузия азаматтары үшін барлық визалық шектеулер алынып тасталды. Грузия азаматтары Ресейге 90 күнге дейін визасыз кіре алады.
Сонымен қатар, Путин 2019 жылдың 21 маусымынан бастап тыйым салынған әуе қатынасына рұқсат берді.
Бұған дейін бұл тыйымның себебі ретінде ресми Тбилисидің «руссофобиялық науқандары» мен Ресейге қатысты «салмақты саясат ұстанбауы» аталатын.
Abai.kz