Жануарларды қорғауға арналған митинг өтпек
Алматыда 14 мамырда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның орындалмауына қатысты әкімдікпен келісілген митинг өтеді. Бұл туралы «KARE-Забота» қоғамдық қорының өкілдері мәлім етті.
Митинг 14 мамыр күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы скверде өтеді деп жоспарлануда.
«KARE-Забота» ҚҚ мәліметінше, митингтің мақсаты:
- ҚР жергілікті атқарушы органдарының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын саботаждау және орындамауға қатысты қоғамдық пікір білдіру;
АЗВҚ (Аулау – Зарарсыздандыру – Вакцинация – Қайтару) бағдарламасының орындалмауы;
Негізгі себептер жойылмаса, жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, атап айтқанда үй жануарларын жауапсыз ұстау, өсіру;
НҚА бойынша ресми жұмыс;
Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың тиісінше орындалуын қоғамдық бақылау саласында өкілеттігін іске асыру үшін қоғамдық инспекторлардың жұмысына кедергі келтіру;
Жануарларға қатыгездік көрсету фактілеріне байланысты ІІМ тарапынан тиісті шаралардың болмауы;
Жануарлардың қауып алғаны туралы сенімсіз деректер, сондай-ақ, оқу орындарында, БАҚ-та, билборд, плакаттарда таныстыру бағдарламаларын ұйымдастыруды талап ету болып табылады.
«Митинг санкцияланған және Алматы қаласының әкімдігімен келісілген. Ұйымдастырушылар: «KARE - Забота» ҚҚ, Зоо-қоғамдастық альянсы, сондай-ақ еріктілер», - деп хабарлады «KARE-Забота» қоғамдық қорының өкілдері.
Айта кетейік, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі митингтің әкімдікпен келісілгенін растады.
Abai.kz