Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Бәрекелді! 3657 2 пікір 23 Мамыр, 2023 сағат 11:39

«Яссауи» вокалды тобы қайта құрылмақ...

Бұл жайында «Яссауи» вокалды тобының көркемдік жетекшісі, жыршы Елдос Еміл Qasqa Jol Youtube арнасында Абай Сейфуллаға берген сұхбатында мәлім етті.

«Халықтың рухани азыққа зәру екені белгілі. Сондықтан шамамыз келгенше баяғы хикметтерімізді қайта жаңғыртсақ дейміз. Басымызды қосып, қалпымызға келсек дейміз. Қайта жарыққа, сахнаға шығар-шықпасымыз уақыттың еншісіндегі мәселе. Бірақ өзіміз сол формада болғанды қалап тұрмыз. Топ мүшелерінің ықыласы ешуақытта да жойылмаған.Бұл тек хикмет айтып жүрген жеті жігіт емес, ол үлкен шығармашылық топ. Оранжировкасымен айланысатын, Даналық кітабындағы мәтіндерді қолданыстағы қазақ тіліне ыңғайлайтын адамдар. Олардың ешқайсысы ықыласынан қайтып қалған жоқ», - деп пікір білдірді Елдос Еділ.

Жыршының сөзінше, топтың жұмысын қайта бастауына ешқандай рұқсат қажет емес.

«Біз шығармашылық адамдары болғандықтан, бұл нәрселерді қайтадан жарыққа шығаруымызды әдептен тыс нәрсе деп білмейміз. Бұл тек халықтың рухани сұранысына байланысты. Егер халық сұрап жатса, шамамыз келгенше еңбегімізді сіңіреміз», - деп түсіндірді бұл мәселені Елдос Еміл.

2000-2010 жылдар аралығында республикалық, халықаралық деңгейде жұмыс істеген топ оның рухани жетекшілерінің тұтқындалып, қудаланғаннан кейін, кедергілерге тап болып, тарауға мәжбүр болған.

«Бізге бағыт бағдар-берген адамдарға кенеттен жала жабылып, абақтыға жабылып, халықтың арасында «Ақиқат» деген фильм шығарып, қаралау жұмыстары жүргізілгеннен кейін бізге де тоқтауға тура келді. Бірақ ізімізге түсіп алған жоқ. Өзіміз тоқтау қажеттігін түйсіндік», - деп атап өтті ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша көруге болады.

Abai.kz

2 пікір