Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3586 0 пікір 17 Мамыр, 2013 сағат 05:26

Қожағапанов деген «қожайын» Қозы мен Баянның аруағы жатқан жерді неге қозғады?

• 2013 жылы 21 ақпанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ономастика қызметі саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды. Бұл Заң барлық бағыттағы ономастика саласы үшін нақты бағыт-бағдар бере отырып, оның механизмін реттемек. Заң жобасын талқылау кезінде соңғы уақытта нысандарға белгісіз адамдардың аттары жиі беріліп кеткендігі айтылған болатын. Жаңа құжат бұған тосқауыл болмақ еді.

Алайда Шығыс Қазақстан облысында, оның ішінде Аягөз ауданында елбасы қол қойған құжат күресінге лақтырылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудан әкімі Мұхтарханов Әнуарбекке берген пәрменімен, иманы кәміл болғыр Қожағапанов Жұман марқұмның аты  Қозы Көрпеш - Баян сұлудың мүрделері жатқан жалпақ Қазақ үшін киелі мекенге берілмек болып, аудан дүрлігіп жатыр. Ондай жасырын пәрменді Сапарбаев кезінде Аягөз ауданының әкімі болған Н.Әзімбаевқа да беріпті. Бар болғаны болар-болмас МТС-тің директоры, ұсақ-түйек қой фермасына меңгеруші ғана болған, абыройы қатардан озбаған, есімін бүкіл ел түгіл, ауыл-үй әрең еске түсіретін жанға облыс әкімінің құныперен жанталасуында қандай сыр бар?

• 2013 жылы 21 ақпанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ономастика қызметі саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды. Бұл Заң барлық бағыттағы ономастика саласы үшін нақты бағыт-бағдар бере отырып, оның механизмін реттемек. Заң жобасын талқылау кезінде соңғы уақытта нысандарға белгісіз адамдардың аттары жиі беріліп кеткендігі айтылған болатын. Жаңа құжат бұған тосқауыл болмақ еді.

Алайда Шығыс Қазақстан облысында, оның ішінде Аягөз ауданында елбасы қол қойған құжат күресінге лақтырылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудан әкімі Мұхтарханов Әнуарбекке берген пәрменімен, иманы кәміл болғыр Қожағапанов Жұман марқұмның аты  Қозы Көрпеш - Баян сұлудың мүрделері жатқан жалпақ Қазақ үшін киелі мекенге берілмек болып, аудан дүрлігіп жатыр. Ондай жасырын пәрменді Сапарбаев кезінде Аягөз ауданының әкімі болған Н.Әзімбаевқа да беріпті. Бар болғаны болар-болмас МТС-тің директоры, ұсақ-түйек қой фермасына меңгеруші ғана болған, абыройы қатардан озбаған, есімін бүкіл ел түгіл, ауыл-үй әрең еске түсіретін жанға облыс әкімінің құныперен жанталасуында қандай сыр бар?

Ойға әртүрлі күдік оралады. «Әкесіне атау алудың қамымымен Тоқтархан (Қожағапанов Жұманның ұлы) тиесілі жеріне жұғым жүйткітіп жіберді ме екен? Әлде Тоқтарханның біздің әкіммен (Сапарбаевпен) арасындағы «бажалардың қимастығына» жол берілді ме екен? Не Тоқтархан біздің әкімді «Жаңақорғанда өз әкеңе ауыл атын бергенде, менің әкем тоқалдан туып па екен» деген қисынмен ұтты ма екен? Әлде біздің Тоқтархан Назарбаев және АҚШ президенті Билл Клинтонмен үшеуара сан мәрте табақтас болғанын, олардың өзінен ақыл сұрағанын айтып, Сапарбаевты састырып, ықтырып тастады ма екен?...» деген күдіктердің жетегіне еріп кете жаздайды екенсің. Алайда мұндай құқайларға бой алдыра қоятындай «Мәшбекұлы мәстек ойлы тексіз ұлық» деуге ауыз бармайды. Ал Тоқтарханның өтірікті судай сапырып, есіп-бөсіп жөнелгенде, алдына қара салмайтын «жүйріктігін» мен бала кезімнен білемін.

Қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің өкілі Саиф Сараи «өтірік - жарақат сияқты, жазылса да, орны қалады» деп, оның адам мінезінің мерез қасиеті, зиянды құбылыс екенін айтқан. Өтірік реципенттерді шатастыру мақсатымен нақты бір жағдайда жекелей немесе әлеуметтік артықтыққа ие болу ниетінен туындайды. Өтірікші мақсатына жету үшін, өзін-өзі мадақтап, шындықты саналы түрде бұрмалайды. Сөйтіп өтірікшілік тұлғаның сапалық көрсеткішіне айналады. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыда өтірік өтірікшінің әдісі болса, психопотологияда ол адамдарды алдап, шатастыру процесінен қанағаттанарлық сезімге бөленіп, көңілі толатын мифоман-психопаттың мақсаты болып көрініс береді. Тоқтархан Жұманұлын осы бір мерез әдеттен сақтандыруды азаматтық парызым деп білемін.

Тоқтарханның көп өтірігінің Тарлаулы ауылына қатысты бір парасына ғана тоқталайық. «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылдың 8 қыркүйегі күнгі санында жарияланған «Страна, Семья, История» атты мақалада: «...самой высшей наградой Токтархан Кожагапанов и его отец Жуман всегда считали добрую память людей. Именно поэтому Токтархан на свои деньги построил в родном селе Тансык под Аягозом сельский дом культуры. Подобного во всей округе нет - просторный, светлый...».

Ал анығында, аталмыш Мәдениет үйі 1963 жылы Тоқтарханның түбіт мұртты бозбала шағында, политехникалық институттың студенті болып жүргенде, шаруашылық әдіспен оның қатысынсыз салынған екен. 2003 жылы бұл нысанға жөндеу жұмысы жүргенде, ауданның сол кездегі басшыларының бірінің (атын атамауды өтінген) айтуына бақсақ, жұмыс бюджет қаражатына жүргізіліпті. Сонда Қожағапановтың қаржы жұмсағаны өтірік емей - не?

Жә, біз ол қаражатты індетпей-ақ қоялық. Енді Тоқтархан салыпты-мыс деген ауылдағы мешіт үйіне келейік. «Казправдада» жарияланған мақалада мынандай сөздер бар: «Когда открывали Дом культуры...старики, помнящие Токтархана еще мальчишкой, подошли благодарить за доброе дело. И самый старый аксакал сказал: вот бы кто еще из наших земляков сделал бы нам подарок - построил мечеть...».

Бұдан ары қарай «ұлы меценаттың» жан толқынысы «бұл өтініш» былай шарықтайды: «Слова эти запали Токтархану в душу. Когда вернулись в Алматы, он сказал жене - у нас еще остались деньги. Зачем они нам? Дети выросли, зарабатывают на жизнь сами, у нас все в доме есть, на жизнь много не надо. Давай мечеть старикам построим! Сказано - сделано. Через год в Тансыке поднялась мечеть».

Білмегендер алғашында: «Ғажап, жігіт-ақ екен, Атымтай-жомарт осындай-ақ болар!» десіп жатты. Бірақ істің мән-жәйі өзгеше болатын. Атап айтсақ, өткен ғасырдың елуінші жылдарында Таңсықта клуб үйі салынады. Тоқтарханның косметикалық сылап-сипау жасап, «жаңа мешіт тұрғыздым» деп жұмыр жерге жар салып, аспан астын азандатқаны - осы ғимарат. Бұл ғимаратты жөндеуге жалғыз Тоқтарханның емес, біраз жігіттің пұлы жұмсалғаны белгілі. Ал абыройды Тоқтархан қанжығаға жеке-дара байлап кетті.

«Тоқтархан өзіне өзі тағы қандай пиар табар екен?» деп жүргенімізде, іздегеніміз аяқ астынан орала кетті. Бұдан бес-алты жыл бұрын ЮНЕСКО-ның ұсынысымен, ішінде Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың некрополі бар, Қазақстандағы үш тарихи нысанға жол салынбақ еді. Бұл игілікті іске бастамашы елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев болды, ескерткішке жол салу осы идеядан туындап, бюджеттен қаражат та қаралды. Осы тұста Қожағапанов ине көзіне өз кендірін сәтімен сабақтады да жіберді. Мұндай ыңғайлы сәтте «дайын асқа - тік қасық» бола кетуде ол тым әбжіл-ақ. Остап Бендердің інісі ме деп қаласың!

Қазақ қоғамында әкенің алатын әлеуметтік орнына ерекше басымдылық беріледі. Әкені сыйлау, құрметтеу - отбасы этикасының императивті әлеуметтік нормаларына жатады. Адам өз әкесін жақсы көреді. Тоқтархан да адам. Ол да әкесін жақсы көруі керек. Бірақ ол адам ретінде тіпті табиғи мақұлық ретінде, ақыл негізінде бекітілген Заңдарға бағынуы тиіс. Тоқтархан өзіне тек мақсатқа жетудің құралы деп қарайтын болса, жалпы адамзаттық этиканың ережесіне сәйкеспей, күнәға батары анық.

Тоқтархан Әкені құрметтеудің жөн-жосығын безбендей алмай, оның аруағын тербетіп, мазасын кетіріп жүргенін түсінер емес. Әдетте өз ұлының қадірін, өз перзентінің қасиетін туған топырағы бірінші танып-білуші еді. Жұмақтың төрінде болғыр Жұман ағаның атына туған жері - Қарағандыда бір төбешіктің аты бұйырмағаны қалай? Әлде ұлының абыройы ол өңірде арқырап тұрмағаны ма? Айналдыра Қозы-Баянның мүрдесі жатқан киелі мекенді шиырлай беретіні несі? Әлде «туған жерге» жете алмай, «тойған жерді» қия алмай, жем-тұзаққа ілінген пұшайман ба еді?

P.S. Жұман ағамыздың аруағын шулату ойда жоқ. Ол үшін иманы кәміл болғыр ағаның рухы бізді емес, Пушкиннің саңылаусыз, қанағатсыз кемпір-кейіпкеріне барған сайын ұқсап бара жатқан ұлын кінәлайтын шығар. Өйткені Тоқтархан алақандай ауылда әкесі - Жұман Қожағапановтың аты берілген Мәдениет үйін, Жұман Қожағапановтың есімімен аталатын көшені, анасы - Қожағапан келіні Көшжан апаның атымен аталатын мешіт үйін місе тұтпай, енді ғасырдан-ғасырға озған тарихи атты барымталап, оны да әкесінің атымен атауға жан сала кіріскен әрекеті - мынау!

Сонда Таңсық ауылының көшесін де, Мәдениет үйін де, мешіт ғимаратын да, тіпті оның атын да бір өзі иеленетіндей Қожағапановтан өзге бұл ауылда ұл тумаған ба? Жұман Қожағапановтың өзі де Таңсықтың тумасы емес екенін еске алсақ, көңілге бұл өңір бұрын-соңды тұлғалы азаматқа толғақты болып көрмеген бе деген күдік еріксіз сығалайды.

Жоқ, тіпті олай емес. Таңсық топырағынан қалса қазаққа, озса әлемге танымал тұлғалар жаралған. Үш бірдей министрдің кіндігі осы ауылда кесілген. Ондаған ғылым докторлары түлеп ұшқан мекен. Медицина саласы бойынша ғалым ағаларымыз дүние жүзіне мәшһүр екі бірдей іргелі ғылыми-зерттеу институттарының ірге тасын қалады. Аудан, облыс басқарған көптеген таңсықтық азаматтардың қатары мол. Солардың бірде-бірінің есімін еншілеген бірде-бір көше жоқ.

Ендеше «МТС» меңгерушісі болған марқұмды асқақ аруақтардан артық қоюдың сыры неде? Бәлкім, бұл сауалымызға облыс әкімі жауап берер?

Амангелді
КЕРІМТАЕВ,

Шығыс Қазақстан Облысы
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 18 (194) от 16 мая 2013 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406