Қалталыларға қосымша салық енгізу қажет пе?
18.05.13
Қазақстандағы ауқатты адамдардың табысына қосымша салық салу туралы депутаттардың пікірлері әзірге қарама-қайшы. Халық қалаулыларының бір тобы осы арқылы мемлекет қазынасын толтыруға болатындығын айтса, енді біреулері дәл қазіргі таңда осындай шаралармен байларды үркітудің қажеті жоқ деп есептейді.
Жылына 200 мың доллардан кем емес табыс табатындарға қосымша салық салу туралы бастама көтерді Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков. Оның айтуынша, байлар жалпы кірісінің үштен бір бөлігін ортақ қазынаға құйғаны дұрыс. «Егер супербай болса, орташа күн көрістегі қазақстандық төлейтін салық оған түк емес. Сондықтан байларға бөлек салық енгізген жөн. Сол арқылы байлар Қазақстанның дамуына өз үлесін қоса алады», - деп мәлімдеді депутат.
Жалпы, ауқатты азаматтарға қосымша салық салу туралы бастама бұрын да көтерілгенін еске салады сенатор, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов. 2008 жылы Мемлекет басшысы Үкіметке сән-салтанат бұйымдарына қосымша салық салу мәселесін зерделеуге тапсырма берген. Одан кейін Қаржы министрлігінде бұл бағыттағы ресейлік тәжірибе зерттелуде екендігі айтылған.

«Қазір бюджетке салық аз түсіп жатыр. Сондықтан салық түсетін басқа да көздерді іздестіру қажет. Ал қалталы азаматтар өздерінің салықтарынан қосымша қаржы бөліп жатса, оның ешқандай кемшілігі жоқ», - деп есептейді депутат Әбдікәрімов. Оның айтуынша, «қазіргі саясаттың арқасында олар байыды, салықтары көбейді», бірақ
елде «тұрмыстары нашар азаматтар да көп». Сол себептен, байлар қосымша салық төлесе, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізер еді. Депутат қосымша салық түрі тұрмысы орта деңгейден жоғары «миллионерлер мен миллиардерлерге» салынуы керек екендігін атап көрсетеді. «Олардың табыстары өскен сайын салығы да жоғарылауы керек», - деп есептейді депутат.
Алайда Қазақстанда «ауқаттыларға артық салық салуға әлі ерте», - деген ойда Мәжіліс депутаты Серікбай Нұрғисаев. Ол байларға қосымша салық салу мәселесін көтермес бұрын анықтап алатын мәселелер жеткілікті екендігін алға тартады. «Біріншіден, мұндай салық түрі олардың айлық табысына ма, әлде жалпы дүние-мүлкіне салына ма? Екіншіден, Қазақстан нарық экономикасына кіргеніне жиырма жылдай уақыт болғанын ескерсек, осы уақыт аралығында орташадан жоғары, өте ауқаттылар бізде әлі көп қалыптаса қойған жоқ. Олардың саны орташа жалақыдан төмен алатын адамдар пайызына шаққанда аз», - дейді депутат. Сондықтан байларға қосымша салық салу тұрмысы нашарлардың мәселесін шеше қоймайды. Депутаттың мәліметіне қарағанда, статистика бойынша жасы 55-тен жоғары жұмыс істеп жүргендердің саны 10 пайыздан сәл асады. Сондықтан «қазіргі мақсат - ақшаны өз еліне салып, экономикаға құйып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ауқаттыларды ынталандыру болуы керек. Қазақстанда тапқан пайда қазақ жеріне, қазақ экономикасына жұмыс жасауы керек».
Ал олардың артық пайдаларына салық салынса, бұл «оларды шошытып, еңбек орындарын ашып, бизнесті дамыту қауқарын бұзады, ақшаларын шетелдерге әкетуге түрткі болады деп есептейді депутат.
Дегенмен байлардың артық табыстарына салық салу сыбайласқан жемқорлықпен күрестің бір тетігі деп қарастырады Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. Өйткені олар салық төлейтін кезде қымбат дүние-мүліктерінің қайдан келгенін көрсетуге мәжбүр. «Қымбат машиналар мен жылжымайтын мүліктер, яхталар мен ұшақтар, гауһар тастар мен алтын шоттардың иелері қосымша салық төлесе, бұл ақшалар бюджет арқылы тұрмысы нашар азаматтар-дың мұқтаждығын өтеуге мүмкіндік берер еді» деп есептейді депутат. Ол салық заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу арқылы қалталылардың салығын 30-40 пайызға дейін көтеруге болатындығын айтады.
Сән-салтанатты дүние-мүлікке салық салу тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде бар екендігін еске салады халық қалаулысы. Мәселен, Мексикада аса қымбат дүние-мүліктерге 5 пайыздық салық салынса, Үндістанда бұл - 5 пайыз. Ресейде биыл күзде сән-салтанат бұйымдарына қосымша салық салуды енгізу көзделген. Франция үкіметі кірісі 1,3 млн евродан асатын қалталыларға
75 пайызға дейін салық салуды ұсынған. Бірақ осыдан кейін көптеген миллионерлер француз азаматтығынан бас тарта бастады. Актер Жерар Депардье ресейлік төлқұжатқа ие болса, өздерінің тұратын елін ауыстырғысы келетіндігін актриса Моника Беллуччи мен экс-президент Николя Саркози де айтып үлгерген. Француздардың жартысынан артығы байларға 75 пайыздық салық салуды қолдағанымен, бұл бастама Конституциялық сот арқылы заңға қайшы деп табылған. Қазақстанда жақын келешекте қалталыларға қосымша салық салуға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілмейтіндігі туралы қаржы министрі мамыр айында мәлімдеген.
Айжан КӨШКЕНОВА
"Айқын" газеті