Сенбі, 23 Қараша 2024
АЭС құрылысы 2336 2 пікір 25 Мамыр, 2023 сағат 10:12

Қазақстан ядролық технология вендорын қалай таңдауда?

Қазақстан АЭС құрылысы бойынша іргелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Енді алда тұрған басты мақсаттың бірі – бізге ядролық технология жеткізушісін, яғни вендор компания таңдау.

Нарықтағы барлық ойыншылармен келіссөз жүргізілгеннен кейін, шорт-парақта 4 елдің атом компаниясы қалған болатын. Олар: Францияның мемлекеттік EDF компаниясы, Оңтүстік Кореяның мемлекеттік KHNP компаниясы, Қытайдың Ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC), Ресейдің мемлекеттік «Росатом» компаниясы.

Шорт-парақ анықталғаннан кейін еліміздің делегациясы 4 елдің атом компанияларымен тығыз кездесулер өткізе бастады.

KHNP, Корея

2023 жылдың ақпан айында корейлік KHNP компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Korea hydro & Nuclear Power Co Ltd. (KHNP) кореялық компаниясының делегациясын вице-президент Yongsoo KIM мырза бастап, олар Астанаға келді. Делегация Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовпен, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ернат Бердіғұловпен және «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикинмен кездесулер өткізді.

Тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың одан арғы перспективаларын талқылады. Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша жобаларды қаржыландыру және техникалық жұмыстарды бірлесіп ұйымдастыру мәселелері қаралды. Өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластықтар жасалды.

KHNP – 21 Атом блогына, сондай-ақ 37 су электр станциясына иелік ететін және басқаратын KEPCO-ның еншілес кәсіпорны. KHNP атом электр станциясының қуаты бойынша әлемде 3–ші орында және елдегі барлық электр энергиясының 30%-дан астамын жеткізеді. Компанияда 7600-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

EDF, Франция

2023 жылдың мамыр айында Франция Қазақстанмен атом саласындағы әріптестік бойынша келіссөздер жүргізді. Ол кездесуде француз жағы бізде атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің министр-делегат, Қазақстан – Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бехтпен кездесу қорытындысы бойынша хабарламада «Кездесу барысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту келешегі талқыланды. Француз тарапы Қазақстанда бірінші АЭС-ті салу жобасын жүзеге асыруда, сондай-ақ шағын модульдік реакторларды дамыту келешегін зерделеу бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді», - деп жазылды.

Тараптар жаңартылатын энергия көздерін дамыту, декарбонизациялау бойынша кешенді мақсаттарға қол жеткізу және Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылағаны атап өтілді.

Сондай-ақ министрлер Мирный қаласындағы 1 ГВт жел электр станциясы жобасындағы соңғы жетістіктерді, осы ынтымақтастықтың негізі болған 2023 жылғы 29 сәуірде Қазақстанның Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ және Total Eren компаниясы арасындағы келісімді құптады.

Росатом, Ресей

Росатомда өзінің нақты жұмысын таныстырудың керемет мүмкіндігі болды. Себебі, ол Түркияның Мерсин елді-мекенінде Аккую атом электр станциясын салып жатыр. 2022 жылдың тамыз айында алғашқы қазақстандық делегация Аккую құрылысына барып қайтты. Онда Akkuyu Nükleer AŞ компаниясының бас директоры Анастасия Зотеева Росатом салып жат0ан АЭС ерекшел3ктер3н баяндады.

«Аккую» АЭС – «сал – басқар – электр сат» схемасы бойынша жүзеге асырылатын әлемдегі алғашқы және жалғыз атом электр станциясы. Түркия мен Ресей үкіметаралық келісімге 2010 жылғы 12 мамырда қол қойған. Бірінші түрік АЭС жобасы жиынтық қуаты 4800 мегаватт ВВЭР-1200 реакторлары бар төрт энергия блогын қамтиды. АЭС-тің бірінші блогы 2023 жылы, Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай пайдалануға беріледі. АЭС электр энергиясын 60 жыл бойы өндіретін болады. Атом электр станциясы Түркияның электр энергиясына деген қажеттілігінің 10 пайызын қамтамасыз етеді деп жоспарлануда. Құрылысқа тоғыз мыңға жуық адам тартылады. АЭС пайдалануға берілгеннен кейін онда 3,5 мың адам жұмыс істейтін болады. АЭС тәулігіне 24 сағат және аптасына жеті күн электр энергиясын қоршаған ортаға зиян келтірмей үздіксіз өндірмек.

Қазақстан делегациясы бұл сапардан барлық сұрақтарына жауап алып, өзіне түртіп алды.

CNNC, Қытай

Вендор таңдау барысында СNNC Қазақстан тарапы өзіне жазбаша қойған барлық сұрақтарға жауап беріп, қажетті ақпарат берген болатын. Ал 2022 жылдың соңында Қытайдың Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) өкілдігі Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасына қатысуға мүдделі екенін растады. «CNNC сыртқы нарықты дамытуға ұмтылады және біз Қазақстандағы атом электр станцияларының құрылысына қатысуға дайынбыз» - деді, CNNC өкілдері.

Қараша айының соңында «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясының басшысы Тимур Жантикин егер Қытайдың CNNC компаниясы атом электр станциясы жобасына қатысу үшін таңдалса, өзіміз әзірлейтін ядролық отынмен жұмыс істеу мүмкіндігін хабарлады.

Осылайша төрт елмен де теңдей келіссөздер өтуде. Ақырғы шешімді Қазақстанның өзі қабылдайтын болады.

Ербол Азанбек

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353