Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2674 0 пікір 21 Мамыр, 2013 сағат 07:05

Дәурен Қуат. Қоғамның жатыры...

«Қыздың жасы - 18» демекші, Қазақстанда зейнеткер әйелдің жасы - 63 болғалы тұр. Марченконың мырыңдап жүріп Мәжіліс пен Сенатқа мақұлдатып алған заң жобасына (тегінде осы идеяны ұсынған адам алдымен Бас банкиріміз екенін ұмытпайық) Президент қолын шиырып кеп қойып, мөрін басса бітті, әңгіме тәмматул-тәмам. Ойымша Президент аталған заңға аса қарсы шықпайды. Олай деуімізге себеп - Марченконың «Қазақстан халқының ұзақ өмір сүре бастауына біз кінәлі емеспіз ғой» деген мүттәйім сөзі. Халықтың ұзақ өмір сүре бастауы - әлеуметтік тұрмыстың әрі кіріп, жақсарғаны, жұрттың құнарлы ішім-жемге мелдектеп, жүйкесін жұқартпай, жүрегін ауыртпай нұр-жарық дүниеде алшаң басып жүруі дейтін анықтамалықтарға саяды. Осының бәрін көлденең ұстай отырып әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін соза түсуді жақтайтындар Елбасымызды мынандай уәжге жығауы мүмкін: «Нурсултан Абшивич, енді қайтесіз, халықтың жағдайы жақсарып кетті. Сондықтан ұзақ жасайтындардың да саны артуда. Ал әйелдеріміз тіпті әлекедей жаланып тұр. Олардың кәсіби білігін, кемел тәжірибесін сарқа пайдаланбасақ обал-ды. Сенсеңіз, Нурсултан Абишевич, Сіздің арқаңызда қыз-келіншектеріміз жылдар өткен сайын құлпыра түсіп (осы арада бәрі жамырай күліп, әзілдесіп те алады. -Д.Қ.) зейнеткер әйел атанғылары келмей жүр. Жұмыс істейміз дейді. Істей береміз дейді.

«Қыздың жасы - 18» демекші, Қазақстанда зейнеткер әйелдің жасы - 63 болғалы тұр. Марченконың мырыңдап жүріп Мәжіліс пен Сенатқа мақұлдатып алған заң жобасына (тегінде осы идеяны ұсынған адам алдымен Бас банкиріміз екенін ұмытпайық) Президент қолын шиырып кеп қойып, мөрін басса бітті, әңгіме тәмматул-тәмам. Ойымша Президент аталған заңға аса қарсы шықпайды. Олай деуімізге себеп - Марченконың «Қазақстан халқының ұзақ өмір сүре бастауына біз кінәлі емеспіз ғой» деген мүттәйім сөзі. Халықтың ұзақ өмір сүре бастауы - әлеуметтік тұрмыстың әрі кіріп, жақсарғаны, жұрттың құнарлы ішім-жемге мелдектеп, жүйкесін жұқартпай, жүрегін ауыртпай нұр-жарық дүниеде алшаң басып жүруі дейтін анықтамалықтарға саяды. Осының бәрін көлденең ұстай отырып әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін соза түсуді жақтайтындар Елбасымызды мынандай уәжге жығауы мүмкін: «Нурсултан Абшивич, енді қайтесіз, халықтың жағдайы жақсарып кетті. Сондықтан ұзақ жасайтындардың да саны артуда. Ал әйелдеріміз тіпті әлекедей жаланып тұр. Олардың кәсіби білігін, кемел тәжірибесін сарқа пайдаланбасақ обал-ды. Сенсеңіз, Нурсултан Абишевич, Сіздің арқаңызда қыз-келіншектеріміз жылдар өткен сайын құлпыра түсіп (осы арада бәрі жамырай күліп, әзілдесіп те алады. -Д.Қ.) зейнеткер әйел атанғылары келмей жүр. Жұмыс істейміз дейді. Істей береміз дейді. Оның үстіне, Нурсултан Абивишевич, өзіңіз де бек жақсы білесіз, дамыған елдердің азаматтары зейнетке тым кеш шығады. Зейнет жасы - экономиканың ғана емес, мемлекеттегі бүкіл комфорттың кешенді көрінісі. Креативтіліктің белгісі».

Біз майын тамызып мақтауға олақтығымыздан оқсата алмай отырмыз, марченколар бұдан зорғысын айтып зорығып барып тоқтарына күмәнсізбін. Содан кейін.., иә, ең бастысы халықтың жайлы тұрмысқа, жақсы жағдайға жеткенін, зейнет жасының дамыған елдердегі  шегі 63-пен шектелмейтіндігін  жақсы білетін  Елбасымыз заңға құзірет береді.  Зейнет жасын ұлғайту да бәскеге қабілетті қоғам қалыптастырғанымыздың анық дәлелі. Ақыры екпінді елу елдің қатарынан орын алдың ба, ендеше, шегінерге жол жоқ, осылай істеу керек. Әйтпесе әйелдер қауымы зейнетке 65-70 жастарында ғана аяқ басатын Жапония сияқты елдермен иық теңестірдік деп қайтіп айтамыз? Әйелдердің зейнет жасын біржақты еткен соң шалбарының ышқыры айналған шалдарды сексенге секірте салу - горий-горийлерге шаруа емес. Горий-горийге, кешіріңіздер, Григорий Марченкоға тағы бір министрдің бетін шіріген жұмыртқамен  былғата салу бұйым болып па, тәйірі?.. Сірә, бұл билік өлара кезде шаңырақ көтерген, қызмет бастаған, тірлікке араласқан, тоқсаныншы жылдардың аштығын көрген, бар үмітінен айрылып, күйреп құласада қайтадан бас көтеріп тырбаңдаудан таймаған ұрпақты қаусатып, қартайтып, тауысып біткенше тынбауға бел байлаған сияқты.

Реформа, реформа, реформа. Социалистік тұрмысқа еңбек сіңірген әкелер мен жабайы нарыққа жалаңаш күйінде еніп кеткен балалар Қазақстанда  көкжиегі көрінбейтін реформалар мен эксперименттердің құрбаны болып жатыр. Әрине,  тоқсаныншы жылдары реформалар қай салаға да  керек еді, бірақ реформалардың тұрақтап, байырқалайтын уақыты болды емес пе? Реформалардың тұрақтамауы, нәтижеге ұласпауы біздегі әлеуметтік тұрақсыздықтың айқын айғағы. Билік сол тұрақсыздықты күшпен, үреймен, тапсырыстарды бұлжытпай орындайтын соттардың қатаң шешімдерімен, өз басын ғана қорғайтын заңдармен басып қалып отыр. Демек тұрақсыздық, қатерлі, қауіпті тұрақсыздық, биліктің ішінде. Ал, қалың бұқара әзірше көнуге, тістеніп алып төзуге ғана бар. 63 пе? Оғанда ләпбай! Аналарымыз сүлдерін сүйретседе жұмыстарына барып-келіп әйтеуір ілдебаймен күнелтер. Құдай ғұмыр берсе бейнетінің зейнетін де көре жатар. Бірақ белсеніп қызмет ету қабілетінен ептеп шектелген, қайткенде айдан айға аман-есен жетіп, еңбекақысын шай-пұлға жұмсауды ойлайтын әлсіз әйел баласы бүгінгі уақыттың тегеурініне, талабына, ғылым мен техниканың үздіксіз дамуына, қоғамдық ортадағы моральдің айнымалылығына шыдай ала ма? «Бұл заң біз сияқты қызметтегі әйелдерге арналған заң» деді  әлгі заң жобасы Парламентте талқыға түскенде депутат Светлана Жалмағамбетова. Дұрыс айтты.  Әйтседе қызметте, ұжым басқарып үйреніп қалған әйелдердің өзі зейнет жасының алпыстан асуын мақұлдай қояр  ма екен? Дауымыз кем, адам баласы қай жасында да отбасына, еліне пайдалы іс атқарып, еңбек еткені ләзім. «Сен зейнет жасындасың, енді қоғамға керегің шамалы, шалқаңнан түсте жат» дейтін шартты ешбір елдің заң-зәкөнінен кездестіре алмайсыз. Есесіне қайратты, жас кезінде жиған тергенін баянды қарттығының қызығына жұмсап, жер бетін шарлап жүрген туристерді, азаматтарын аялай білетін мемлекеттердің шал-кемпірлерін қайда барсаң да жолықтырасың. Олар заманында тер төгіп еңбек еткен жандар.  Енді міне, еңбектеріне орай қоғам тарапынан лайықты құрметке бөленіп, дүниенің рахатын кешіп жүр. Ауылдағы ауыр азаптан белі бір жазылмаған әке-шешеңді қамыға ойлап тұрып, адам үшін барша игіліктердің басын қосып қоғам жасай білген мемлекеттерге, сол мемлекеттерде туып-өскен елдің жасы үлкен кісілеріне қарап қызығасың. Біздікі қанау. Совет өкіметі адам еңбегін аяусыз қанап еді, соның жалғасы коррупция жайлаған Қазақстанда тіпті қағынып кетті.

Совет өкіметі десек, советтік өмір салтының қазақ әйелінің болмысын көп өзгерткенін, түбегейлі өзгертіп, тамырынан жұлып кетпесе де келбетіне біраз нұқсан келтіргенін еске түсіреміз. Қазір ше? Қазір қазақ қызы мынау деп қарагөзайымдарымызды танудан қалып барамыз. Шаштары мен қастарының сарала сатпақ болғаны, жүздерінің сілтіге түскендей сүлкиіп  «ағарғаны» былай тұрсын, ішкі әлемдерінің әлемтапырақтығы жаныңды түршіктіреді. Байлық үшін, бай үшін аярлықтың асқан түрін көрсетіп жүрген кім қазір? Қазақ қызы. Тоғышарлықтың, топастықтың шегіне жеткен кім қазір? Тағы да қазақ қызы. Аузын ашса, боқтық сөздің бораны соғатын нақұрыс, еркек не әйел екені белгісіз бейбақ кім қазір? Иә, қазақ қызы. Ала қап арқалап алжа-алжасы шығып қартайған, құшағының жылуын қара бақырға айрбастап діңкелеген кім, ойбай?! Қазақ әйелі, қырмызы күйіне жетпей күйіп үлгерген қазақ қызы. Құдай-ау, толып жатыр. Осының бәрі іштей азған, рухани құндылықтар мен ұлттық дәстүрді місе тұтпаған, өз тілінде сөйлеуге арланған, орыс мәдениетіне ессіз ылыққан  қазақ өкіметінің  «жемісі».  Бүгінгі билік, қазіргі қазақ өкіметі  қазақ әйелінің жанын әбден езгіге салды, аяусыз жаралады. Бұзды. Әйтпесе, бейкүнә қазақ қызы анасынан  ақша үшін, бір сәттік ләззат үшін етегін басына түріп тумаған шығар. Бұл арада қазақ әйелі тұтасымен азып-тозып бітті деген байлам айтып отырмағанымды ескертемін. «Қайран біздің аналар арды ойлаған» аман-сау ортамызда ғой. Етігінің басына қараған еркек кіндіктіден асып туған әпке-қарындасқа да кенде емеспіз.   Әйел-аналар білекті түріп тастап бүгінде  отбасының тірлігі мен ошақтағы оттың сөніп қалмауы үшін майданда жүр. Өмір майданында. Ол майдан ғазиз аналар мен ару қыздардың сорына қарай осы күндері мейілінше күрделене түскен сияқты.  63 жастағы зейнеткерлікті  қойшы,  денің сау, дертің жоқ болса, ортадан алапес шыққандай болмай ойнап-күліп еңбек етіп жүргенге не жетсін. Бәрінен сұмдығы, біз әйел жанын обалсынбайтын қоғамға айналып барамыз. Сол қорқынышты. Оқыған, қызметке іліккен қыздардың дені  қызметтің некелі жары болуға дайын. Гендерлік саясат, Қазақстанда өзге саясат тиянақ тапқандай, күн тәртібінен түсуден қалды. Бір сөзбен қайырғанда, Марченкосы бар, өзгесі бар қазақ қоғамына білгенін жасап, былықтырып бағуда. Мойындауға тура келеді, бар мәселе қоғамның жатырына байланысты. Жатыры бұзылған қоғамың түзелуі қиын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347